Курсовая работа: Қонақ үй жұмысы


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Информационные системы и технологии
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
26

Мазмұны

  

КІРІСПЕ. 3

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.. 6

2. АЛМАТЫДА ОРНАЛАСҚАН ҚОНАК ҮЙЛЕР. 6

2.1. Алматы қонақ үйі 6

2.2. Алатау қонақ үйі 6

2.3. Жетісу қонақ үйі 6

 

ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ.. 7

3. МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ.. 7

3.1 BDE Administrator 7

3.2 Мәліметтер базасының кестесін құру. 8

3.3 Кестенің қасиетін беру. 10

3.4 Paradox форматының кестелері 12

3.5 Компоненттер парағы.. 13

 

4. ЕСЕПТІҢ АЛГОРИТМІ 16

4.1 Функционалдық тағайындалуы.. 16

4.2 Шақыру және жүктеу. 16

 

5. ПРОГРАММАНЫҢ БАЯНДАЛУЫ.. 17

5.1 Жалпы мағлұматтар. 17

5.2 DataBase-те кестелер құру. 17

 

6. DELPHI-ДЕ ФОРМАЛАР ҚҰРУ.. 21

 

7. ШЫҚҚАН  НӘТИЖЕ. 23

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 25

 

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. АЛМАТЫДА ОРНАЛАСҚАН ҚОНАК ҮЙЛЕР

2.1. Алматы қонақ үйі

 

Алматы қонақ үйі 1967 жылы салынды.Жобасын жасаған архитектор И.А.Картаси, А.Я.Коссов, В.Г. Чиркин, Н. И. Рипинский т.б. Ғимарат қала орталығындағы театр алаңынан бой көтерген.Сегіз қабатты негізгі корпус садақ жағындай йіліп, әр қабаттың ашық көшеге қараған беті тұтас балкон жолағымен көмкерілген. Бұл күрделі инженерлік құрылыстың интерьері (кең вестибюль банкет эалы, ресторан) пластикалық материалмен, қабырға өрнекпен (cуретшілер маңы зонасынан) және сыртқы эонадан әсемделген маңы аймағынан тымқары орналасқан, серік Әсем холл, ресторанның жазғы верандасы, шаштараз бөлмесі т.б. қасалқы қызмет бөлмелері қонақ үй бейнесін толықтыра түседі.Қас-бетінің алдынан машина тоқтайтын кең алаңқай, фонтаны бар әсем хауыз жасалған.Ғимарат Қазақтың опера және балет театрымен ансамбльдік жарастық тапқан.Қонақ үйінде 280 номер, 540 орын бар. Дәрі-дәрмек, кітап, сувенир сататын киоскілер, сақтық кассасы, почта, қалааралық телефон-автомат, қол жүктері сақталатын камера, авиакасса, ресторан жұмыс істейді. Панфилов және Кабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан.

 

2.2. Алатау қонақ үйі

 

Алатау туристік қонақ үйі. Қазақстандағы аса  ірі, жаңа техникаға сай жабдықталған туристік мейманханалардың бірі.1975 жылы салынған, 9 қабат, 364 номері бар. Іші қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендірілген.Бас архитекторлары-И. М. Кушнаров, С. Ж. Темірғалиев, А. И. Петров.Туристер 4 бүкіл одақтық, 3 жергілікті маршрут бойынша Алматы мен оның төңірегіне, Қырғызстандағы Ыстықкөлге саяхат жасайды.<Алатау> туристік қонақ үйі барлық маршруттардан жылына 96 мыңға жуық турист қабылдайды. Мекен жайы Ленин даңғылы үй номірі 105.

 

2.3. Жетісу қонақ үйі

 

Жетісу қонақ үйі 1960 жылы ашылды. Ғимарат жобасын жасаған архитекторлары Е. К. Дятлов, Ким До Сен және т.б. 1977  жылға дейін <Қазақстан> деп аталды. Бес қабатты 317 қонақ бөлмесі (561 кісілік  орын) бар. Қонақ үйі құрылысында жер сілкінісі қаупі толық ескерілген.Құрастырмалы темір-бетоннан салынған алғашқы ғимараттың бірі болып табылады.Шаршы үлгіде тұрғызылған.Көшеге қараған беті біркелкі ұябалконмен, ал кіре-берісі шығыңқы қалқанша шатырмен әсемделген.Ішкі ауласында фонтаны бар.

ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

3. МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

...   Ал енді мәліметтер базасымен жұмыс жасамас бұрын, біз оның каталогын құрып алайық. Ол каталог бізде D:\\BOLATKHAN. Деректер базасын құру DatabaseDesktop (DBD) утилит көмегімен іске асырылады. DBD утилит көмегімен  кестені құруға және оның құрылымын өзгертуге, оның біріншілік кілттерін және индекстерін, жазбалар құру және өзгертулер жасауға болады.

 

Жаңа кестені құру келесі команда бойынша іске асады: Пуск\\Программы\\Borland Delphi7\\Database Desktop. DBD кірген мезетте жұмыс істейтін каталогты таңдап алу керек. Ол үшін DBD менюінде File\\Working Directory және көрсетілген терезеден D:\\BOLATKHAN каталогына сілтеме жасаймыз. Менің жағдайымда Raspisanie кестесін құру үшін  File\\New\\Table. DBD Create Table терезесін шығарады, оның форматын таңдап алу керек.

 

2

 

 

Бақылау мысалдарын баяндау

 

Алдымен, осы курстық жобаны сақтайтын бір папка құрып алдым. МБ кестесін құрмас бұрын, алдымен BDE Administrator-да сол папкамды тауып, оның бүркеншік атын бердім. Содан соң DBD – қа кіріп, кестелерімді құрдым. Әрбір кесте құрар алдында жұмыс істеп отырған каталогта, өз папкамды көрсетіп отырдым. Барлық кестелерімді сол папкаға сақтадым. Бағынышты кесте бас кестелер арасына байланыс ұйымдастырдым. (Сурет 6, Сурет 7, Сурет 8 қара.)  DBD-да жұмысымды аяқтап, Delphi7 ортасына көштім. Ендігі жұмыстардың барлығы осы ортада көрініс алады. Delphi-ге кірдім, форма1 өзі шығып тұрады. Оның ішіне үш панель тастап, сол панельдердің ішіне өз кестелерімді біртіндеп орналастырдым. Осы форма ішінде негізгі меню кнопкаларын жасадым. (Form1-ді Сурет 9-дан қара).

 

DBD-да байланыстырған кестелерімді, Delphi-де қайта байланыстырдым. Ол File|New|Others|DataModule аламыз. Бөлек бір кішкентай терезе шығады. Оның ішіне өзімнің үш кестемді тастап және әр кесте ішіне

 

Data Access парағындағы DataSource,яғни  деректердің басын тастадым. (Сурет 10 қара)

 

  Негізгі менюдағы Rabota s BD ішіндегі үш кетеге әрқайсысына жеке-жеке форма құрдым. Команда кестесі үшін Form3(Сурет 11 қара). Расписание кестесі үшін Form4 (Сурет 12) және Стадион кестесі үшін Form5 (Сурет 13) құрдым.

 

  Келесі Documenty менюінің ішіне екі документ жасадым. Біреуі команданың күнтізбесі туралы документ болса Form6 (Сурет 4), екіншісінде сұранысты қолдана отырып, билеттің формасын жасадым Form7 (Сурет 5).

 

  Statistica менюіне отчеттарды жасадым. Отчеттарды жасау барысында отчет жасау генераторы Rave- ті қолдандым. Бірінші жағдайда билеттердің орта бағасы туралы отчет жасасам Form8 (Сурет14), ал екінші жағдайда жаңа DataModule қолданып,  query көмегімен ең максималды билет бағасын таптым Form13 (Сурет 15).

 

  O Programme менюына инструкция Form9 (Сурет 16) және об авторе туралы Form10 (Сурет 17) жаздым.

 

Vyhod менюына  Delphi –дан шығу терезесін құрдым Form11 (Сурет18). ...