Дипломная работа: Компанияның баланс өтімділігін талдау


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Бухгалтерский учет, Бухгалтерлік есеп
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
61

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ. 3

 

1. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ, БАЛАНС БАПТАРЫНЫҢ ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАУЫ.. 5

1.1 Бухгалтерлік   есептің түжырымдамалары мен принциптері 5

1.2 Бухгалтерлік баланстың түсінігі және теоретикалық аспектілері 9

1.3.  Шаруашылық операцияларына    сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы. 15

 

2. КОМПАНИЯНЫҢ БАЛАНС АКТИВТЕРІНІҢ ЖӘНЕ АКТИВІНІҢ ҚҰРАСТЫРЫЛУ КӨЗДЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫН ТАЛДАУ   18

2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау. 18

2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау. 27

 

3. КОМПАНИЯНЫҢ БАЛАНС ӨТІМДІЛІГІН ТАЛДАУ.. 36

3.1 Меншікті капиталды талдау. 36

3.2 Қатыстырылған капиталды талдау. 40

3.3 Баланс өтімділігін талдау. 48

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 59

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

 

 

1. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ, БАЛАНС БАПТАРЫНЫҢ ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАУЫ

1.2 Бухгалтерлік баланстың түсінігі және теоретикалық аспектілері

 

... Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті ұзақ мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуға тиіс:

А/ қысқа мерзімді несиелер немесе овердрафт;

ә/ салықтар бойынша берешек;

б/ төлеуге арналған дивидендтер;

в/ еншілес серіктестіктерге берешек;

г/ акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына берешек;

д/ өзге кредиторлық берешек.

 

Төлеуге есептелген шығындар – болжанбаған жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.

 

Алдағы кезеңдердің табыстары – бұл бапта есепті жылы алынған, бірақ болашақ есепті кезеңге жатқызылатын (жалдық төлем) қаражаттар көрсетіледі.

 

Егер заңды тұлға міндеттемені ұзақ мерзімді негізде қайта қаржыландыруға шешім қабылдаса, ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдық бөлігі ағымдағылардың алынып тасталады. Мұндай жағдайда міндеттемелердің сомалары мен қайта қаржыландыру сомалары ашып көрсетіледі. ...

 

2. КОМПАНИЯНЫҢ БАЛАНС АКТИВТЕРІНІҢ ЖӘНЕ АКТИВІНІҢ ҚҰРАСТЫРЫЛУ КӨЗДЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫН ТАЛДАУ

2.2 Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау

 

... Арнайы әдебиеттерде (2, 10) бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: Кк/м<1. Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті салалық ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсет-кіштері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы  кезінде  коэффициенттің  қауіпті  мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді.

 

Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау ұшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің мәнімен шектелуі қажет (10).

 

Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

 .........................(5)

 

Мұндағы: ККт - қаржылық тұрақгылық коэффициенті; Үм - ұзақ мерзімді міндеттемелер; Ак - авансталған капитал; Мк - меншікті капитал.

 

Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті (6). ...

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жұргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қайқайсының болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) еңген уақыты және мазмұны болады.

 

Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бұл қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және оған қоса мысалдар берілуі мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың (жасаудың) халықаралық комитеті жасап шығарады. Ал ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің ішінде жасалынады. ...