Реферат: Ахмет Иассауи


Цена: 1 Скачать
Предмет:
История
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
7

... Иассауи ілімі адамгершілік, мейірімділікке негізделеді. Діни – сопылық жолдың қатаң талаптарына сай келетін, жоғары адамшылық пен иман жолын берік ұстаған адам ғана шайқы бола алады.

 

Иассауи сопылығының негізгі талаптарының бірі – жалғыздық (Қылует). Жанына, жүрегіне, рухани тыныштық тілеген адамның мынау дүнияуи өмір, күнделікті ит тірліктен аз уақыт болсын қол үзіп, уайым-қайғыдан арылу үшін медресеге қырық күнге жату, сөйтіп, жан дүниесімен айналысу дәстүрі болған. Ондай орындарды ”Шілхана” деп атаған. ”Шіл” деген парсының ”Қырық” деген сөзі. Қырық күндікке байланысты мынадай хадис бар: ”Кімде-кім Аллаға ықыласпен қырық күн құлшылық етсе, оның жүрегінен даналық пен ізгіліктің бұлағы ағады” (Анастан рауаят етілген).

 

Қылуетте қырық күн отырады, оның өзіндік ереже-тәртібін орындайды. Қылуетке кірерден бұрын оның бірінші сатысы – сопылық көзқарасын қалыптастыру кезеңінен өтуі керек. Қырық күн жалғыздықтың астарында үлкен мән бар. Иассауидің бұл жолын Шәкәрім де, Ақан сері де т.б. жалғаған.

 

Әдебиетімізде Иассауидің Шәкәрімге дейін үзілмеген сопылық дүниетанымның үрдісі бар. ”Сопы болу – мына дүниеде өмір сүріп, бұл дүниемен өмір сүрмеу”. (12, 5) Бұл дүниенің пендешілігінен жоғары тұру, дүниеқұмарлықтан безу, арам нәпсіден тыйылу. Олар ғашықтықты Аллаға қарата айтады. Материалдық құндылықтан жан тазалығын жоғары қояды.

 

           Бұл дүниені бізге берді тағат қыл деп,

 

           Хақ зікірін дәйім айтып, рахат қыл деп.

 

           Зікірін айтып, шайтан үйін қират деп,

 

           Қайрат қылсам, ”файз уа футух” алармын ба?

 

(118-х.) деп, ертелі-кеш Жаратушы Алланы зікір етеді. ”Зікір салғандарды періштелер қоршап тұрады…” деп келетін аят, хадистерде айтылатын, ”ұйқы жоқ дидар талап болар құлға, Күндіз-түні зікір айтар олар мұнда…” деп Иассауи, Нақшбанди, Руми, Хафиз, Баязид Бистами тағы басқа ислам ғұламалары жазып кеткен кәдімгі алқа, ара зікір. ”Ала таңмен аралас зікір айтып зарлаған, бір Құдайдың достары” деп Әбубәкір ақын жырлайтын, Алланы зікір етеді, ертелі-кеш еске алады.  ...