Реферат: Шәкәрім Құдайбердіұлы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Педагогика, Литература
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
4

... Еңбек етіп өмірдің ащы-тұщысын бастан кешкен кедей баласы, алда не боларын ойлап, не істеу керек, қалай өмір сүру болжап жетілген, піскен, еңбекпен шыныққанын көрсетсе, тұрмыс - тіршіліктен бейхабар бай баласының ебедеисіз, ешбір іске ыңғайы жоқ, біреудің еңбегімен күн көрген, тіл мықты қолдан келер ісі жоқ, шикі боп  қалған, жетілмеген нәрсеге теңейді, ондай адам емес, бір шикі зат деп бағалайды.

 

Шәкәрім дүниежүзі ақын-жазушыларының көбінің шығармаларын оқып, таныс болғандықтан көп үлгі өнеге алған ақын, олардың есімдерін зор құрметпен атап, елге әңгімелеп, солардай өнер-білім алуға, мәдениетті болып, ғылымды меңгеруге шақырады.

 

Шәкәрім Лев Толстойды нағыз әділеттің, анық ардың иесі деп танып, Абай қайтыс болғаннан кейін Толстойды тұтып, ақыл сұрап хат жазған.

 

Шәкәрім былай деген:

 

-Толстойдан 3 сұрақ сұрадым. Толстой сол сұрақтарыма өте қымбатты жауап қайырды.. Бірінші сұрағым: Адамның арына тиісті, өзім білетін жағымсыз қылықтардың бәрін тізіп жаздым да, осылардың ішінде және сіз білетін, арға ең ауыр тиетін не?- дедім.Толстой бұған:

 

Осы тізіп жазғандарыңның бәрі де адамшылық арға тиетін қайшы нәрселер. Меніңше, арға ең ауыр тиетін бір іс бар. Ол егер адам көпшілікке, не қоғамға зиян келтіретін істі ақиқат біліп, соны үш нәрседен қорғанып, сол ақиқатты айтпай қойса, сол арға өте ауыр тиеді. Бірінші, сен  өте бай болып, сол ақиқатты айтсаң, малыңа, байлығыңа зиян тиетін болса, екінші, сенмансап иесі болып, сол ақиқатты айтсаң, мансабыңнан айрылатын болсаң, үшінші, сен сол ақиқатты айтсаң, жазаға тартылатын болсаң. Міне осы 3 түрлі зардаптан қорғанып, көпке зиян келетін ақихатты біле тұра айтпай қалсаң, арға ең ауыр тиетін осы,- деп жауап берді.

 

Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңде-ріндегі негізгі идеялардың барлығы да Абай өлең, лирикаларымен үндесіп келеді, бірақ ол Абайдан көшірмейді, үлгісін алады, өтірік айтудан аулақ болу, қазақ халқының надандықтан құтылуы, еңбек етуі сияқты тақырыптарға жазған өлеңдері көптеп саналады.

 

Шәкәрім шығармалары, негізгі аттары мен тақырыптары, ақынның көздеген идеялары туралы да соңғы кезде мәліметтер толық берілген.

 

Мысалы, «Жуандар», «Бай мен қонақ», «Қайтқан шал», «Өкінішті өмір», «Бай мен кедей», «Ашу мен ынсап», «Талап пен ақыл», «Ақындарға», «Насихат» т.б өлеңдері, қоғамның әлеуметтік жағдайларын көріп отырып, өз заманындағы білімді, философиялық ой толғай алатын, халқының жағдайын шындық түрде суреттей білетін, қоғамдағы таптық теңсіздіктің түрлерін ашық бөліп-бөліп көрсете алатын. Қазақ халқының бойындағы келеңсіз істерді көрсетіп, оны түзеу жолдарын ескертетін шығармалар болады.

Шәкәрім табиғат көріністері лирикаларында Абай сияқты адамға немесе адамның қылығына ұқсатып жырлау жері де бар. Жердің сан алуан өсімдіктерге, жан-жануарға толы қалпын да әсем бейнелейді. ...