Дипломная работа: V-XI сыныптар математикасының тарихи мағлұматтары


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Педагогика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
38

Жоспар

 

 КІРІСПЕ. 3

1. V-XI СЫНЫПТАР МАТЕМАТИКАСЫНЫҢ ТАРИХИ МАҒЛҰМАТТАРЫ   4

1.1. V-VI сыныптар математикасының тарихи мағлұматтары.. 4

1.2. VII-IX сыныптар алгебрасының тарихи мағлұматтары.. 12

1.3. Х-ХІ сыныптар алгебра және анализ бастамаларының тарихи мағлұматтары   17

1.4. ҮІІ-ХІ сыныптар геометриясының тарихи мағлұматтары.. 20

 

2. МАТЕМАТИКТЕРДІҢ ӨМІРЛЕРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАРЫ.. 25

2.1. Грек математиктері 25

2.2. Орта азия математиктері 32

2.3. Еуропа математиктері 38

2.4 Орыс математиктері 48

 

ҚОРЫТЫНДЫҒА ҚОСЫМША.. 56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 58

 

1. V-XI СЫНЫПТАР МАТЕМАТИКАСЫНЫҢ ТАРИХИ МАҒЛҰМАТТАРЫ

1.2. VII-IX сыныптар алгебрасының тарихи мағлұматтары

 

... Ежелгі грек оқымыстылары прогрессияларды және олардың қосындыларын таба білген. Мәселен, оларға натурал жұп және тақ сандар тізбегінің п санның қосындысының формуласы белгілі болған:  . Олар шектеусіз кемімелі   геометриялық прогрессияның қосындысын табу жолын

 

көрсетті. Арифметикалық және геометриялық прогрессияларды қытай және үнді ғалымдары да білген.

 

Прогрессия терминін (progression — деген латынның сөзінен шыққан, "алға қарай қозғалыс" дегенді білдіреді) римдік ғалым Боэций (VI ғ.) енгізген. Бұл кең мағынада шектеусіз сан тізбегі ретінде түсінілген.

 

Прогрессияларға "арифметикалық" және "геометриялық" деген атау үздіксіз пропорциялар теориясынан ауысқан, мұны зерттеумен ежелгі гректер де шұғылданған. Ал   түріндегі теңдікті олар үздіксіз арифметикалық пропорция деп, ал  теңдігін үздіксіз геометриялық пропорция деп атаған.

 

Бұл теңдіктен  және  шығады, яғни бұл   екі қатынастармен арифметикалық және геометриялық прогрессияның сипаттық касиеттері өрнектеледі.

 

Арифметикалық прогрессия мүшелерінің қосындысының формуласы Евклидтің (б.э.д. III ғ.) "Бастамалары" атты кітабында берілген. Арифметикалық прогрессия мүшелерінің қосындысының формуласын ежелгі грек ғалымы Диофант (III ғ.) далелдеген. Арифметикалық прогрессияның мүшелерінің қосындысын табу ережесі итальян ғалымы Л. Фибоначчидің (1180-1240) 1202 жылы жазған "Абак кітабында" кездеседі. Кез келген шектеусіз кемімелі геометриялық прогрессияны қосындылау ережесі Н. Шюкеннің "Сандар туралы ғылым" (1484) атты кітабында да берілген. ...

 

2. МАТЕМАТИКТЕРДІҢ ӨМІРЛЕРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАРЫ

2.1. Грек математиктері

... 4

 

 

Архимед – математик, механик, физик, астроном және әскери инженер. Архимед саны, Архимед аксиомасы, Архимед ережесі, Архимед заңы, Архимед әдісі, Архимед теоремасы, Архимед нақылы, ... Архимед есімімен байланысты ұғымдар ғылымының сан алуан саласынан кездеседі. Архимед еңбектерін әр заман өзінше сырлаған, өзінше жырлаған.

 

Архимед (б.ә.д. 287-212 ж.) Сицилия аралының оңтүстік жағалауына орналасқан Сиракуз қаласында туған. Сондықтан да кейде оны сиракуздық Архимед деп те атайды. Әкесі Фидий астроном әрі математик болған. Архимедтің жастық шағы Александрияда өтті. Мұнда ол көрнекті математиктерден дәріс алды. Кейін Сиракузға қайтып келген соң да ол математиктермен хат арқылы үздіксіз байланыс жасап тұрды. Архимедтің біраз еңбегі өз әріптестеріне жазған хат түрінде сақталған.

 

Архимедтің бізге жеткен негізгі еңбектері: «Параболаны квадраттау», «Шар және цилиндр туралы», «Жазық фигуралардың теңбе-теңдігі», «Әдіс», «Дөңгелекті өлшеу», «Жүзетін денелер туралы», «Псаммит немесе құм қиыршықтарын санау»,т.б.

 

Архимедтің математик ретінде Евдокс пен Евклидке қосқан басты жаңалығы - қисық сызықты фигуралар мен денелердің ауданы мен көлемін табу әдістері.

 

Архимед қазіргі өзінің атымен аталып жүрген «Архимед спиралына» арналған «Спиралдар туралы» атты шығармасында жанаманы дифференциалдық әдіске сай келетін әдіспен тапқан. ...

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Алдамұратова Т.А. Математика 5−Алматы:  Атамұра, 2001.

2. Алдамұратова Т.А. Математика 6. −Алматы:  Атамұра, 2001.

3. Бөленов А., Алгебра 7. –Алматы: Рауан, 1993.

4. Жаутықов О.А. Орыс математикасының атақты ғалымдары. Алматы: Мектеп, 1967.

5. Искаков М.Ө. , т.б. Математика және математиктер жайындағы әңгімелер.1-3 кітап – Алматы: Мектеп, 1967, 1970, 1971.

6. Көбесов А. Математика тарихы туралы әңгімелер. Журнал: Білім және еңбек, 1965-1967.

7. Көбесов А. Математика тарихы. – Алматы: Қазақ Университеті, 1993.

8. Қаңлыбаев Қ., т.б. Алгебра 8. – Алматы: Білім, 2001.

9. Собалақов А.  Математика тарихынан.−Алматы: Мектеп, 1966.