Реферат: Ас қорыту туралы жалпы түсінік


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Медицина
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
8

Жоспар

 

Ас қорыту туралы жалпы түсінік. 3

ІІ Негізгі бөлім. 5

Ащы ішекте ас қорыту ерекшелігі 5

А) Ащы ішек. 5

Б) Ерекшеліктері 6

В) Ащы ішектің гистологиялық құрылысы.. 7

 

 

   Ащы ішекте ас қорыту ерекшелігі

А) Ащы ішек

Ащы ішек (тонкая кишка) – intestinum tenue – қарын мен бүйеннің аралығында орналасуқан азық қорыту аппаратының ортаңғы бөлімі. Ащы шекте қорында жартылай қорытылған жын құрамындағы қоректік заттар (белоктар майлар, көмірсулар) қабырғалық жалпыішектің бездің, ұйқы безінің сөлдері құрамын – ферменттердің әсері мен және бауырдан келген өттің қатысуымен өздерінің қарапайым мономерлеріне ыдырап, химиялық өңдеуден өтіп қорытлып, қорытылған қоректік заттар ащы шек бүрлеріндегі эпителий қабаты арқылы сорылып, қанға және лимфаға сіңіріледі. Сондықтан, ащы ішектің қабырғасы қан және лимфа тамырларымен жергілікті дәрежеде қамтамасыз етілген. Ащы ішектің ішкі бетіндегі көптеген қатпарлар мен ащы шек бүрлері ішектің ішкі беті ауданының көлемін арттырады.

 

Қабылданатын азықтың түрлеріне байланысты үй жануарлары ішектерінің ұзындығы әр түрлі болады. Жануар текті азықпен қоректенетін жануарлардың ішегі қысқа, ал өсімдік текті азықпен азықтанатын жануардың ішегі өте ұзын болады. Талғаусыз жануарлар (мысалы шошқа) ішегінің ұзындығы орташа болып келеді.

 

Ащы ішек өз кезегінде: он екі елі ішек, аш ішек және мықын ішек

 

Он екі елі ішек – intestinum duodenum – жануарлардың түрлеріне байланысты ұзындығы 40 см – 120 см дейінгі, қысқа шажырқайға ілінген ащы ішектің қарыннан басталар бөлігі. Ол қарынның қақпақша бөлігінен басталған бойда, S әрпі тәрізді иілім жасай бауырға бағытталып, одан әрі артқа қарай оң бүйрекке жетеді де, солға және          қарай бұрылып, шекарасыз ас ішекке өтеді. S әрпі тәрізді иілім аумағында он екі елі ішек қуысына бауыр мен ұйқы безі өзектері (сиыр мен шошқада бөлек, ал жылқы, ұсақ мал мен итте бірге) ашылады. Он екі елі ішектің кілегейліасты негізінде, өзектері ішек қуысына ашылатын арнайы дуаденальды безі болады.

 

Он екі елі ішек үй жануарларында негізінен құрса қуысының оң қабырғаастылық аумағында орналасады. Бауыр мен ұйқы безінің негізгі өзектері он екі елі қуысының алдыңғы бөліктеріне бірге ашылып, он екі  елі ішектің кіші бүртігін (papilla duodeni minor) жасауға қатысады .

 

 

 

Б) Ерекшеліктері

Күйіс қайыратын жануарларда он екі елі ішек ұлтабар ұшы деп аталады. Оның ұзындығы 70-120 см болады. Ол ұлтабардан 9-11 қабырғалар тұсында басталады да, тік жоғары көтеріліп, бауырдың бетінде он екі елі ішектің краниальды иілімін (flexura duodeni cranialis) түзеді. Бұдан соң, ол бауырдан каудальды бағытта оң бүйректің төменгі жиегін бойлай жамбас қуысының кіреберісіне дейін созылады да медгеальды бағытта бұрылып, ұлтабар ұшының каудальды иілімін (flexura duodeni cranialis) жасайды. Бұдан кейін, ол бел бұлшықеттерімен жанаса қайтадан бауырға қарай бағытталып оның маңында он екі елі – аш ішек иілімін (flexura duodenojejunalis) түзіп, аш ішекте өтеді. Бауыр өзегі он екі елі ішекке сиырда пилорустан 50-70 см-дей ұсақ малдарда 25-40 см қашықтықта ашылады. Ал ұйқы безінің өзегі сиырда бауыр өзегінен 30-40 см-дей кейінірек, ал ұсақ малдарда бауыр өзегімен бірігіп, бір бүртікке ашылады.

 

Иттің он екі елі ішегі ұзын шажырқайға ілінгендіктен, ол қозғалмалы келеді. Ішек негізінен төмендеген және өрлеме бөліктерден тұрады. Ол қарыннанан шыққаннан соң, жамбас қуысының кіреберісіне дейін созылған төменгі бөлікті құрайды. Бұл бөлік оң қабырғаастылық және оң бүйірлік аумақтарда орналасады. Бұдан кейін, ішек соңғы бел омыртқаға жетпей солға қарай иіліп, сол бүйректің оң жағын ала, краниальды бағытта қайтадан қарынға қарай бағытталып, ішектің  өрлеме бөлігін жасайды да, қарын маңында ішекке өтеді.Өт пен ұйқы безі өзектері бірігіп, пилорустан 3-8 см-дей қашықтықтағы бүртікке ашылады.

 

Ащы ішек – intestinum jefunum – ащы ішектің ең ұзын бөлігі ( сиырда – 40м, қойда – 30-35м, жылқыда -  30м  және итте – 2-7м ). Ол ұзын шажырқайға ілініп, көптеген аш ішек ілмектерін (ansal intestinalis) түзеді. Ол он екі елі ішекті мықын ішекпен жалғастырады.

 

Ерекшеліктері: Жылқыда аш ішектің ұзындығы орта есеппен 19-30 м, диаметрі 6-7 см-дей болады. Ішек бүйеннің алдыңғы жағында ұзын шажырқайға ілініп тұрады. Ол құрсақ қуысының сол жақ жарытысының жоғарғы және ортаңғы бөлігін алып жатады. ...

 

В) Ащы ішектің гистологиялық құрылысы

 

 Ащы ішектің қабырғасы да, басқа түтікше сияқты үш қабаттан: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан құралған. Бірақ қызметіне байланысты ащы ішектің қабырғасы құрылысында біраз ерекшеліктер болады. Атап айтқанда, ащы ішек кілегейлі қабығы құрылысында қорытылған қоректік заттарды сорып сіңіруге арналған болады. Оларға аш ішек кілегейлі қабығындағы қатпарлар, пішіні саусақ тәрізді ұзын кілегейлі қабыққа терең еніп жатқан кірмелер және эпителиоциттердің апикальді ұшындағы микробүрлер жатады. Ащы ішектің кілегейлі қабығы төрт қабаттан тұрады. Олар: ішектің эпителий қабаты, өзіндік тақташа, етті тақташа және кілегейліасты негіз. Кілегейлі қабықтың ішкі бетіндегі бүрлер мен крипталар бір қабатты призма тәрізді жиекті эпителиймен қапталған. Эпителийдің астында қан мен лимфа тамырларымен жүйкелерге бай борпылдақ дәнекер ұлпалық өзіндік тақташа жатады. Ішек бүрлері эпителий қабаты мен өзіндік тақташадан құралған. Бүрлердің ішіндегі борпылдақ дәнекер ұлпасында бүрлердің жиырылуын қамтамасыз ететін жекеленген миоциттер болады. эпителий қабаты өзіндік тақташаға бойлай еніп, крипталарды құрайды. Бір қабатты призма тәрізді эпителийді жолақты жиекті пішіні призма тәрізді энтероциттер құрайды. Олардың апикальді үшында ішек кілегейлі қабығының сору ауданын 30 еседей ұлғайтатын микробүрлер болады. Бұлар энтероциттердің жолақты жиегін түзеді. Микробүрлер плазмолеммасының ішкі бетін гликопротеидтен тұратын жұқа үлдір тәрізді гликокаликс қаптап жатады. Ол жын құрамындағы заттарды жабыстырып, ферменттердің көмегімен жарғақтық қорыту процесін іс жүзіне асыруға қатысады.  ...