Курсовая работа: Internet

Цена: 3 Скачать
Предмет:
Информационные системы и технологии, Программирование
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
39

Мазмұны

КІРІСПЕ. 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.. 5

1.ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛУ.. 5

2.ХАТТАМАЛАР. 7

2.1.  TCP/IP  хаттамасы, оның қолданылу мақсаты. 7

2.2.FTP  хаттамасы. 8

2.3 РРР хаттамасы (Point to Point Protocol) 9

3.ИНТЕРНЕТТЕ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ 11

3.1Электрондық пошта. 12

3.2 Телеконференциялар. 15

4 WEB ПАРАҚ ҚҰРУ, ОНЫ ИНТЕРНЕТКЕ WEB-SIDE ТҮРIНДЕ КӨРСЕТУ. 17

5. WORLD WIDE WEB.. 22

5.1Web жүйесімен қатынас құру тәсілі және World Wide Web-те ақпаратты  іздеу. 22

6. ИНТЕРНЕТТЕ АҚПАРАТТЫ БЕРУДІҢ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ. 26

6.1 Клиент қауыпсіздігі 26

6.2 Сервер ж/е брандмауер қауіпсіздігі 28

7. INTERNET EXPLORER  ДЕГЕНІМІЗ НЕ?. 30

7.1 Internet Explorer-дегі қауіпсіздік. 30

ҚОРЫТЫНДЫ.. 34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 35

Web параққа кестені және графиканы қосу. 36

2.ХАТТАМАЛАР

... Интернет TCP/IP хаттамасын пайдаланады. Бұл хаттама тасымалданатын мәліметтерді қалай пәкеттерге бөлу керектігін, олардың қалай құрылатынын, қажетті компьютерге сол пакеттердің жеткенін қалай бақылауға болатынын, мәліметті тасымалдау кезінде қате кетсе, оны қалай дұрыстайтынын және де басқа шараларды қалай жүргізу қажет екендігін анықтайды. Негізінде TCP/IP хаттамасы мен біртұтас IP-адрестер кеңістігін пайдаланатын мыңдаған жеке желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрады. Мұндағы желілердің барлығы да тең құқықты, басқару мен қаржы жағынан тәуелсіз болып саналады;

Қолданбалы хаттамалар жоғарғы деңгейде болып саналады, бұлар Интернеттің арнайы қызмет баптарының HTTP (Hyper Text Transfer Protocol-гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, FTP (File Transfer Protocol-файлдарды тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, TELNET (алыстан қатынасу) хаттамасының, электрондық поштаның SMTP және POP3 тәрізді хаттамалар, т.б. жұмысын қамтамасыз етеді ...

3.2 Телеконференциялар

...  Көптеген желілер алғашқы ретте ғылыми, конструкторлық және оқу орындарын жүйе ретінде жасалған болатын. Сондықтан ұжымдық пікір-талас жүргізуге арналған желі мүмкіндігі телеконференция деп аталып, ол белгілі бір салада ғана қолдануға негізделген еді. Бірақ кейіннен желілер практикада кең пайдаланылып, оның алғашқы ғылыми семинар, конференцияға арналған мүмкіндігі біршама шетте қала бастады.

Телеконференция ұйымдастыру кәдімгі кітапхана немесе архив жұмысына ұқсас жүргізіледі. Мұнда да көпсатылы тақырыптық каталогтар мен олардағы мәліметтерді сақтау ісі ұйымдастырылады. Телеконференцияларда әртүрлі орындардан алынған хабар-хаттар түрінде сақталады, олардың біразы электрондық пошта арқылы жинастырылады. Сол себепті мұндай хаттар мақалалар деп аталады. Нақты тақырыпқа бағытталған конференция мәліметтері каталогтар сатылары арқылы көрсетіліп тұрады десе де болады. Мысалы, relkom.commerce.food.drinks (байланыс, коммерция, тамақ, сусын) деген телеконференция атауы қарастырылатын мәселені біртіндеп отырып айқындайды: RELCOM телеконференциясы коммерцияға арналған, тамақ өнімдері, оның ішінде сусындар туралы өткізіледі. ...

4 WEB ПАРАҚ ҚҰРУ, ОНЫ ИНТЕРНЕТКЕ WEB-SIDE ТҮРIНДЕ КӨРСЕТУ.

... HTML – тақырыб стилiнiң  алты түрiн қолдайды. Мәтiндi қандай да бiр стильде азу үшiн  оны  <Hn> және </Hn> тэгтерiнiң  арасына орналастыру керек. Олар былай жазылады.

Heading style 1

Heading style 2

Heading style 3

Heading style 4

Heading style 5

Heading style 6

HTML төрт физикалық стильдi қолдайды. Физикалық стиль- бұл курсив немесе толықтық сияқты  қарiптiң атрибуттары. Олар келесi де көрсетiлген.

HTML тiлiнiң  физикалық стилi

Стиль                                                                тег

Толық шрифт                                                  ...

Курсив                                                             ...

Астын сызу

Машинопись (фиксталгенен)                        <TT>...</TT>

HTML логикалық стиль олар ерекшеленгенген мәтiннiң мағынасын анықтайды. Олардың қарiп атрибуттарына қатысы жоқ болғандықтан, олар әр браузерде әр-түрлi көрiнiс табуы мүмкiн. Логикалық стильдер келесi кестеде көрсетiлген. ...

5. WORLD WIDE WEB

Internet ішінде керекті информацияны іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті қарастырып өтейік.

World Wide Web (WWW, Web), яғни “дүниежүзілік өрмек” информация іздеп бүкіл дүние жүзіне “электрондық саяхат” жасайтын гиперматіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әртүрлі информация алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде WWW есептеледі. Internet-тің қалған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.

Мұнда бір-бірімен байланысқан сөздер тізбекше арқылы іздеу жүргізіледі. Өзіңізге керекті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты информацияны қарап шығасыз, сол информация ішінен тағы бір тақырыпты таңдап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан екіншісіне ауысып қарап шығасыз, бірақ, қажет болса, кейін оралуыңыз да қиын емес.

WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады. Гипермәтін деген не? Егер сіз Windows жүйесінің көмек беретін мәліметтер құрылымын қарап шықсаңыз немесе Macintosh компьютерінің Hyper Card файлын көрсеңіз, сол гипермәтін мысалы бола алады. Гипермәтін құжат бір ұғымнан екінші ұғымға мәтіндік байланыс арқылы (мазмұн арқылы) тез өтуді қамтамасыз етеді (links). Бір мәтінді бастан аяқ оқудан гөрі сол мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана оқып, сонан кейін сол бөлікпен байланысты басқа ұғымдарға жылдам өте аласыз. Бұлай жылжу ерекшеленген мәтін үзіндісіне курсорды алып барып тышқанды шерту арқылы орындалып отырады.

5.1Web жүйесімен қатынас құру тәсілі және World Wide Web-те ақпаратты  іздеу.

Web жүйесімен жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. UNIX операциялық ортасында сервистік қызмет көрсететін, компания  жасап қойған, арнайы команда арқылы WWW браузерімен оңай байланысу жолы бар. Оны іске қосу үшін www немесе lynx сөздерін енгізу керек.

Егер тұрақты қызмет атқару қажет болса немесе тікелей теру арқылы байланыс орнату керек болып жатса, өз WWW браузеріңізді пайдалану мүмкіндігі  де бар.

Қолдаланып отырған тәсілге қарамастан сіз гипермәтіндік файлдарда мәліметтерді  іздеп таба алатын браузермен жұмыс істей аласыз. Енді біз желіні пайдалану кезінде жұмыс істеуге тиіс Internet Explorer графикті браузермен сіздерді таныстыралық. Әрине бұдан басқа да браузерлер бар, мысалы, Netscape Navigator бірақ Windows 95 жүйесі өз Internet Explorer  програмасының ішкі  браузермен  жабдықталады. Windows  жүесінің басқа түрлерінде де арнаулы бірден бекітіліп берілетін  ішкі браузерлер болады, олармен жұмыс ітсеу де ыңғайлы. Ал егер кейбір себептермен сіз Internet Explorer – мен жұмыс істегіңіз келмесе, онда Netscape Navigator браузеріне немесе басқасына оңай ауыса аласыз және олардағы жалпы жұмыс істеу ережелері  бір – біріне ұқсас болады. ...

7. INTERNET EXPLORER  ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Internet Explorer –бұл Internet-те саяхат жасау үшін қоллданылатын , браузер деп аталатынарнайы программа. Браузерді компьютерге орнатпайынша, Internet-пен байланыс орнату мүмкін емес. Бұл программа көрсетілген URL-адрес бойынша сізге керекті әріптеспен байланыс орнатуы, бүкіл World Wide Web бойынша керекті Web-бетті іздеуді және келіп түскен ақпаратты сізге ыңғайлы түрде көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс. Internet Explorer-ды Microsoft корпорациясы құрастырып шығарды.Бұл браузерлердің алғашқысы Internet Explorer3 1995-жылдың соңына қарай пайда болып, ол Windows 95 операциялық жүйесінің құрамына енгізіліп, қолданушыларға сол операциялық жүйемен бірге ұсынылды. Кейінірек Microsoft компаниясыны, Windows 98 операциялық жүйесіні, интерфейсі де Internet Explorer 4.0 браузеріні, интерфейсі негізінде құрастырылды. Алайда Internet Explorer 4.0-ді , Windows 98 операциялық жүйесінен бөлек шығарылатын нұсқалары да бар. Сол үшін сіз оны Windows 95 және Windows 95 OSR2 операциялық жүйелеріне о,акй орната аласыз. Internet Explorer-дан басқа қолданушылар арасында Netscape Communications фирмасының Netscape Communicator браузері да кең таралған. Netscape браузерлері жеке программа болып шығарылады. Internet Explorer браузерінің артықшылықтары: оның әр-түрлі мемлекеттерге арналған локальды нұсқалары бар. Әрі бұл браузерлер Ашық әрі тегін таратылады. Бірақ бұл браузерлердің бір кемшілігі, опретивті жұмысты басқаруды бақылауды мүмкіндігінің төмендігі. Ал Netscape браузерлерінің бұндай кемшілігі жоқ.Сол үшін кәсіби адамдар көбінесе Netscape браузерін қолданады. Бірақ сіз екі браузерді де орнатуыңыз мүмкін.Олар бір-біріне кедергі келтірмейді.

7.1 Internet Explorer-дегі қауіпсіздік

Microsoft корпорациясы Internet-тің жұмыс істеуі үшін қауіпсіздіктің қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Сол үшін корпорация құрастырушылары Internet Explorer 3.0-ге қазіргі кезде қолданылытын Secure Sockets Layer (SSL) және Private Communicatoin Technology (PCT) хаттамалары үшін қолдама енгізді.

Secure Sockets Layer (SSL)

SSL хаттамасын World Wide Web-те қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Netscape фирмасы құрастырды. SSL қосымшалармен орындалатын хаттамалардан тәуелсіз және келесі міндеттерді атқарады:

-  Мәліметтерді ұсталынып алып, оқудан сақтау үшін оларды шифрлау.

-  Мәлімет алмасушы сыңарларды теңестіру үшін цифрлық жазылулар және сертификаттарды қолданатын идентификациялау.

-  Ақпараттық берілуі кезінде оның мүмкін болған өзгертілуінен сақтап, ақпарат бүтіндігін сақтайды. ...

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Д О’Доннел, Э.Лэдд. Microsoft Internet Explorer 3 в подленнике.

2.Павел Храмцов. Лабиринт Internet.

3.Пауль Хофман. INTERNET 7. ...