Курсовая работа: Туризм саласындағы бәсекелестік және Робинзон фирмасының стратегиясы курстық


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Маркетинг
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
45

МАЗМҰНЫ

 

СӨЗДІК. 3

 

КІРІСПЕ. 5

 

І -ТАРАУ ТУРИЗМ  САЛАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК  ЖӘНЕ  БӘСЕКЕЛЕСТІК  СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ  НЕГІЗДЕРІ 6

1.1 Экономика  саласы  ретіндегі туризмнің  мәні және ерекшеліктері 6

1.2 Туристік  фирмалардың  бәсекелестікке  қажеттілігі  және  оны  ажырататын факторлар. 8

1.3 Бәсекелестік  жағдайындағы фирма стратегиясының  түрлері 12

 

ІІ-ТАРАУ. «РОБИНЗОН» ТУРИСТІК ФИРМАСЫНЫҢ  ҚАЗІРГІ  ДАМУ  ЖАҒДАЙЫ  ЖӘНЕ  БАСҚАРУ  ДЕҢГЕЙІ 14

2.1  Туристік  фирманың  жалпы  сипаттамасы.. 14

2.2 Туристік  фирманы  ұйымдастыру  және  басқару құрылымдарын  талдау. Туризмді ұйымдастыру   формалары   мен  негізгі  категорриялары. 19

2.3   Туристік  фирманың  ұсынатын қызмет ассортиментінің  ерекшеліктері 21

 

ІІІ -ТАРАУ ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ  БӘСЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ  ДАМУ  ЖОЛДАРЫ.. 29

3.1. Стратегиялық  шешімдерді  қабылдау  әдістерін  жетілдіруі 29

3.2. Бәсекелестік стратегияны іске асыруға  бағытталған  ұйымдық  құрылымды  қалыптастыру. 33

3.3 Туристік қызметтердің бәсекелестігін көтерудің ұйымдық-экономикалық   механизмдері 35

ҚОРЫТЫНДЫ.. 39

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ 44

 

І -ТАРАУ ТУРИЗМ  САЛАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК  ЖӘНЕ  БӘСЕКЕЛЕСТІК  СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ  НЕГІЗДЕРІ

1.2 Туристік  фирмалардың  бәсекелестікке  қажеттілігі  және  оны  ажырататын факторлар

 

 

... Кез  келген саланың  құраушы  бөліктері  мен  құрамдас  бөлшектері  арасында  бәскелестік  туындайды.  Бұл  экономикамыздың  дамуының  басты  шарты  болып  келеді,  себебі, бәсекелестік  бар болған  жағдайда тауар мен  қызмет  көрсетудің  сапасы да , бағасы  да  тиімді  болмақ.  Бұл  ретте  бәсекелестік  құраудағы негізгі  факторлар әр  түрлі  болып  келеді.  Әрине, ол ең  алдымен  кәсіпорынның   өнімінен  басталып, ары  қарай  технологиялар  дамыған  сайын,  халықтың  сұранысы мен тұтынушының қоятын  талаптары  жоғарылаған  сайын  жалғасып  жатады.  Осыған  орай  біз  туризмнің ұйымдық нысандары мен түрлерін  қарастыруды  жөн  көрдік.

 

Халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық нысандары болып танылады.

Халықаралық туризмге біз  келесілерді  жатқызамыз:

  • келу туризмі - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Респубпикасы шегіндегі саяхаты;
  • шығу туризмі — Қазақстан Республикасының азаматтары Республикасында тұрақты тұратын  адамдардың  саяхаты;

 

Ал ішкі туризм дегеніміз — Қазақстан Ресубликасының  азаматтары мен оның  аумағында  тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Ресубликасының шегіндегі саяхаты аталады. Сонымен қатар турфирмалардың бәсекелестіктетерінде айтарлықтай  маңызды  рөл  ойнайтын  туризмнің келесі  түрлері  белгілі: ...

 

ІІ-ТАРАУ. «РОБИНЗОН» ТУРИСТІК ФИРМАСЫНЫҢ  ҚАЗІРГІ  ДАМУ  ЖАҒДАЙЫ  ЖӘНЕ  БАСҚАРУ  ДЕҢГЕЙІ

2.3   Туристік  фирманың  ұсынатын қызмет ассортиментінің  ерекшеліктері

 

... ТМД елдері  шеңберінде туристік тасымалдауды ұйымдастыру ТМД  қатысушы – мемлекеттердің  парламентаралық  ассамблеясының 1994 ж. 19 қарашадағы  «Туризм саласында ТМД мемлекеттерінің әрекеттесуінің негізгі ұстанымдары туралы» қаулысымен реттеледі. Мысалы, Ресей мен Укранина арасындағы тұрақты тасымалдаулар 1995 жылы 9 маусымда қол қойылған үкіметаралық «Украина республикасымен халықаралық  автомобильді қатнас жасау туралы» келісіммен реттеледі.

 

1982 жылы 26 мамырда Дублин қаласында қабылданған жолаушыларды автобустармен тұрақсыз халықаралық тасымалдау туралы Европалық келісім-шартқа сәйкес Батыс және Шығыс Европа елдерінде  жолаушыларды тұрақсыз халықаралық тасымалдау үшін  автобус ішінде бақылау құжаты пайдаланылады. Осыған орай  Ресейдің Көлік министрлігі  07.02.97 ж. №ЛШ –6/60 «Ресей мен Бельгия, Германия, Голландия, Испания, Польша, Словения, Чехия және Югославия европалық мемлекеттері арасында автобустывқ тұрақсыз халықаралық жолаушылар қатнасын жасауда Унификацияланған жолаушы парақ кешенін (номері бар бақылау құжаты) қолдану туралы»  шешім қабылдады.

Атаулы  құжатты  пайдаланудың  жалпы  ережелеріне   сәйкес АСОР сәйкес орындалатын барлық  халықаралық  тасымалдауларда  жолаушы парақ кешені  үшінші тұлғаларға берілмейді және тасыалдаушы парақтың дұрыс толтырылуына жауапты болады (олар бас әріппен және өшірілмейтьін сиямен толтырылады). Атаулыпарақ  тексеоуге өкілетті тұлғалардың сұрауы бойынша көрсетілуі тиіс.  кешенде  АСОР қатысушы мемлекетерінің мемлекеттік  тілдерінде толтырылған  бас беттің мәтінін қамтушы  парақ болуы тиіс. ...

 

ІІІ -ТАРАУ ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ  БӘСЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ  ДАМУ  ЖОЛДАРЫ

3.3 Туристік қызметтердің бәсекелестігін көтерудің ұйымдық-экономикалық   механизмдері

 

... Негізгі темір жол тасымалдаушысы "Қазақстан теміржолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 14 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды. Қазақстанның темір жолдарымен транзитпен Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің, Тәжікстанның және Түркіменстанның жолаушылар пайыздары өтеді.

 

Келешекте экологиялық жағынан-таза қоғамдық туристік көлікті дамытуға назар аудару қажет.

 

Орналастыру құралы. Туристік бизнесті шектеуші елеулі факторлардың бірі туризм индустриясы материалдық базасының мүмкіндіктерінің төмендігі болып табылады. Қазіргі уақытта, республиканың қонақ үйлерінде, турбазаларында, кемпингтерінде және басқа орналастыру объектілеріндегі сыйымдылық жүктеменің 35%-ын құрайды. Сондай-ақ елдегі қонақ үйлердің саны 1997 жылмен салыстырғанда, 40%, ал бір жолғы көрует-орынға сыйымдылық тиісінше 30%-ға төмендеді.

 

Соңғы бес жылда 605 қонақ үй жабылды, 1999 жылы республикада 205  қонақ үй жұмыс істеді, немір қоры небәрі 15%-ға ғана толтырылды. Облыс орталықтарында шетелдік келушілерге сапасыз туристік өнім  берудің  басты себебі тиісті сыныптағы қонақ үйлердің болмауы, ал қолдағы бар қонақ үй базасы 80 пайызға ескірген, қонақ үйлердің бір бөлігінің жай-күйі мүлде нашар және банкроттық жағдайда тұр, себебі олар 60-шы жылдары салынған.

 

Талдау көрсеткеніндей, туристік сыныптағы қонақ үйлердің (2-3 жұлдызды немесе шағын және орташа мейманханалар) рентабельділігі неғұрлым жоғары Кадрлармен қамтамасыз ету. Туризм дамуындағы түйінді мәселенің бірі туристік кадрлар даярлау болып табылады. Қазіргі уақытта, Қазақстандағы мемлекеттік, жеке және ресейлік филиалдарды қосқанда, туризм менеджерлерін даярлайтын 28 жоғары оқу орны бар. Қазақстанда мұндай кадрлар даярлаудың негізі 1992 жылы қаланғандығына қарамастан, туристік саланы  мамандармен қамтамасыз ету әлі күнге дейін қанағаттанғысыз жағдайда қалып отыр. Көптеген жоғары оқу орындарында мұның басты себебі Қазақстандағы туристік әлеует туралы оқытушылар құрамының білім және туристік саладағы жұмыс тәжірибесі, деңгейінің жеткіліксіздігі болып отыр. Соның нәтижесінде, мамандарды даярлау отандық туристік-рекреациялық ресур-старды ұстау, туристерді қабылдау үшін оларды пайдалану технологиялары мен ықтимал клиенттер арасында туристік қызмет көрсетулерді атаулы жар-намалаудың әдістемесі жеткілікті түрде ескөрусіз жүргізілуде. Сондықтан, жоғары оқу орындары түлектерінің едәуір бөлігінің туроператорлық қызметті толық атқаруға шамасы жетпейді ...