Дипломная работа: Заңды тұлғалардың салық есебі


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Бухгалтерский учет, Налогообложение, Бухгалтерлік есеп
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
70

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ. 3

 

1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 5

1.1 Бухгалтерлік есеп, оның мәні және экономиканы басқару жүйесінде алатын орны   5

1.2.  Зерттеп отырған кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаты. 8

 

2. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ САЛЫҚ ЕСЕБІ 12

2.1. Табыс салығының есебі 12

2.2. Активтер мен міндеттемелердің салық базасы.. 15

2.3 Болашақ өтелетін құнның салық әсерін анықтау барысында шеккен шығындардың бастапқы құны. 40

2.4. Активтер мен міндеттермелер құнының өзгерушен салықтардың әсері 46

 

3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ЖЫЛДЫҚ ТАБЫСЫН ТАЛДАУ.. 51

3.1  Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.. 51

3.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі 57

3.3. Кәсіпорынның жиынтық жылдық табысының талдауы.. 64

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 69

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 70

 

1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Бухгалтерлік есеп, оның мәні және экономиканы басқару жүйесінде алатын орны

 

... Натуралды өлшеуіштер материалдық құндылық (шикізаттар мен материалдар, негізгі құралдар, дайын өнімдер) обьектілерінің қозғалысын, сондай-ақ орындалған құрылыс жұмыстарын шаршы және текше метрлермен, автокөлікпен (т. км) есепке алу үшін қажет. Бұл өлшеуіштерді материалдық құндылықтарды әртүрлі сұрыптар мен атаулар бойынша есепке алу қолдану осы құндылықтардың сандық көрсеткіштері мен сапалық сипаттарын бір мезгілде алуға мүмкіндік береді. Алайда натуралды өлшеуіштерді пайдалану шектелген, өйткені оларды біріктіру мүмкін емес.

 

Еңбектік өлшеуіштерді уақыт бірлігіне жұмсалған еңбек санын өлшеу үшін пайдаланады. Бұл әдетте жұмыс уақытының бірлігі (жұмыс құні, сағат, минут). Бірақ көптеген жағдайларда еңбектік өлшеуіштерді өндірім нормаларын, еңбек өнімділік есепке алу үшін натуралды өлшеуіштермен үштастыра қолданды. Жалақыны - дұрыс есептеу үшін бұлардың маңызы зор болмақ.

 

Ақшалай өлшеуіш ескерілетін обьектілерді бірыңғай құндық бағада (ақшалай елшемде - теңгемен немесе басқа вялютамен) көрсетуге және жинақтауға қызмет етеді.

 

Ол әртектес шаруашылық құралдарын жинақтауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен кәсіпорынның мүліктік қүқықтарының көлемі. бұрын натуралды және еңбектік өлшеуіштермен белгіленген шығындары анықталады, сметалар, өндірістік тапсырмалар мен қаржы есептемесі жасалады.

 

Өлшеуіштерді әртүрлі үйлесімдермен де алады: натуралды өлшеуіштерді құндылықпен (санды-сомалық есеп), ақшалай еңбекпен біріктіру және т.с.с.

 

Бухгалтерлік осеп - басқарудың аса маңызды функцияларының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің, кәсіпкерліктің ісі деп санайды. ...

 

2. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ САЛЫҚ ЕСЕБІ

2.3 Болашақ өтелетін құнның салық әсерін анықтау барысында шеккен шығындардың бастапқы құны.

 

... Активтердің салық базасы салық салу мақсаты үшін болашақта есептен шығарылатын шегеріліміне жататын шамасын білдіреді.

 

Жоғарыда келтірілген мысал бойынша салықтың әсерін ко-рытындылай келе айтарымыз: бюджет төлеміне жататын салық міндеттемесінің мерзімі жыл сайын ұзартылып отырады. Бұл ұзарту алғашқы төрт жыл ішінде салық шегерілімінің сомасы жыл сайын 500 а.б.-не негізгі құрал-жабдықтардың аморти-зациясы бойынша бухгалтерлік шығыстардың көбейіп отыру факторынан туындайды. Осының салдарынан табысқа салына-тын салықтың сомасы есептік табыстан 500 а.б.-не кем болады. Сонымен, табыс салығы бойынша шығыстарды есептеген кезде мына жайтқа көңіл бөлген дұрыс: бюджетке аударылуға жататын табыс салығы бойынша ағымдағы салық міндеттемесін тану сол уақытында ұзартылады. Келтірілген мысал бойынша есептік кезең бойынша салық әсерінің өзгеру шамасын бақы-лауға болады. Алғашқы төрт жыл ішінде мерзімі ұзартылған салық міндеттемесінің жыл сайын 200 а.б.-не өскені байқалады (уақытша айырмашылықтан салық әсерінің 500 а.б. сомасына).

 

Мерзімі ұзартылган міндеттеменің топтастырылған (кумулятивный) шамасының қорытындысы бухгалтерлік баланста көрсетілгендей төртінші жылдың соңына қарай 800 а.б.-не тең болады. ...

 

3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ЖЫЛДЫҚ ТАБЫСЫН ТАЛДАУ

3.1  Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты

 

... Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынньің шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болыи табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды. жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммер-циялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіиорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капитал-дыц көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіе. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

 

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды,   нәтижесінде   кәсіпорынның   төлеу   қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс ироцесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін. ...

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 1.  «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жыл. ...