Дипломная работа: Несие және есеп айырысу қатынастары


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Право, Құқық
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
56

Мазмұны

 

КІРІСПЕ. 3

 

1 ТАРАУ. НЕСИЕ ҚАТЫНАСТАРЫҢ ЖАЛПЫЛАМА ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАР. 6

1.1. Заем шарты.. 6

1.2 Ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг шарты) 17

 

2 ТАРАУ. БАНКТIК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ (ТӨЛЕМ АЙНАЛЫМЫНА.. 25

ЖӘРДЕМДЕСЕТIН ШАРТТАР) 25

2.1.  Банк қызметің көрсету туралы жалпы ережелер. 25

2.2. Банктiк шот шарты.. 29

2.3. Ақша аудару туралы шарт. 38

2.4 Банк салымы шарты.. 43

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 53

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗІМІ 55

 

 

1 ТАРАУ. НЕСИЕ ҚАТЫНАСТАРЫҢ ЖАЛПЫЛАМА ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАР

1.2 Ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг шарты)

 

... Борышқордың қаржы агентi алдында ақшалай талапты орындауы оны клиенттiң алдындағы тиiстi мiндеттемелерiнен босатады. Қаржы агентiмен белгiленген мерзiмде оған талап етудi беру дәлелдемелерiн бермеу салдарынан клиент (бастапқы несие берушi) пайдасына төлем жасаған борышқор қаржы агентiнiң пайдасына төлем жургiзу мiндетiнен босатылуға тиiс.

 

Борышқорға тағы бiр құқық – қаржы агентiне қарсы талаптар қою құқығы берiледi (талаптар ҚР АК 370-бабына сәйкес қойылуға тиiс). Бұл талаптар борышқор мен клиент арасындағы қатынастардан құралады. Қарсы талаптар қою шарты болып борышқор клиенттiң қаржы агентiмен факторинг шартын бекiткенi туралы хабарламаны алған сәтiнде олардың борышқор мен клиент шарттарына сәйкес болғандығы табылады. Борышқорға, клиентпен қатынастарда болуына негiзделген, қаржы агентiне қарсы талап қою құқығын беру оған оларды сөзсiз қанағаттандыру құқығын бермейдi. Егер бұл факторинг шартымен көзделсе және клиент оны борышқордың талаптары бар екендiгi туралы ескертсе, қаржы агентi бұл талаптарды қанағат-тандыруға тиiс. Егер клиент борышқор алдында мiндеттемелердiң бар екендiгi туралы қаржы агентiн ескертпесе, онда қаржы агентi борышқордың қарсы талаптарын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

 

Талапты берудiң нәтижесiнде қаржы агентiне төленген соманы тiкелей клиенттен талап етуге құқығы бар борышқор белгiлi бiр жағдайларда оларды қайтаруды қаржы агентiнен талап ете алады. ...

 

 

 

2 ТАРАУ. БАНКТIК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ (ТӨЛЕМ АЙНАЛЫМЫНА ЖӘРДЕМДЕСЕТIН ШАРТТАР)

2.4 Банк салымы шарты

 

 ... Салым енгiзген тұлға шарт бойынша белгiлi бiр құқықтарға ие болады. Ол өзi белгiлеген талапты, егер Үшінші тұлғамен бiрiншi талапты орындағанын растайтын құжаттар берiлмесе, өзгертуi мүмкiн. Ол қойған талап Үшінші тұлғамен орындалмаса, не осы тұлға қайтыс болса, салым енгiзген тұлға салымға билiк ете алады. Мұндай билiк ету құқығы банк салымы шартымен көзделген талап туындағанға дейiн орын алады.

 

Уақытша жинақтаушы шот. Аталған қатынас шартты салым шартын бiлдiредi. Бұл шарттың мәнiсi төмендегiдей. Жаңадан құрылатын заңды тұлға ушiн жарғылық қорға ақша төлегендiгiн растайтын құжат беру қажет болған жағдайларда банк уақытша жинақтаушы шот ашады. Уақытша жинақтаушы шот бойынша жаңадан құрылып жатқан заңды тұлғаның жарғылығ қорын қалыптастырумен байланысты операциялар және банк салымы шарты  бойынша банкпен көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу жузеге асырылады.     

 

Бұл туралы банк салымы шартында алдын ала ескертiлуге тиiс. Уақытша жинақтаушы шотты ашу ушiн клиент Қазақстан Республикасының банктерiнде банктiк шоттарды ашу, жургiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаудың 39-тармағында көзделген құжаттарды беруге тиiс. ...

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗІМІ

 

1. ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім), 1999 ж.

2. Осипов Е.Б. Правовая природа банковских договоров. - Алматы: Әділет-Пресс, I997.

3. Сулейменов М.К. Осипов Е.Б. Залоговое право: Учеб.и  практ. пособие- Изд. 2-е. перераб. и доп., Алматы,  2002. ...