Дипломная работа: Ж.Нәжімеденов поэзиясындағы туған жер тақырыбы


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Филология
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
46

МАЗМҰНЫ

 Кіріспе. 3

1-тарау. Ж.Нәжімеденовтің туған жер тақырыбындағы поэзиясы.. 8

2-тарау.  Ақынның философиялық лирикасы.. 16

3 тарау.  Ж.Нәжімеденов поэзиясындағы соғыс тақырыбы.. 32

Қорытынды.. 45

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 47

 

1-тарау. Ж.Нәжімеденовтің туған жер тақырыбындағы поэзиясы

... Келтірілген өлең жолдарындағы түнді құйрықты жұлдызға балау Ф.Оңғарсыновада ғана кездесетін ауыстырулар.

 

Ж.Нәжімеденов лирикасына тән ерекшелік табиғат туралы өлеңдерінде адам өмірімен астастыра егіздей суреттеу кең көрініс табады:

 

                       Көгіс тартып тұр безеріп қыр үсті,

 

                       Қоя аурудан айықпаған баладай.

 

                       Кәрі шыңдар бір-біріне су ысты,

 

                       Бір суық леп кезіп жүрді жағадай –

 

Деп кәрі шыңдарды жанды бейне ретінде суреттейді. Осындай кейіптеулер Нәжімеденов поэзиясының өн бойында желі тартып жатыр:

 

                       Тау әжімі терең тартып барады,

 

                       Бір қаталдық тұрды жұртқа білінбей.

 

                       Сайдың бетін жеңіл мұнар табады,

 

                       Жеңіл мұнар жасыл көлдің түбіндей –

 

Қатпар-қатпар тауларды бетін әжім басқан кәрі адамға теңеген кейіптеулер үлкен мән мағына дарытқан.

 

Ж.Нәжімеденовтің табиғат туралы өлеңдерінің көбісі мұңды, лирикалық кейіпкердің ішкі сезімімен тереңінен астасып жатады. Ал, Ф.Оңғарсынова лирикасы сыршылдығымен, сезімтал-сергектігімен ерекшеленеді.

 

«Сөз өнеріне бет бұрған қаламгердің негізгі міндеті өзінен бұрынғы саңлақ шеберлерден үйрене отырып, оларға ұқсамайтын даралыққа қол жеткізу болса керек» деген зерттеуші Ж.Мәмбетов пікіріне қосыла отырып көркемдік тәсілдердің әр ақын тілінде қолдану ерекшелігі – сол ақынның стилін танытатын бірден-бір сипат екенін қайталай айтқан жөн. ...

 

3 тарау.  Ж.Нәжімеденов поэзиясындағы соғыс тақырыбы

 

... Ақынның қасірет пен  қайсарлықтың  жырлары  деп  атаған  «Қанды  сүт»  поэмасы да соғыс тақырыбына  жазылған  шығарма.  Партизандардың  тұрақ-мекенін жасырған әйелді немістер  атып кетеді.  Артында  екі  бірдей  баласы  қалады. Олар өлген шешелерінің емшегінен шыққан қанды сүтті еміп  жатқан  жерінен бір шал тауып алып кетеді, асырап  жеткізеді.  Небір  қиындықтарды  басынан кеше жүріп оларды кісі қатарына қосады. Тіпті екі  баланың  өмірін  сақтап қалу үшін қарт немістерге жұмысқа тұрады.  Әрине,  қарттың  бұл  қарекеті еліне жасаған сатқындық, қастандық емес, керісінше, оның  болашағын ойлағандық болатын. Сұм соғысқа лағынет сөзін айта келіп,  ақын поэманы былайша аяқтайды:

 

Мылтық,  бомба...  ұмыттым  мен  дәл  оны,

Сен  де  ұмыт  адамзаттың  әлемі.

 

                     Бірақ  еске  салар  оны  там-тұмдап

 

                     Жүрген  жандар  таяқ  ұстап  қалтылдап.

 

                     Жеңдік  қой  біз,  сақтадық  қой  елді  аман,

 

                     Сол  кез  қазір  секілді  әсте   болмаған.

 

                     Дала  жасыл,  қып-қызыл  боп  жатыр  бақ,

 

                    Жеңген  елдің  рухындай  лапылдап.  [22.85]

 

Міне, ақын осылайша өзінің бірқатар шығармаларын кешегі соғыс  тақырыбына арнаған. Осы тақырыпта жазылған поэма-дастандарының  қатарынан орын алатын тағы бір шығармасы «Соңғы  махаббат» поэмасы. Ақынның бұл шығармасы да сәтті туындады. Оның бәрі сан бояумен  салынған еліміздің ерлік  жолын  елестетер  уақыт  іздерін  бедерлеген  үлкен  поэтикалық панорама сынды әсер қалдырады. Ақын қаламы қарымды.  Жұмекен  нені  жазса  да  өзіне тән  ақындық  дауыспен  жырлауға  дағдыланған дарын [5.178]. ...

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 1. Азанбаев М. «Жұмекен Қарағандыда» // Жұлдыз, 2005 №10, 117-126 б

2. Алдиярбай Ә. «Ақын балладасындағы ақиқат» // Ақжелкен, 2006 №1 26-б

3. Балқиев Н. «Аңыз болып өлең қалды» // Жалын, 1990, № 6 36-37бб

4. Дәрібайұлы С. «Қияға самғаған қыран ақын» //Қазақ елі 1997, 22 тамыз, 8-9

5. Жүсіп Қ. «Әдеби толғамдар» Ақтөбе, «А-Полиграфия» ЖШС 2004, 183-                                                                                                                           187бб.

6. Кәрібаева Б. «Қара өлең және лирика» А., «Ы.Алтынсарин атындағы      Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті», А., 2001, 133-143бб.