Реферат: Орта ғасыр мен қайта өркендеу дәуіріндегі психология


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Психология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
5

Жоспар

 

1 Европада орта ғасыр кезеңінде психологияның  дамуы.. 3

2 Орта ғасырлық философтар Аврелия Августин және Фома Аквинскийдің психологиялық идеялары.. 3

3 Қайта өрлеу кезеңінде психологияның  дамуы.. 4

4 Жаңа кезең - ағартушылық дәуіріндегі психология және оның пәні 5

 

3 Қайта өрлеу кезеңінде психологияның  дамуы

 

 

Қайта орлеу заманының білімділері антикалық құндылықтарды қайта өрлету, антикалық кезеңнің көріністерін «орта ғасырлық сұмдықтардан» тазарту міндеттерін алға қойды. Жаңа философтар Аристотель еңбектерін, оның ішінде «Жан туралы» трактатына қайта орала бастады және пікірталастар мен келіспеушіліктер  орын алды.   Келіспеушіліктердің түп төркіні жанның мәңгілік екенінде болды.

 

Бірінші топ (Аввероистер) ақыл мен жанды бөліп көрсетіп, ақылды жанның жоғары, мәңгілік бөлігі ретінде көрсетсе,  ал екінші топ (александристер) Аристотель ілімінің тұтастығына және оның «жанның барлық қабілеттілігі жанмен бірге жоғалады»  деген тезисін алдыға қойды.

 

Қайта өрлеу кезеңіндегі идеялар Италия және Испанияда белсенді дамыды:

 

Италияндық Леонардо да Винчидің (1452-1519) ойынша, адам өзінің рухани күштерін шынайы құндылықтарға айналдыра алады және табиғатты өз шығармашылығында әрлендіреді, ал жоғары құндылық құдайлық ақыл емес, шығармашылық күш және өнім.

 

Испандық дәрігер Хуан Луис Вивес  (1492-1540) «Жан және өмір туралы» кітабында адам табиғатын түсінудің басты және жалғыз тәсілі бақылау мен тәжірибе екендігін көрсетті. Сонымен бірге бала табиғатына дұрыс тәрбие беру арқылы әсер етуге болатынын айтты.

 

Дәрігер Хуан Уарте (1530-1592) «Ғылымдарға қабілеттілікті зерттеу» кітабында адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтарды олардың әр түрлі мамандыққа жарамдылығын анықтау міндетін психология тарихында ең алғаш көтерді.

 

Қайта өрлеу кезеңі психология дамуында антикалық философия дәстүрлері мен құндылықтарына оралу дәуірі болды.

 

4 Жаңа кезең - ағартушылық дәуіріндегі психология және оның пәні

 

Ағартушылық дәуірінде психология өзіндік зерттеу пәнін, өз іс-әрекеті аймағында  нақты анықтама іздеді.бұл ғылым аймағы адамның өзін және қоршаған дүниені бейнелеуін зерттеу ретінде қабылданды  және бұл процестің саналы екендігі анықталды. Психология пәнінің сана туралы ғылым екендігі анықталды. Сананың мазмұны мен функциясын зерттеу ғалымдарды сананың адам өміріндегі  және мінез-құлықтағы рөлін зерттеуге әкелді.

 

Сол кездегі психология  пәнінің  екі жақты екендігі байқалды:  сананы және оның қалыптасуын, дүниенің бейнеленуінің даму кезеңдері  және өзін зерттеу бір жағынан, ал екінші жағынан қозғалушы күштерді, мінез-құлықты, ішкі ғана емес, сонымен бірге индивидтің сыртқы белсенділігін зерттеу.

 

Ньютонның механикасы мен физикасының дамуына байланысты бүкіл әлемді үлкен механизм  ретінде, ал адам денесі  машина – автомат ретінде кез  келген  механизм принципі бойынша ететіндігін дәлелдеген көзқарастар пайда болды.

 

Таным процестерін зерттеу барысында  екі қарама – қарсы көзқарас байқалды:

 

§ сенсуализм – адам білімінің негізгі сапасы ретінде түйсікті белгіледі,  таным процесі  жалғыз, түйсіктен ойлауға дейін бірнеше баспалдақтан өтеді, яғни жалғыздан жалпыға.

 

§ рационализм – ойлауға басшылық береді.