Реферат: Психологиядағы ХІХ-ХХ ғасыр шеңберіндегі теориялық ұжырымдамалар


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Психология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
6

Жоспар

1 Э.Б. Титченердің структурализмі 3

2 В.Ф.Брентаноның психологиялық акт теориясы.. 4

3 В.Джеймс көзқарасы.. 5

 

1 Э.Б. Титченердің структурализмі

 

Э. Титченер (1867-1927) америкада Вундтық дәстүрді және оның психологиялық ғылымын тікелей тәжірибе жөніндегі ғылым деген түсінігін дамытты. Өз ғылымын структурализм деп атап сол кезде  Америкада дамып   келе жатқан Брентано және Джеймстің функционализміне қарсы қойды.

 

Психологияның зерттеу апараттарына (пәні, әдістері, мақсаты, міндеттері) қатысты келесі идеяларды ұсынды.

 

1)  құрылымдық психологияның пәні сананың құрылымы болып табылады, сананы жекелеген элементтердің жиынтығы ретінде түсінді, яғни  элементарлы табиғатқа ие және ары қарайғы талауға жатпайды;

 

2)    құрылымдық психологияның мақсаты сананы осы элементарлы бөлшектер арқылы зерттеу;

 

3)    психологияның ғылым ретінде келесі міндеттерін ұсынды:

 

-      жан жағдайын қарапайым құраушы бөліктерге бөлу;

-      осы бөліктердің қосылу заңдылықтарын табу;

-      заңдылықтарды физиологиялық ұйымдасумен байланыстыру;

4)    зерттеу  әдісі ретінде аналитикалық интроспекция қарастырылды.

Титченердің структурализмі келесі иделарға ие:

1.    түйсік, бейнелер және сезімдер сананың алғашқы элементтері болып табылады және кез-келген күрделі комбинацияның құрылуы үшін негіз болады.

2.    түйсік пен сезім  қарқындылық, нақтылық және ұзақтылық сапаларына ие.

3.    бейнелер санада  алдыңғы өткен түйсіктердің  іздері ретінде көрінеді және  азды көпті нақтылыққа ие.

4.    зейін және ойлау сенсорлы табиғатқа ие.

2 В.Ф.Брентаноның психологиялық акт теориясы

 

Австрия философы және психологі Франц Брентано (1838-1917) В. Вундтың эскперименталды құрылымдық теориясына, ассоциативті психологияның қарсыласы болды.  Ол өзінің  психологиялық теориясын және  психологияның дербес ғылым болып даму теориясын – функционализмді ұсынды. Онда келесі кілтті идеалар ұсынылды.

  1. сананың басты сапасы – интесиональдылық немесе ол үнемі  қандай да бір объектімен әрекеттесетін  және сол объектіге бағытталған ерекше белсенділік.  Сананың мазмұны түйсік және қабылдау емес,  интенсионалды актілер болып табылады, яғни олар өзара әрекеттесетін  объектінің болуы.
  2. психологияның пәні – мазмұны емес, сана актілері.Әлеуметтік, мәдени және идеологиялық әсерлердің ғылыми шығармашылықтың туындауына және қабылдауына тәуелділігін анықтау.
  3. психологияның ғылым ретіндегі міндеті сананың интенсоналды актілерін зерттеу және сананың қалай жұмыс  істейтінін сипаттау.

 

Интенсионалды актілердің немесе сананың белсенділік актілерінің үш негізгі түрі бар:

§         елестер актілері – олар жетекші болып табылады және  сана пәнінің  презентация процесі ретінде анықталады. Бұл қабылдау, қиял, түсінік.

 

§         пікірлер актісі процесінде  объектіге  айқындық немесе  қателікке байланысты баға беріледі.

 

§         сезім актілері – субъектінің тілегіне немесе  бастартуына  қатысты  объектіге эмоционалды баға беру.

 

Ф. Брентаноның  еңбегінің  мәні сананы зерттеудің  психологияға мазмұндылық емес процесуалды аспектісін енгізіп, сонымен бірге  сананың белсенділігімен  заттылығын көрсетті. Бұл сананы зерттеудің жаңа эксперименталды әдісі феноменалогиялық әдістің дамуына әсер етті.

3 В.Джеймс көзқарасы

 

 Вильям Джеймс (1842-1910) Американ психологі  алғашқы американдық лабораторияны құрушы, американдық функционализм бағытының негізін салушы. Эмоция теориясы. Теорияның негізгі идеясы эмоция аралық байланысты көрсету және олардың физиологиялық  көрінулерін анықтау, бірақ  керісінше жағынан, яғни эмоция әсерінен  физиологиялық өзгерістер пайда болмайды, керісінше физиологиялық әрекетке сәйкес эмоция туындайды.

 

Джеймс теориясы  бойынша эмоцияның негізігі себебі органикалық өзгерістер болып табылады. Сыртқы стимулдар негізінде организмде өзгерістер болады, соның нәтижесінде эмоцияның өзі туындайды.

 

Сонымен перифериялық органикалық өзгерістер Джеймс теориясы бойынша эмоцияның алғышарты.  Аталған теорияның пайда болуы ырықты реттелу механизмдерін түсінуді жеңілдетті. Мысалы, тілексіз эмоциялар, ыза, ашуды әдейілеген әрекеттер жасау арқылы оң эмоцияға айналдыруға болады. ...