Реферат: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Құқық негіздері
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
20

Жоспар

 

1. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері..........3

2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы..........3

3. Ішкі істер органдары..........5

4. ҚР-ның қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесі, мақсаты...........7

Әдебиеттер..........20

 

 

1. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері

 

Республикада Конституция, Заңдар, Президент жарлықтары және басқа нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық  қорғау органдары құрылған.

Құқық қорғау органдарына жататындар: прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, соттар, адвокатура.

Азаматтардың, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін әрбір құқық  қорғау органының алдына қойылатын  өз міндеттері, оларға берілген ерекше құқықтар болады. Олар бipiн-бipi қайталамайды, 6ipaқ өз міндеттерін орындау үстінде бip-бipінe қолқабыс тигізіп отырады. Прокуратура, ішкі істер органдары, тергеу органдары жинақталып келгенде күш құрылымы болып табылады ол кімдердің тарапынан болса да, мейлі өз еліміздегі азаматтардың, мейлі шетелдік азаматтардың, мейлі азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан болсын, заңдарды қол сұғушылықтан қорғау күзетінде тұрған сақшылар болып та буылады.

 

 

2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы

 

<...> Жергілікті жерлерде облыстардың, аудандардың, қалалардың прокурорлары болады.

Мысалы, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар кейде заңдардың талабын орындамау үшін оларды бұрмалауға тырысады. Сондықтан прокуратура барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың заңдар мен басқа да нормативтік актілер ережелерін бұрмалаусыз, дәлме дәл орындауын бақылап отырады.

Осындай мақсатпен прокуратура Конституция, заңдар, Президент жарлықтары кімнің тарапынан бұзылса да, соны анықтап, олар сол бұрмалауларды жою үшін шаралар қолданады. Ондай жолсыздықтардың көбі азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарына қатысты болып келеді.

Сондықтан прокуратура барлық мемлекеттік органдардың жұмысын мынадай бағыттарда қадағалайды:

1) прокуратура азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарының сақталуын  қадағалайды. Мысалы, егер үкімет немесе әлдебір министрлік не болмаса әкім азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзатындай шешім қабылдайтын болса, прокуратура осы органдарға (немесе сотқа) наразылық енгізіп, мұндай шешімнің заңсыздығын дәлелдейді;

 

 

3. Ішкі істер органдары

 

<...> Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері:

1) заңға қайшы озбырлықтан адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстардың және құқықты бұзушылықтың басқа да түрлерінің алдын алу, оларды анықтап, жолын кесу;

2) анықтама жүргізу ісін жүзеге асыру және қылмыстық жазалар мен әкімшілік шараларды орындау;

3) кәмелетке толмаған балалардың  қараусыз  қалуын және олардың  құқықты бұзуын анықтау және болғызбау, қылмыс жасап, алдын ала анықтаудан, тергеуден және соттан жасырынып, қылмыстық немесе әкімшілік жазаны мойындаудан жалтарып із-түзсіз жоғалғандарды және т.б. іздестіру;

 

 

4. ҚР-ның қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесі, мақсаты

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық  қауiпсiздiк органдары — республиканың  қауiпсiздiгiн  қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздеріне берілген өкiлеттiктер шегінде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық  құрылысын, мемлекеттік егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық,  ғылыми-техникалық және  қорғаныс әлеуетін қорғауды  қамтамасыз етуге арналған

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар.

 

 

Әдебиеттер

 

3. Сапарғалиев  Ғ.  ҚР Конституциялық  құқығы.— Алматы 1998 ж.