Курсовая работа: Бюджетпен есеп айырысу есебі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Бухгалтерский учет, Бухгалтерлік есеп
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
48

Жоспар

 

КІРІСПЕ. 3

 1. САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕСЕБІ 4

1.1 Салық туралы түсінік. 4

1.2 Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының дамуы.. 5

 

2.  БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ 7

2.1 Тікелей салық бойынша есеп айырысудың есебі 7

2.2 Жанама салық бойынша есеп айырысудың есебі 36

2.3 Басқа да алымдар мен міндетті төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі 45

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 47

 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 48

 

1. САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕСЕБІ

1.2 Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының дамуы

 

... Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетгі төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқтық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

 

Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық, мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық, салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салықтөлеушінің міндеттемесі де пайда болады;

 

Салық базасы деп құқықтық, физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салык базасының негізінде салық сомасы және баска да төлеулердің мөлшері анықталады.

 

Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне карап белгіленеді. ...

 

2.  БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ    

2.1 Тікелей салық бойынша есеп айырысудың есебі

 

... Жер қойнауын пайдаланушылардың белгіленген төлемдері болып табылады және жерді пайдалануға жасаған келісім-шартта белгіленген мөлшерлемесі мен тәртіп бойынша ақша түрінде төленеді. Жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке шарттарын негізге ала отырып, бонустардың мына төмендегі түрлерін төлейді: қол кою бонусы; коммерциялық табу бонусы.

 

Қол қою бонусы жер қойнауын пайдаланушылардың заңда белгіленген тәртіпке сай келісім-шарт жасау кезінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыру құқығын беру үшін бір жолғы тіркелген (тұрақты) төлемі болып табылады. Қол кою бонустарының бастапқы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Өкілетті оргаңдары белгілейді, не тендер өткізудің шарттары бойынша белгіленеді. Қол қою бонусының түпкілікті мөлшері жер қойнауын пайдалану үшін берілетін кен орындарының (аумақтардың) экономикалық құндылығына қарай келісім-шарт негізінде белгіленеді. Қол қою бонусын төлеу мерзімі тараптардың келісім-шартымен немесе келісімімен белгіленеді, бірақ ол келісім-шарт жасалған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі керек.

 

Коммерциялық табу бонусы тіркелген төлем болып табылады және оны келісім-шарт аумағындағы әрбір коммерциялық табыс табу үшін жер қойнауын пайдаланушылар төлейді. Коммерциялық табу бонусы бұдан былайғы өндіру процесі көзделмеген пайдалы қазбалардың кен орындарына барлауды жүргізуге арналған келісім-шарттары бойынша төленбейді. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Коммерциялық табу бонусының мөлшері салық салынатын объектісінің, төлем есептелінетін базасының және мөлшерлемесінің негізінде анықталады. ...

 

2.3 Басқа да алымдар мен міндетті төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі

 

 ...  Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік  тіркегені үшін алым жеке кәсіпкерлер ретінде ҚР-ң аумағында заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде,сондай-ақ олар мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.Тіркеуді ҚР-ң заң актісінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда салық органдары (бұдан әрі тіркеуші орган) жүзеге асырады. 402-ші бапта айтылғандай алым төлеушілер болып:

1. ҚР заң актісіне сәйкес тіркелуге тиіс жеке тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

2. Шаруа (фермер) қожалықтары Ι─II және ΙΙΙ топтағы мүгедектер,сондай-ақ ҚР-ң азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын репатрианттар(оралмандар) алым төлеушілер болып табылады.

 

Алымды есептеу,төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі туралы айтайық. Алым сомасы ҚР-ң Үкіметі белгілеген ставкалары бойынша есептеледі және тіркеуші орган тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.Алым сомасы тіркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгізіледі.Алымды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге тіркеу жасаудан тартқан жағдайларды қоспағанда,төленген алым сомасы қайтарылмайды.Бұл орайда алым сомасы тиісті тіркеу органы берген,тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенін растайтын құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін қайтарылады. ...

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 1. ҚР-ң 1999 ж. 17 сәуірдегі «Салықтар және тағы басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар ҚР Президентінің жарлығы;

2. ҚР Президентінің жарлығы, заңды күшке ие «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру», 26.12.95  №309;

3. В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы 2002...