Реферат: Кеңес үкіметі тұсындағы қазақ әдебиеті


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Литература
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
12

ЖОСПАР

 

 

Кіріспе. 3

1 Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті 4

2. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. 5

3. Кеңес дәуіріндегі қазақ балалар әдебиеті. 9

4. Кеңес дәуіріндегі қазақ тарихи әдебиеті. 10

5. Кеңес дәуірінің соңындағы қазақ әдебиеті. 10

6. Тәуелсiз Қазақстандағы қазақ әдебиеті. 11

 

 

4. Кеңес дәуіріндегі қазақ тарихи әдебиеті.

 

 

 

1960 — 90 жылдар iшiнде қазақ әдебиетінде тарихи тақырып ерекше қарқынмен дамыды. Ұлттар тарихына жасалған тұсау алынғаннан кейiн қазақ жазушылары елдiң тәуелсiздiгi мен бостандық идеясын тарихи материалдарға сүйене отырып, көтеруге мүмкiндiк алды. Бұл тұрғыда Iлияс Есенберлиннiң («Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас», «Алтын Орда»), Шерхан Мұртазаның («Қызыл жебе»), Мұхтар Мағауиннiң («Аласапыран»), Әбіш Кекiлбаевтың, («Үркер», «Елең-алаң») Әнуар Әлiмжановтың («Жаушы», «Ұстаздың орлауы», «Махамбеттiң жебесi»), Сәкен Жүнiсовтiң («Ақан Серi»), Софы Сматаевтың («Елiм-ай») тарихи романдары қазақ әдебиетінiң қомақты табыстарына айналды.

 

Тарихи романдар үлгiсi бүгiнгi күн тақырыбына шығарма жазушылар үшiн де мектеп болды. Бердібек Соқпақбаевтың, Қабдеш Жұмадiловтiң, Зейнолла Қабдоловтың, Тоқтаровтың, Ысқақовтың, Әкім Таразидiң, т.б. жаңа романдары дәуiр шындығының қайшылықты жақтарын кең ашып бейнелеуде, оқырманға заман мен адам туралы ой салуда едәуiр әдеби-көркемдiк жетiстiктерге ие болды.

 

Осы жылдарда театр сахналарында Тахауи Ахтановтың «Әке мен бала», «Жоғалған дос», Әлжаппар Әбiшевтiң «Нұрлы жаңбыр», Сәкен Жүнiсовтiң «Ай тұтылғанда», Ысқақтың «Таңғы жаңғырық», Дулат Исабековтiң «Әпке», «Мұрагерлер», М. Хасеновтiң «Пай-пай, жас жұбайлар-ай», Қалтай Мұхамеджановтың «Бөлтiрiк бөрiк астында», Н. Оразалиннiң «Шырақ жанған түн», Роллан Сейсенбаевтың «Түнгi диалог», «Нартәуекел» пьесалары табыспен жүрдi.

 

 

5. Кеңес дәуірінің соңындағы қазақ әдебиеті.

 

 

 

80-жылдардың соңына қарай, қазақ жазушылары бұрын айтылмай келген халық басынан кешкен аштық, қуғын-сүргiн оқиғаларын жазуға мүмкiндiк алды. Соңғы он жылдықтағы әдеби құбылыстар тақырыбы бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiн қозғауымен, тарихи ойымен, психологизм мен әлеум. iшкi өзара байланысымен, адамның iшкi жан дүниесiне, мiнезiне үңiле назар аударуымен, экологиялывқ, урбанизация, ғылыми-техникалық жетiстiктер көкейтестi, т.б. жайларға көңiл аударуымен ерекшеленедi.

 

 

6. Тәуелсiз Қазақстандағы қазақ әдебиеті.

 

 

Тәуелсiздiк жылдарының рухани нәтижесi Нұрпейiсов («Соңғы парыз»), Қабдолов («Менiң Әуезовiм»), Мұртаза («Ай мен Айша»), Мағауин («Сары қазақ»), Жүнiсов («Аманай мен Заманай»), Нұршайықов («Жазушы мен оның достары»), Ысқақ («Ақсу туралы аңыз»), Тоқтаров («Абайдың жұмбағы»), Софы Сматай («Жарылғап батыр»), С.Елубай («Тағзым»), Мұратбеков («Ай туар алдында»), Исабеков («Ай-Петри ақиқаты»), Тарази («Қара жұлдызға сапар»), Жұмадiлов («Тағдыр»), А.Жақсыбаев («Тiрек»), Қ.Исабаев («Шоң би»), Д.Досжан («Құм кiтап»), Б.Мұқай («Өмiрзая»), Ә.Сарай («Едiл-Жайық»), О.Сәрсенбай («Шеңбер»), т.б. көрнектi жазушылардың роман, повесть, әңгiмелерiнде көрiнiс тапты.

 

Әдеби онжылдықта Қ. ә-нiң дәстүрлi жанры поэзияда ұлттық үн мен азаматтық әуен жоғары деңгейге көтерiлдi. Барлық уақыт қабаттарына барлау жасау, поэтикалық қиялдың ауқымдылығы, лирикалық, баяндаушылық, публицистік және сыншылдық көңiл-күйдiң байлығы, суреттеу тәсiлдерi мен құралдарындағы батыл iзденiстер осы жылдар поэзиясына тән болды. Мүшайра, айтыс, әдеби-поэтикалық байқаулар шығармашылық iзденiстердiң молаюына түрткi болды.

 

20 ғ-дың 90-жылдарында ұлттық драматургияның ең басты нысанасы болған Кекiлбаевтың «Абылай хан», Ш.Құсайыновтың «Томирис», М.Байсеркеновтың «Абылай ханның ақырғы күндерi» тарихи драмалары ендi ғана тәуелсiздiк алған елдiң егемендiгiн сақтап қалудағы қиын күрестiң тiрегiн iздеудiң ерекше түрi iспеттi болады.

 

Қазақ әдебиеті өзiнiң бүкiл даму барысында күрделi де қайшылықты жолдардан өттi. Бүгiнгi қазақ ұлттық әдебиетi өсiп-өркендеген көп салалы, көп жанрлы, көрнектi авторлары бар, әлемдiк әдебиет деңгейiне көтерiлді.