Курсовая работа: ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттейтін орган ретінде


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Банковское дело
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
37

Мазмұны

 

 

КІРІСПЕ. 3

 

І-ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ  ҚҰРЫЛЫМЫ.. 5

1.1 Ұлттық банктің мақсаты.. 5

1.2 Ұлттық банктің атқаратын қызметтері 9

1.3 Ұлттық банктің басқару құрылымы. 14

 

ІІ-ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ БАНК ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУШІ ОРГАН РЕТІНДЕ  19

2.1 Ақша нарығын реттеудегі ерекшеліктер. 19

2.2. Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі. 27

2.3  Ұлттық банк Қаржы министірлігінің – қаржы агенті ретінде. 30

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 35

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 37

 

 

І-ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ  ҚҰРЫЛЫМЫ

 

1.3 Ұлттық банктің басқару құрылымы.

 

 

... Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар жасауға өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіліктер кірмейді. Оның орынбасарларын төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне тәуелсіз 6 жыл мерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады. Сондай-ақ төрағаның орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе, онда 2 ай бұрын төраға арқылы Президентке арыз береді.

 

Ұлттық банктің Басқармасының мәжілістері қажетті кезде, бірақ айына кемінде бір рет өткізіліп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған қызметтерін орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын орган – Директорлар Кеңесі. Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың үш мүшесінің талабымен өткізіледі.  Директорлар Кеңесі Президенттің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

 

Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті.

 

ҚР Ұлттық банкінің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға келесідей негізгі қызметтер жүктеледі:

 

- мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;

 

- банк қызметіне қатысы бар ҚР Ұлттық банкнің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;

 

- Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;

 

- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабылдау;  ...

 

 

 

ІІ-ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ БАНК ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУШІ ОРГАН РЕТІНДЕ

 

2.2. Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі.

 

 

 

... 1997 жылы Қазақстан Ұлттық банкінің Басқармасы валюта операцияларын реттейтін бірқатар қаулыларды бекітті: «Шет ел валютасын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау тәртібі туралы ереже» (24 сәуір № 130), «Капитал қозғалысымен байланысты валюта операцияларын тіркеу тәртібі туралы ереже» (24 сәуір № 129), «Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесі» (23 мамыр № 206), «Қазақстан Республикасыында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы ереже» (23 мамыр № 229), «Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы ереже» (25 шілде № 295).

 

Ұлттық банктің валюталық интервенциясы – деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.

 

Ұлттық банктің валюталық нарықтағы интервенция дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

 

Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциясы жалпы ақша-несие саясатының шегінде жүзеге асты. Ұлттық банкінің шетел валютасын сату, егер ақша базасының өсімі басқа факторлардың әсерінен шетел активтерінен басқа болатын жағдайда, 1995 жылы жағдайлар көбінесе ақша массасының өсімін стерилизациялау және теңгенің айырбастау бағамын реттеу мәселелерін бір уақытта шешті. Бірақ кейбір айларда таза шетел активтерінің өсімі Үкіметке берілген таза несиелер өсіміне қосарланды, сонда ақша базасының өсімінің төмендеуі, Ұлттық банкінің екінше деңгейлі банктеріне беретін несиелерінің азаюы және Ұлттық банктің ноталарын эмиссиялау есебінен жүзеге асты. ...

 

 

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы – 2004 - №4 – 6-13 бет, №6 – 7-14 бет.

2. Егемен Қазақстан – 2005 - 3 қыркүйек

3. Егемен Қазақстан – 2004 – 19 мамыр  ...