Реферат: Соғыс жылдары (1941-1945) мен 80-жылдардың ортасына дейінгі кеңес психологиясы


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Психология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
5

Жоспар

1 ХХ ғасырдың 30 – 60 жылдарындағы Кеңестік психологияның дамуы.. 3

2 Қазіргі Ресейлік психологиялық мектептер. 4

 

1 ХХ ғасырдың 30 – 60 жылдарындағы Кеңестік психологияның дамуы

 

Кеңестік психология ғылымын дамытушы психологтер С.Л. Рубинштейн, Л.С. Выготский, А.Р. Лурия еңбектері жарық көріп қана қоймай, сонымен бірге психология саласын дамытқан тамаша психологтер  Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин, А.В. Запорожец, Д.Б.Эльконин сияқты  ғалымдарды  тәрбиеледі.  Бұл ғалымдар тобының негізгі еңбектері ХХ ғасырдың 30 – 60 жылдарына сейкес келеді.

 

Бұл кезеңде бірнеше ғылыми мектептер мен бағыттар пайда болды. Грузияда атақты Д.Н. Узнадзенің психологиялық  мектебі қалыптасты.  Мектеп өкілдері негізгі құрал ретінде бағдар түсінігін алып, оны көптеген психологиялық құбылыстарды түсіндіруде қолданды.

 

Келесі бағыт адам психикасы дамуының тарихи-мәдени теориясының  негізін салушы  Л.С. Выготский есімімен байланысты. Бұл бағытта негізінен ММУ –інде қызмет атқарушы ғалымдар еңбек етті. Олардың ғылыми аймақтарының қызығушылықтарын жалпы және балалар психологиясың сұрақтары құрады.

 

Үшінші мектепті ММУ-інде психология кафедрасында жалпы және педагогикалық  психология Институтында  ғылыми зерттеулерге басшылық жасаған  С.Л. Рубинштейн есімімен байланыстырады. С.Л. Рубинштейн  Ресейдегі ең алғашқы    «Жалпы психология негіздері» атты фундаменталды психологиялық еңбекті жазды.

 

А.А. Смирнов психологиядағы ес жайлы еңбектерімен, ал Б.М. Теплов шығармашылық іс-әрекеттің психологиясы мен темпераментті зерттеудің ғылыми негізін салушы ретінде танымал.

 

2 Қазіргі Ресейлік психологиялық мектептер

 

Сәл кейінірек негізгі қазіргі психология мектептері қалыптасты. Бұл Ленинград (Санкт-Петербург) мемлекеттік университеті және Мәскеу Мемлекеттік Университетіндегі мектептер.

 

ЛМУ-індегі мектептің құрылуы адамды зерттеу принциптерін құрастырған және сол позиция негізінде  психология дамуының бағыттарын ұсынған, ЛМУ-інде психология факультетін ашып, көптеген ғалымдарды тәрбиелеген   Б.Г. Ананьев есімімен  байланысты.

 

ММУ-інде психология факультетін ашқан іс-әрекеттің психологиялық теориясының авторы А.Н. Леонтьев болды. Сонымен бірге, Леонтьев қабылдау, ес, сана, тұлға және психиканың дамуы аймақтары бойынша көптеген мәселелерді шешумен айналысты.

 

А.В. Запорожец және Д.Б. Эльконин балалар психологиясының негізін салды. Мектепке дейінгі тәрбиелеу Институтының КСРО педагогикалық ғылымы Академиясының көп жылғы басшысы және ұйымдастырушысы А.В. Запорожецтің  ғылыми қызығушылықтар шеңберін балалардың жас ерекшелік дамуы мен тәрбиесі құрады.

 

Д.Б. Эльконин балалар психологиясы оқулығының авторы, балалар ойыны теориясының, жас ерешелік даму кезеңдері концепциясының негізін салушы ретінде белгілі. ...