Реферат: Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдарындағы, жаңа замандағы саяси ой-пікірлер


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Политология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
13

Жоспар

      

1. Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдарындағы, жаңа замандағы саяси ой-пікірлер  3

2.  Батыс Еуропа елдеріндегі саяси ой-пікірдің негізгі бағыттары.. 9

Пайдаланылған әдебиеттер. 13

 

 

 

  Батыс Еуропа елдеріндегі саяси ой-пікірдің негізгі бағыттары

 

 

... Қоғамның шаруашылық өмірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың материалдық және идеологиялық мүдделері мен діни сананың араларында қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Дінді капитализмді тудыратын белсенді күш деп санады. Вебер әлеуметтік құрылым мен таптық жанжалдарға елеулі көңіл бөлді. Болашақ қоғам жұмысшы табының диктатурасы емес, шенеуніктердің диктатурасы болады деді.

 

Итальян саясаттанушылары Гаэтано Моска (1853-1941 жж.) және Вильфредо Парето (1848-1923 жж.) алғашқысы "Саяси тап" екіншісі "Элитизм" теориясының авторлары. Элита - француз тілінде сұрыпталған, іріктелген, таңдаулы деген мағынаны білдіреді. Олардың ойынша, қарапайым халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, өресі жетпейді дейді. "Саяси ғылым негіздері" деген 1896 жылғы еңбегінде Моска саясат дегеніміз бір-біріне қарама-қарсы екі таптың күресі. Қоғам екіге бөлінеді: жоғарғы "элита" және төменгі-бағынушылар. Элитаның өзін басқарушы және басқару құқығы жоқтар деп бөлді. Моска билеуші тапқа кірудің үш жолын көрсетеді: олар әскери атақ, байлық, қасиеттілік. Билеуші тап қоғамда мығым және жаңарып отырудың үш жолын көрсетті. Олар мұрагерлік, сайлау және басқарушыларды жаңа күштермен алмастырушылық.

 

Билеуші тапты жаңартып отыру керек деген пікірді Парето да жақтайды. Ол аристократияның мәңгі еместігін ескертеді. Олар дамудың белгілі бір сатысында алғашқы қадамынан айырылып ізденімпаздық қасиетімен айрылады. Осындай кезде қоғамда билікке ұмтылған күш-қуаты жеткілікті жаңа элита пайда болады. Ал, билеуші элита өз еркімен биліктен кетпейтіні де белгілі. Сол себепті қоғамдағы элиталардың алмасуы күш қолдану, мемлекеттік төңкеріс, революциялар арқылы жүзеге асады. Ал мұның өзі жалпы алғанда қоғам үшін пайдалы деп есептеді. Бұл екеуі де демократияға қарсы болып, оны қиял, сағым деп бағалады. ...