Реферат: Жаңа дәуірдегі психологияның дамуы ХVІІ ғасырдағы. Европалық психология


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Психология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
8

Жоспар

 

1 Р. Декарт, Б. Спиноза еңбектері 3

2 Т. Гоббстің эмпирикалық психологиясы.. 6

3 Эмпирикалық психологияның басталуы.. 7

 

3 Эмпирикалық психологияның басталуы

 

Фрэнсис Бэкон (1561-1626) – ағылшын философы, қазіргі ағылшын эмпиризмінің негізін салушы, жан табиғаты жайлы сұрақтар емес, оның құрамынан органикалық функцияларды алып тастап, оның процестерін эмпирикалық сипаттау қажет екендігін айтты.

 

Жан концепциясы. Жанның екі типін және оларға тән қасиеттерді бөліп көрсетті:

 

1.  Рационалды, құдайлық жан: (немесе рух) ес, ақыл, ойлау, қиял, тілек, ерікке ие.

 

2. Сезімдік, рационалды емес жан түйсіну және таңдау қабілетіне ие, яғни жағымсыздық жағдайдан жағымдыға талпыну және шартты қозғалыстар жасау мүмкіндігі.

 

Таным теориясы. Сезім алғашқы таным элементі ретінде бөлініп шығады.  Бірақ ол толығымен объективті дүние сипатын бермейді. Объективті таным рационалды әдісті сезімдік мәліметтерде қолдана алумен сипатталады.

 

Эмпирикалық таным, шектеулі  жаңсақтық (идолдар) адамды алдауға ие.

 

Шектеулі идолдардың төрт типін бөліп көрсетті:

 

1. ру идолдары – адам табиғатымен берілген;

 

2. үңгір идолдары – жекелеген адамның индивидуалды  шатасулары;

 

3. алаң идолдары -  адамдардың бірігуінен және өзара байланыс күшіне байланысты пайда болатын шатасу;

 

4. театр идолдары – философияның әр түрлі догматтарының адамдар жанына ұялауы.

 

Бэкон идеяларының психологиялық мәні:

 

1. Психологияның зерттеу пәні жан болған кезді аяқтап, басты зерттеу пәні сана болған жаңа кезеңді дамытты.

 

2. Пәннің  практикалық зерттеулерінің нақты тәсілдерін ұсынды: тәжірибе, эксперимент.

 

3. Адам туралы бірегей  ғылымды ұсынды, оның бір тармағы психология, философия адамды жалпы қарастырады, азаматтық философия оның басқа адамдармен өзара әрекетін зерттейді, ғылымдық пәндер арасындағы принциптілік негізін салды.

 

4. Адам туралы  ғылымдардың тұлғаны оқыту және жаны мен тәнінің байланысын оқыту болып бөлінуіне ықпал жасады, пәні мен міндеттерін бөліп көрсетті, психология пәнінің нақты міндеттерге сәйкес бөлінуіне әкелді.