Реферат: Аудит пәні, мақсаттары мен міндеттері. Аудиттің эволюциялық сатылары және негізгі функциялары


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Бухгалтерский учет, Бухгалтерлік есеп
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
12

... Алдыңғы қатарлы елдерде міндетті аудит туралы құқықтық-нормативтік актілердің қабылдануына байланысты тәуелсіз қаржылық бақылау саласы айтарлықтай дәрежеде ұлғайып келеді. Мәселен, Англияда міндетті аудит туралы заң 1862 жылы шықса, Францияда - 1867 ж., ал АҚШ-та - 1937 ж. қабылданды. Бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымы әлемнің көптеген елдерінде құрылған. Атап айтқанда, Ұлыбританияда, Англия мен Уэльстің Алқалы (присяжный - ант берген) бухгалтерлер институты құрылды (1980 ж.), АҚШ-та ~ Маманданған бухгалтерлер институты (1887 ж.), Германияда - Аудиторлар институты (1932 ж.) және Аудиторлар палатасы, ал Францияда – Сарапшы  бухгалтерлер палатасы (1942 ж.) мен Есепшот бойынша комиссарлардың ұлттық компаниясы құрылды. Италияда кәсіби аудиторлық қызметті Әділет министрлігінің бақылауында болатын арнайы атаулы тізілімге енгізілген адам ғана жүзеге асыра алады .

 

1887 жылы Американың аудиторлар ассоциациясы құрылды, сонан соң 1896 жылы Нью-Йорк штатында занды жолмен аудиторлық қызмет реттемеленді. Сол кездің өзінде-ақ аудиторлық лауазымды мамандық бойынша емтиханнан сүрінбей өткен және аудиторлық қызметпен айналысу құқығына арнайы лицензия алған маманданған бухгалтер атқара алатын еді.

 

Германиядағы   аудиторлық   істің  дамуына   1929-1933   жж. әлемдік экономикалық дағдарыс түрткі болды. Яғни акционерлік қоғамдар (АҚ) мен басқа формадағы кәсіпорындардың жаппай банкротқа   ұшырауы   қатаң   тексеру   тәртібін   және   тәуелсіз аудиторлар тарапынан есеп берулер мен баланстарды бекітуін талап етті.   1931  жылы АҚ пен басқа кәсіпорындардың есеп берулері мен баланстарын міндетті аудиторлық тексеруді және оның өткізілуі өздігінен реттелуді шарт етіп қойған үкіметтік қаулы қабылданды. 1932 жылы құрылған Аудиторлар институтының аудиторлық қызмет саласындағы мәселелерді талқылайтын мамандандырылған комитеті бар. Қазіргі кезде Германиядағы   аудиторлық   қызмет   1961   жылдың   24-ші   шілдесіндегі Аудиторлардың  кәсіби жарғысы  туралы  заңға сәйкес  жүзеге асырылады. Бүл елде кәсіби аудиттің екі ұйымы жұмыс істейді: Аудиторлар   палатасы   және   Аудиторлар   институты.   Мұның біріншісіне мүшелікке кіру әрбір аудиторға немесе аудиторлық фирмаларға міндетті болса, ал екінші ұйымда - әркімнің өз еркі өзінде   болады,   сөйтсе   де   онда   90%-тен   де   жоғары   неміс  аудиторлары бар. Аудиторлар палатасына мүшелікке кіру өздері аудиторлар болмаса да, барлық аудиторлық ұйым басқармасы мүшелеріне міндетті. Палатаның қызметін федералды Экономика министрлігі бақылайды. Бүл бақылау оның ісін басқаруды қарастырмайды, тек ГФР (ФРГ) заңдары мен Палатаның өз жарғысының сақталуын қадағалаумен шектеледі.

 

1867 жылдың 24-ші шілдесінде Францияда «есепшот бойынша комиссар» деп аталатын айрықша ревизорлардың акционерлік қоғамдардың баланстарын міндетті түрде тексеру мен бағалау туралы ережесін бекіткен қоғамдық заң қабылданды. ...