Дипломная работа: Терроризм (қылмыстық-құқықтық сипаттамасы)


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Право, криминалистика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
55

МА3МҰНЫ

 

КІРІСПE……………………………………..…….3

 

1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТЕРРОРИЗІМНІҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ…………………....................................................................................6

1.1 Терроризм түсінігі және оның пайда болу себептері........................ ......6

1.2 Терроризмнің психологиясы………………………………………...….......13

1.3 Экетремизм және терроризм: түрлері, айырмашылығы.................. .....21

1.4 Орталық Азия және Қазақстанда экстремизм мен терроризмнің

таралуы............................................................................................. ......26

 

2 ТЕРРОРИЗМ ҚЫЛМЫСЫМЕН КҮРЕСУДІҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ……………............................................................................….34

2.1 Терроризммен күрестің әлемдік тәжірибесі................................... ........34

2.2       Терроризм тенденциясы және онымен күресу әдістері.................. .....43

2.3      Қазақстанда терроризм мен экстремизмге қарсы іс-әрекеттің механизмі

және қүқықтық реттеу.....……………...............……...................................49

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………...………………….……………………………...53

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................... .....54

 

 

1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТЕРРОРИЗІМНІҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ 

 

 

 

1.2 Терроризм психологиясы 

 

... Жоғарыда айтылғаннан мынандай қорытынды шығаруға болады: "Камикадзе — Шахид комплексі,, когнитивті компоненттерден тұрады. Сонымен қатар эмоциональды компоненттен тұрады. Бір идеяға сенім рационалды жағдайдан гөрі, эмоциональды жағдай болып табылады. Яғни белгілі-бір білімнің сеніммен қосылуы.

 

Өзінің өмірін қию феномені тек Жапония мен исламдық Шахидтерде кездеспейді. Ол барлық халықта, дінде, елде бар. Бұл террористер ұйымға өте берілген болады және оны сатпайды. Ұйым оның ата-анасын ауыстырады. Камикадзе — Шахид террористеріне ұйымды пір тұту тән нәрсе. Камикадзе — Шахид өмірде тек бір идеяны көреді, басқа идеяны байқамауға тырысады. Патопсихологияда бұл "Қараңғы туннельде жалғыз жарықты көру,, синдромымен белгілі. Осы себептен Камикадзе - Шахидте "мәңгілікпен сырласу,, , "өзінің өмірін болашаққа арнау,, тілегі пайда болады.

 

Атақты террорист Б. Савинков өзінің сөзінде: "Мен террорға сенемін. Мен үшін террор революция үшін керек нәрсе. Қазір біз азбыз. Бірақ біз көп боламыз. Ертең мен болмайтын шығармын. Бірақ мен бақыттымын.,, [16] - дейді. Бұл жерде террористердің "болашақта,, көбеюі, ертеңінің жоқ болуына байланысты екеніне көңіл бөлу керек. Террорист — Камикадзе өзінің өлімі нәтижесінде ұйымның қатары көбейетініне сенеді.

 

Біреудің өмірін өзінің өмірі арқылы тартып алу террорист-камикадзенің негізгі мотиві. Бұл адамдарға басқа адамның өлімі қуаныш әкелмейді. Оларға өзінің өлімге қиғаны қуаныш әкеледі. ...

 

2 ТЕРРОРИЗМ ҚЫЛМЫСЫМЕН КҮРЕСДІҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ                                                                                                   

 

 

 

2.1 Терроризммен күрестің әлемдік тәжірибесі

 

... Біріншіден, терроризмге қарсы күрестің жаңа жолдарын дайындап, оны нақты жүзеге асыру қажет. Өйткені экстремизм мен терроризмге қарсы көп жылдық күрес тәжірибесі мұнда әлеуметтік-экономикалық факторлардың айрықша маңызының бар екендігін көрсетеді. Бүгінгі күнгі антитеррорлық қызмет терроризмге қарсы күш қолдану арқылы ғана емес, терроризм мен экстремизмді туындататын және тарататын «объективтік факторлардың» дер кезінде алдын алуға және жоюға бағытталуы қажет.

 

Екіншіден, халықаралық терроризмнің шиеленісу жағдайында ұлттық заң шығару жүйесі мен халықаралық құқық салаларындағы мәселелерді шешу қажет.

 

Түрлі елдердің арнайы қызмет және құқық қорғау органдарының ынтымақтастығының нәтижелілігінің мысалы ретінде террорлық қызметпен айланысатын тұлғаларға қатысты халықаралық Еуропалық ордерлердің енгізілуін көрсетуге болады.

 

Еуропа елдерінде терроризмнен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету жөніндегі халықаралық қор құру ұсынысы талқыланып жатыр. Бұл ұсыныстың бастамашыларының ойы бойынша аталған қордың құдіретіне гуманитарлық акциялар жасау, терактілер кезінде зардап шеккендерді емдеу, ата-анасыз қалған балаларды қамқорлыққа алу сияқты антитеррорлық шараларды ғана емес, террорлық топтарға қарсы арнайы операцияларды қаржыландыруға кірісуі тиіс.

 

Үшіншіден, ұлттық және халықаралық құқық қорғау жүйесі мен құрылымдарын халықаралық террорлық ұйымдарға қарсы күрес талаптарына сәйкестендіру керек. Бұл бағытта бүкіл әлемдік көлемде терроризмнің тарауына қарсы елдер ең алдымен кез-келген террорлық ұйыммен ынтымақтастықтан бас тарту туралы саяси шешім қабылдауы тиіс.

 

Төртіншіден, түрлі экстремистік ұйымдардың БАҚ пайдалануын шектеу керек. Өйткені тез процестер БАҚ-ты бір жағынан азаттық үшін күрескен имиджін қалыптастыру және өз идеяларын тарату үшін, ал екінші жағынан өздерінің мәртебелерін көрсету және халықты үрейлендіру үшін пайдалануы мүмкін. Көптеген жағдайларда треррорлық актілерді ұйымдастырушылардың міндетті түрде БАҚ өкілдерімен кездестіруді талап етуі кездейсоқтық емес [37]. ...

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

1. Военный энциклопедический словарь. М., 1983 С. 7362.

 

2. Рихтер Э. Почему пропаганда открытого общества должна стать частью антитеррориетической политики в Средней Азии? Институт "Открытое общество", Нью-Иорк. 2001. М. С. 240

 

3. Ожегов СИ Словарь русского языка. М.1986,С 691.

4. Генри Эрнст. Против терроризма. М., 1981 С.108 ...