Дипломная работа: Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Туризм
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
56

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ. 3

 

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ  ТУРИЗІМІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ, ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.. 5

1.1 Туризм туралы түсінік және туризм менеджментінің тиімділігі 5

1.2 Туризм индустриясын дамыту проблемасына теориялық негіздеме. 7

1.3 Қазақстандағы ішкі  туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама. 12

 

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ 24

2.1. Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері 24

2.2. Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары.. 38

2.3 Қазақстандағы туристік аймақтар. 47

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 51

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 55

 

ҚОСЫМШАЛАР....................................................................56

 

 

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ  ТУРИЗІМІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ, ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

 

1.3 Қазақстандағы ішкі  туризімінің қазіргі жағдайына сипаттама

 

 ... Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Елімізге туристер негізінен әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында көбінесе автожол көлігі пайдаланылады. Жыл сайын республикалық маңызы бар жолдар тізбесі толықтырылып, олардың құрамында ірі туристік объектілерге апаратын жолдар бар.

 

Сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм көлемін ұлғайтудың негізгі факторлары тармақталған көлік желісін дамыту және жолаушылар тасымалының барлық түрлерінің географиясын кеңейту болып табылады. Осыны ескере отырып, ұлттық тасымалдаушы -  «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы  туризм саласындағы уәкілетті органның қолдауымен    2002 жылдан бастап Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек-Рыбачье-Алматы бағыты бойынша “Жібек жолы меруерті” мамандандырылған пойызын ұйымдастыру жөніндегі жобаның бірінші кезеңін іске асырады.

 

Болашақта Тегеранға дейін екінші кезеңді, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округы арқылы Пекинге дейін үшінші кезеңді жүзеге асыру  жоспарланып отыр.

 

2003 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы кезеңде Қазақстан Республикасының шетелдермен туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастығының нормативтік құқықтық базасы кеңейді. Қазіргі кезде туризм саласында 26 келісім қолданылуда. Жапониямен, Грекиямен, Франциямен, Катармен, Сауд Арабиясымен, Словениямен, Польшамен, Моңғолиямен, Малайзиямен туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім жобалары контрагенттерге келісу үшін жіберілді.  Қазіргі уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі болып табылатын Дүниежүзілік туристік ұйыммен және Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше елдердің ұлттық туристік әкімшіліктерімен  ынтымақтастық нығайтылды.

 

Резидент еместерден ел экономикасына шетелдік валюта ағынының тұрақты артуы есебінен елдің төлем теңгерімі жақсарып отырғанын айта кету керек, туризм саласын қаржыландыру мәселесі шешілуде: 2001 жылдан бастап 26 млн. 111 мың теңге көлеміндегі қаржылық қаражат, халықаралық көрмелерге қатысу мен республикада халықаралық туристік жәрмеңкелер өткізуді қоса алғанда, туристік қызмет жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруға бөлінді. 2003 жылдан бастап туристік іс-шараларды қаржыландыру көлемі Бағдарламаны қабылдауға байланысты 32 млн. теңгеге, 2004 жылы – 34 млн. теңгеге артты және 2005 жылы бөлінген қаржы қаражат сомасы 39,5 млн. теңгені құрады. ...

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ

 

2.1. Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері

 

 ... Сонымен қатар “Жолаушылар тасымалы” акционерлік қоғамының поездарындағы қызмет көрсету деңгейі халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Вагон паркінің әбден тозуы және біршама бөлігінің ұзақ уақыт пайдаланылуы, оларды ауыстыру немесе қайта жаңғырту қажеттілігі жолаушылар тасымалының өзін-өзі ақтамайтындығымен, оларды субсидиялаудың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатындығымен түсіндіріледі. 

 

Автокөлік саласында  

 

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына сәйкес республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары тізбесіне ірі туристік объектілерге апаратын және туризмді одан әрі дамытуда барынша қызығушылық тудыратын  мынадай жолдар енгізілуіне байланысты соңғы жылдары туристік мақсатта автокөлік белсенді түрде пайдаланылып жүр:

1. Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы - Қорғас;

2. Шымкент–Қызылорда – Ақтөбе – Орал – Самара;

3. Алматы – Қарағанды – Астана– Петропавл;

4. Астрахань – Атырау – Ақтау –  Түркіменстан шекарасы;

5. Омбы–Павлодар–Семей–Майқапшағай;

6. Астана – Қостанай – Челябі - Екатеринбург.

 

  Статистика деректері бойынша 2005 жылы қаларалық автобустардың қызмет көрсетулерін 87615 (20,1 процент) турист, басқа да құрлықтағы жол құралдарын 53765 (12,36 процент) турист пайдаланған.

 

2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойындағы бөлінген жолақта мынадай объектілер жұмыс істейді:  925 - АМС, 108-ТҚС, 62 - қонақ үй, 1124 - тамақтану және сауда орындары, 61 - автотұрақ.

 

Су көлігі саласында

 

Каспий теңізіндегі Ақтау порты Қазақстанды Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан және Иран порттарымен байланыстырады. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен   ішкі су жолдары бойынша қатынастар бар.  ...

 

 

 

2.3 Қазақстандағы туристік аймақтар

 

... Келесі ретте ұялмай айтатын ауылымыздың аты – Ақ сүмбе. Бұл көне қаланың орны. Қаратаудың қойнына кіріп жатқан Ақ сүмбе ауылы Ақ сүмбе өзенінің  жағасында орналасқан. Көлденеңі 75, ені 60 метірге созылатын қала орны ықылым замандардан сыр шертеді. Қыш ыдыстарының сынығы 10-15-ші ғасырдағы қала екеніні дәлелдесе,  кей ғалымдардың пікірі бұл Дешті  Қыпшақтардың мұнарасы дегенге жуықтайды. Мұның қатарында Баба Түкті Шашты Әзіздің мазараты орын тепкен. Мұның барылығы туристер үшін аса ғажап құндылықтар санатында. Дегенімен де құм басқан өңірдегі көне мекендерге қарай бастайтын тастақ жол да жоқ. Оның басында қонатын жері мен су болмаса алыстағы шағыл құмның ортасына жанын қинап қай турист барсын?!  Жалпы мұндағы жәдігерлерге қарап, туризм саласын дамытуда үлкен мүмкіндік бар екені дәлелденген нәрсе.

 

Ресми деректерге жүгінсек, Кеңес заманы тұсында тұсында Қазақстанның Алакөл аймағы мен айыр қалпақты ағайының Ыстықкөлі туристерді тарту мақсатында бірдей қолға алынған. Тап қазір Ыстықкөл барша қырғыздың мақтанышы. Алакөліміз болса баяғы жартас бір жартас күйінде қалып отыр. Алакөлмен жалғасын табатын Жоңғар Алатауы қойнауындағы «Көл асу», Жоңғар қапасы, Тазжау, Ойжайлау секілді орындарының күтіп жатқаны қаншама уақыт.

 

Сасықкөл, Ұялы және  Жалаңашкөл өзендерінің қосылып Алалкөл болып жалғасын табатын өзен Алматы облысының шекарасында.

 

Осылайша отанымыздың екі-үш облысының ең көрікті де, көрнекті өңірлеріне ғана қысқа шолу жасау мақсатымыз – таныстыру ғана емес, осыншама көркем жерлеріміз қазіргі заманымызға сай отандық экономикамызбен мәдениетімізге пайдасын тигізе алама деген сұрақтарға жауап іздеу. Біз бұл жерде жер асты қазба байлықтары туралы айтқалы отырған жоқпыз, біз бұл жерде жер бетіндегі табиғи сұлулықты қайткенде ел назарына салуға болатыны туралы аз кем ойымызды ортаға салмақпыз. ...

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1. В.Н.Вуколов. История и теория международного туризма. Алматы, 2002

2. Г.М. Дуйсен Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане. Алматы, 2002г.

3. Проблемы становления индустрии туризма Казахстана. Материалы международной конференции специалистов туризма. Под редакцией С.Р.Ердавлетова.- Алматы: «Казақ университеті», 2001 ...

 

 

 

1