Дипломная работа: Қазақстан 2030 стратегиясы бағдарламасы бойынша саяси дамудың алғышарттары


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Экономика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
47

МАЗМҰНЫ

 

 

КIРIСПЕ. 3

 I. БӨЛІМ. ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ МАҚСАТТАР МЕН ОЛАРДЫ IСКЕ АСЫРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ. 6

 II. БӨЛІМ. ҚОҒАМДАҒЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ ПРОЦЕСI. 14

 III. БӨЛІМ.  ҚАЗIРГI КЕЗЕҢДЕГI ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЕРЕКШЕЛIГI. 37

 ҚОРЫТЫНДЫ.. 44

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 46

 

 

I. БӨЛІМ. ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ МАҚСАТТАР МЕН ОЛАРДЫ IСКЕ АСЫРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ.

 

...  Осыдан бiр ай бұрын Мәскеуде қол қойған Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны делимитациялау туралы шарттың тарихи маңызы зор. Тарихымызда тұңғыш рет бiз өзiмiздiң стратегиялық әрiптесiмiз Ресеймен заң жүзiнде  ресiмделген мемлекеттiк шекараға ие болдық.

 

 Осылайша бiз соңғы жылдары ұзына бойы 14 мың шақырымнан асатын шекараны толығымен  межелеуге қол жеткiздiк. Бұл бiздiң мемлекеттiк құрылыстағы жоспарларымызды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын ұлттық қауiпсiздiгiмiздiң маңызды кепiлi.

 

 Бiз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделерi толығымен ескерiлген жағдайда Бүкiләлемдiк Сауда ұйымына тезiрек кiруге мәселесі ұлттық қауiпсiздiгiмiздiң маңызды кепiлi.

 

 Бiз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделерi толығымен ескерiлген жағдайда Бүкiләлемдiк Сауда ұйымына тезiрек кiруге ықыластымыз.

 

 Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына, ТМД, ЕуроАзЭС-тi реформалауға, БЭК –тi  құру жөнiндегi жұмыстарға да ерекше  мән бередi.

 

 Бiздiң елiмiз үшiн барлық бағыттар бойынша ЕҚЫҰ мен бұрынғысынша iс-қимыл жасау маңызды болып қала бередi. 2009 жылы осы ұйымға төрағалық етуге бiздiң кандидатурамыздың ұсынылуына барынша жауапкершiлiкпен қараймыз. Бүгiнгi бастамалар сонымен қатар осы мақсаттарға қол жеткiзудi көздейдi.

 

 Қазақстанның әлемде қуатты экономикасы бар әрi  халықаралық қоғамдастықтағы тамыры берiк өңiрлiк держава ретiнде қабылданатынын да естен шығармағанымыз абзал. Бұл мәртебенi қастерлеуiмiз және елiмiздiң қазiргi әлемдегi беделiн  нығайту үшiн қосымша күш жiгер жұмсауымыз керек. ...

 

III. БӨЛІМ.  ҚАЗIРГI КЕЗЕҢДЕГI ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЕРЕКШЕЛIГI.

 

... Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған Индустриялық – инновациялық стратегияны іске асыра бастадық. Бұл болашақтың бағдарламасы. Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық. Биылғы жылдың ортасына қарай біздің қолымызда нарықтың туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты салаларда, кемінде 5 -7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы керек деп санаймын. Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне, солар айқындайтын болады. Біз өзімізді жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізетін экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі – Ұлттық инновациялық жүйе жасауды қолға алдық.

 

Индустриялық-инновациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде қалыптасты. Мемлекеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында 730 млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1 млрд. 200 млн. АҚШ долларынан асып отыр. 2004 жылы 204 инвестициялық жоба іске асырылса, соның тең жартысы даму институттарының қолдауымен жүзеге асты. Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек. Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын береді. Сондықтан да біздің шағын және орта кәсәпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс.  ...

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Назарбаев   Н.   Ә.    "Қазақстан   -   2030".    Ел   Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1998. — 96 бет.

2. Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы. 1996

3. Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде. Алматы, 1993.

4. Назарбаев   Н.   Ә.   Қазақстанның   егеменді   мемлекет   ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992.