Реферат: Бас сүйек жарақаттың хирургиялық анатомиясы


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Биология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
12

... Атап  өткен қабыну көздерінен инфекция әртүрлі жолдармен таралады: лимфогенді, гемотогенді және бойынан. Лимфогенді жолы ортаңғы құлақтың қуысын жұтқыншақ маңы май шелмен байланыстырады. Мысалы, ортаңғы құлақтың қабынуы кезінде үрдіс жиі құлақ түтіктің лимфатикалық тамырлар арқылы, дабыл қуысынан жұтқыншақ арты  лимфатикалық түйіндерге таралады. Жұтқыншақ арты лимфатикалық түйіндерден дамып келе жатқан обсцесстер, жұтқыншақтың артқы қабырғасын алдыға шығарады.  Жұтқыншақ арты обсцесстер, бір жақты болады (шандыр сілемелері, омыртқа алды шандырдан жұтқыншақ шандырға келеді – кеңістікті оң және сол бөліктерге бөледі). Кең ашылып тұрған ауыз арқылы жұтқыншақ арты абсцессті тіліп ашу кезінде, жұтқыншақтың артқы  қабырғасы жарылып тереңдігі 0,5 –1 см. болады. Науқастың қалпы тез өзгерді, іріңмен аспирацияланбау үшін, басын алдына еңкейтеді.

 

Бетінде инфекцияның гемотогенді жолмен таралуы аса маңызды, себебі дәл осымен қабыну үрдісі бастың ми және бет бөлімінің жұмсақ тіндерден бас сүйек қуысына ауысады. Ол веналар және вена аралық байланыстармен жүзеге асады. Жаңа туған нәрестелерде және ұрықта бас сүйек күмбезінің жұмсақ жамылғылар және мидың қатты қабығының синустарда веналық байланытар болады, ал 5 –20 жастан бастап көр шараның венасымен, мұрынмен, ішкі құлақпен, веноздық өрімдермен жаңа байланыстар пайда болады.

 

     Қабыну үрдістің таралудың үшінші жолы – бойымен бетте жүргізуші орын алады. Бірақ, бетте және адам денесінің басқа аймақтарында борпылдақ дәнекер тінінің жиналуы шандырлармен бірге шектелген, олар белгілі бір дәрежеде қабыну үрдістердің таралуына кедергі жасау мүмкін. Солай, іріңді паротит кезінде ірің жылдам (4 есе жиі) парафаренгиальды кеңістігіне өтіп кетеді. Тек шықшыт сілекей бедерінің жұтқыншақ өсіндісінің ішкі бетінде бұл бездің шандырлық қапшығы паренхимадан еркін түсіп кетуімен түсіндіреді. Сол себептен бұл жерде қабынулық экссудат жиналу мүмкін, ол кейін қапшықтың әлсіз жері арқылы өтіп кетеді. Әдеттегі тілдік Войно-Ясенец бойынша.

 

Бас сүйек жарақаттың хирургиялық анатомиясы

 

Бұл жерде тек күмбездің жұмсақ жамылығның және бас сүйектер туралы айтылады.

 

... Жараны скальпилірлеу (бас терісін алу). Сіңір шлемі терімен тығыз фиброзды ұстатқыштармен берік байланысқан (хирургиялық көзқарас бойынша бір қабат), бас сүйек күмбезінде борпылдақ сүйек қабығы көрінеді, скальпирленген жарақаттар сүйек қабығынан жұмсақ жамылғының бөлінуі , ал кейбір жағдайларды скальпильдің құрамында сүйек қабығы және бас сүйегінің сүйектері жалаңаш болып қалады. Жиі бастан бас терісінен алу әйелдерде кездеседі (ұзын шаш), сөйтіп оралу механизмдерден тартылады.

 

Бас миының жарақатты скальпирлеу кезінде екі түрін ажыратамыз: 1) толық емес, бұл жерде скальп біршама кең аяқшада ілініп тұрады (толық емес скальп); 2) толық, бұл жерде скальп толығымен жұлып алынған (толық скальп). Өзімен - өзі басты скальпирлеу өлімге әкелмейді, ауруханаларда ұзақ емдеуді қажет етеді. Бұл жарақаттарға дер кезінде көмек көрсетсе бас сүйек жамылғының қанмен жақсы қамсыздануы жақсы болуы тез жазылады. Бірақ толық скальп қатаң косметикалық ауруларға және ауыр психикалық жарақатқа әкеледі. әдебиеттерде толық скальптің жерсіну жағдайлары туралы жазылған. ...