Реферат: Құқықтың заңды типологиясы және әлеуметтік нормалар


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Право, Құқық
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
21

Жоспар

 

Кіріспе. 3

1. Заңды типологияның түсінігі және мазмұны.. 4

2. Әлеуметтік нормалардың түсінігі және мазмұны.. 10

3. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың маңызы.. 13

Қорытынды.. 20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 21

 

2. Әлеуметтік нормалардың түсінігі және мазмұны

Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-әрекеттерін реттейтін талаптар. Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері бар: 1) қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерге ынталанудан шығады (мақсат, ой-арман, рухани құндылық т.б.); 2) белгілі бір жүйеге сәйкес келетін, міндетті түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді; 3) қоғамдық ұйғарымның (санкцияның) негізі болуы керек.

 

Әлеуметтік нормалар қоғам алдындағы тарихи міндеттерін атқару үшін, олардың негізгі компоненттері қоғамның белгілі бір даму кезеңіне сәйкес келуі қажет. Қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде кейбір әлеуметтік норма мен қоғамдық тәжірибе туғызған нормалардың араларында сәйкессіздік болады. Мұндай сәйкессіздік, әсіресе, діни нормалар мен адамдардың күнделікті іс-әрекеттерінен айқын көрінеді. Кең түрде алғанда әлеуметтік нормаларға дәстүр, әдет-ғұрып, моральдык және құқықтық нормалар, саяси, діни, эстетикалық қағидалар және ұйымдастыру-техникалық ережелер жатады. Әлеуметтік нормалардың компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты. Жеке адамдардың әлеуметтік нормаларды қабылдап, ішкі сенім-ниетіне айналдыруы – қоғамдық тәрбиенің ең бір маңызды саласы. Әлеуметтік нормаларды қабылдауға бейімдеу жолдарының бірі – нормаларды саналы түрде меңгеру, бұл процестің екінші практикалық жағы – сол нормаларды сыртқы талаптан адамның ішкі қажеттілігіне, нормасына, дағдысына айналдыру. Тарихи қалыптасқан әлеуметтік және қоғамдық ұйымдар туғызған нормалар жаңа қоғамдық қатынастарды жетілдіруге, болашақ адамдардың санасының қалыптасуына ықпалын тигізеді.

 

Қоғамдағы әлеуметтік тәртіптің дамып, нығаюына сан-қырлы құбылыстар мен толып жатқан факторлар өздерінің әсерін тигізіп жатады. Оларды үш топқа бөлуге болады:

 

- табиғи құбылыстардың, факторлардың, уақиғалардың тигізетін әсерлері: демографиялық процестер, халықтың миграциясы, адамдардың өмір сүруінің ұзаққа созылуы, егіннің жақсы өнім беруі т.б.;

 

- нормативтік актілердің ерікті түрде жақсы орындалуы;

 

- адамдардың өзара қатынастарын өздерінің сапалы орындауы. Қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқаратын нормаларды төрт топқа бөледі:

 

- табиғи нормалар – ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тәжірибеден өткен ұсыныстар. Мұндай ұсыныстарды ғылыми нормалар деп те атайды;

 

- ғылыми зерттеуден өткен, тексерілген техникалық және табиғи ережелер, инструкциялар;

 

- әлеуметтік нормалардың көпшілігі осы топқа жатады;

 

- құқықтық нормалар.

 

Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі құрал – әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады.

 

Әлеуметтік нормалардың белгі-нышандары:

 

1. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі. Жеке адамдар, ұжымдар, бірлестіктер, одақтар, ұйымдар осы ережеге сәйкес өмір сүруге, жұмыс жасауға тырысады.

 

2. Әлеуметтік нормалар – қоғамдық дәрежедегі ереже, бұл нормаларды дұрыс, жақсы орындау бар азаматтардың, барлық ұйымдардың негізгі міндеті, орындамаса халықтың сөгісіне, сынына душар болады, жауапкершілікке тартылады.

 

3. Әлеуметтік нормалар жай ғана ереже емес, ол қоғамдық міндетті түрдегі ереже. Ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындалуға тиіс ереже. Бұл қасиет қоғамның миллиондаған жылдар даму тәжірибесімен тексеріліп, сарапталып, қалыптасқан нормалар.

 

Осы көрсетілген белгі-нышандары, ерекшеліктері арқылы әлеуметтік нормалар қоғамды басқарудың, қатынастарды реттеудің негізгі құралына айналды. Әлеуметтік нормалардың негізгі түрлері:

 

- құқық нормасы;

 

- моральдық нормалар – жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық парасаттылық, адамгершілік т.б. қасиеттер;

 

- саяси нормалар;

 

- эстетикалық нормалар;

 

- қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже-қағидалары;

 

- адамгершілік нормалары – олар адамдарды жақсылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, әділеттілікке, адамгершілікке тәрбиелейді;

 

- әдет-ғұрып нормалары – адамдардың көне дәуірден қалыптасқан жақсы қасиеттері мен жақсы іс-әрекеттері;

 

- салт-дәстүр нормалары – әр ұлттың, әр халықтың өздерінің ерекшеліктерінен қалыптасатын дәстүрлері болады. Мысалы: той өткізу, үйлену, ат шаптыру, көкпар тарту, қыз қуу т.б. дәстүрлері;

 

- діни, имандылық, инабаттылық нормалар.

 

Осы әлеуметтік нормалар біріге келе – адамдардың қоғамдық өмір сүруінің ережесі деп аталады. Әлеуметтік норма – қоғамдағы адамдардың, ұйымдардың, ұжымдардың ара қатынасының, іс-әрекетінің, мінез-тәртібінің ережесі.

 

Әлеуметтік нормалар өздерінің дербестігімен бірге өзара тығыз байланыста дамиды. Себебі, олар бір экономикалық базисты, бір қоғамдық саясатты, бір әлеуметтік тұрмысты, бір мәдениетті, бір мүдде-мақсатты қорғап, дамытады.

 

Әлеуметтік нормалардың мазмұнын екі тұрғыдан түсіну керек: біріншісі – қоғамдық мүдде-мақсатты орындау, іске асыру бағыты; екіншісі – жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, дамыту бағыты. Бұл объективтік бірлестік. Өмірде біржақты әлеуметтік норма болмайды.

 

Әлеуметтік нормалардың өмірге келу себептері қоғамның объективтік даму процесінде жаңа қарым-қатынастар қалыптастырады. Бұл объективтік процесс. Сол арқылы жаңа құқықтық норма қабылданады. Бұл субъективтік процесс.

 

Әлеуметтік норма – қоғам қабылдаған адамдардың мінез-құлқының, іс-әрекетінің, тәртібінің ережелері мен оларды реттеп-басқару нормалардың жиынтығы.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.

3. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.

4. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994.

5. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

6. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996....