Дипломная работа: Айналым капиталының құрамы және оны экономикалық талдау


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Қаржы, Финансы, Қаржы
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
78

Жоспар

 

КІРІСПЕ. 3

 

I ТАРАУ  КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ МӘНІ МЕН  РОЛІ. 6

1.1        Кәсіпорын қызметінің табыстылығын ұлғайтудың тиімді әдісінің бірі – ол айналым капиталын қалыптастыру және басқару. 6

1.2     Кәсіпорынның айналым капиталының классификациясы. 20

1.3  Айналым  капиталының   қалыптасу   және    қаржыландыру   көздері 27

 

II ТАРАУ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ  ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ.. 36

2.1«Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымы.. 36

2.2 «Мерей-Әсем»   ЖШС-ң    айналым   капиталын  экономикалық талдау. 47

 

ІІІ ТАРАУ АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.. 53

ҚОРЫТЫНДЫ.. 74

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР. 77

 

I ТАРАУ  КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ МӘНІ МЕН  РОЛІ.

1.1        Кәсіпорын қызметінің табыстылығын ұлғайтудың тиімді әдісінің бірі – ол айналым капиталын қалыптастыру және басқару.

 

... Айналым капиталының құрамындағы маңызды қор айналымының құрамына дебиторлық қарыз және ақша қаражаты жатады. Олардың спецификалық түрлеріне, қозғалыс жылдамдығына, пайда болу заңдылығына қарай айналым қаражаттарының бұл түрлері нормаланатын айналым қаражаттары сияқты алдын ала есептелінбейді және есепке алынбайды. Бұл элементтерді басқару басқа әдістермен орындалады. Шаруашылық етуші субъектілердің осы құралдармен басқаруға мүмкіншіліктері бар және олар несиелеу және есеп айырысу жүйесі арқылы олардың көлеміне әсер ете алады.

 

Коммерциялық есеппен жұмыс істеуші кәсіпорындар дебиторлық қарыздың мөлшерін қысқартуға құштар, өйткені бұл айналым қаражаттарының айналым саласындағы айналымдылығын тездетеді, демек айналым капиталын тиімді пайдаланады. Мысалы, тауарлар операциясы бойынша дебиторлық қарыздың көлемін азайту арқылы, шартпен келісілген тауарларды жеткізу жоспарын орындау көрсеткішін, пайда туралы жоспарды және рентабельдікті жақсартады. Айналым қаражаттарын басқадай есеп айырысуда қысқарту арқылы, оларды толығырақ мақсатпен пайдалануға мүмкіндік тудырады, өйткені олар бұл ретте өндіріс саласынан шығып кетпейді. Соныменен, әрбір кәсіпорынның мақсаты, айналым саласындағы айналым қаражаттарының көлемін барынша қысқартуға барлық резервтерді пайдалану. Бұл резервтерге кәсіпорындар арасында тура шаруашылық байланысты дамыту, шарттық тәртіпті қатайту және ондағы міндеттемелерді орындау, прогрессивті есеп айырысу түрін қолдану практикасын кеңейту жатады.

 

Кәсіпорындардың дебиторлық қарызын тиімді басқару мақсатымен дебиторлық қарызды басқару саясаты жасалынып және орындалуы керек. Дебиторлық қарызды басқару саясаты – кәсіпорынның айналым активтері мен маркетингтік жалпы саясатының бір бөлігі болып есептелінеді, сондықтан сатылатын өнімдер көлемін көбейтуге, қарыздың жалпы мөлшерін оңтайлану арқылы өз уақытында төлемді қамтамасыз етуді қажет етеді.

 

II ТАРАУ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ  ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

2.2 «Мерей-Әсем»   ЖШС-ң    айналым   капиталын  экономикалық талдау

 

... Қосалқы жұмысшылардың еңбекақысынан әлеуметтік сақтандыруға бөлуі:

           (535,3 - 53,5) * 21% = 101,2 мың теңге

Барлығы: 535,3 + 101,2 + 53,5 = 690,0 мың теңге

2.5.     Жабдықтардың жұмыс істеуі.

Қосалқы материалдарға кеткен жалпы шығындардың 10% , осы         бөлімнің шығындары құрайды:

1860480 * 10% = 186048 мың теңге

2.6.     Өндірістік жабдықтар мен көлік құралдарының амортизациясы.

Өндірістік жабдықтардың амортизациясы.

Са.об. = Цоб (а.об./100)

мұнда,   Цоб. = 25000 мың теңге.

аоб. – амортизация нормасы: аоб. = 11%.

Са.об. = 25000 * (11/100) = 2750 мың теңге.

Көлік құралдарының амортизациясы.

Са.тр. = Цтр (а.тр./100)

мұнда,    Цтр. = 4700 теңге.

атр. – амортизация нормасы: атр. = 20%.

Са.тр. = 4700 * (20/100) = 940 мың теңге.

Барлығы: Са.об.тр. = 2750 + 940 = 3690 мың теңге.

2.7. Тез тозатын құралдарды қалыптастыру мен қалпына келтірудегі шығындар.

Есептен жылына бір қосалқы жұмысшыға 2400 теңге қабылданады.

Св.изн. = 36 * 2400 = 86,4 мың теңге.

2.8.  Басқа да шығындар: 

6 – 11 бөлімдердегі шығындардың тең 5% соммасы қабылданады

Спр.з. = 211187,9 * 5% = 10559,4 мың теңге

2.9. Шикізаттың артуымен қатар сатып алынған шикізатқа шығындардың көлемі де артады

Кәсіпорын  бойынша шығындардың барлығы:

Зоб = Зпр + Зс

Зоб = 6804645,5 + 218484 = 7023 129,5 мың теңге

3.     Пайда.

Пр = Тп - Зоб

Пр = 13542 720,8 – 7023 129,5 = 6519591,3 мың теңге ...

 

 

ІІІ ТАРАУ АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

... Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын атайды. Кәсіпорындарындағы айналым капиталының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражатының оқшауланғаның, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.

 

Кәсіпорындарда айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.

 

Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым қаржыларын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау және олардың құрамы мен құрылымын, қалыптастырудың көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т.б.

 

Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын аспаптар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.

 

Өндірістің нәтижелілігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеген кезде кәсіпорындардың өндіріс процесінің маңызды заттық элементі болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн. ...