Доклад/Баяндама: Экология ғылымы, оның міндеттері. Экологиялық факторлар және олардың өзара ықпалы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Экология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
8

Жоспар

 

 

1 Экология ғылымы, оның міндеттері. 3

2 Экологиялық факторлар. 4

3 Күн сәулесі спектрінің әр түрлі үлескілерінің    биологиялык әсері. 7

 

 

2 Экологиялық факторлар.

 

 

... Кез келген ағзаның тіршілік жағдайына өте қолайлы әсерлер жиынтығын  қолайлы немесе оптимум факторлар деп атайды.

 

Әр түр үшін белгілі бір факторлардың қолайлы мәні түрліше болады. Бір түрге қолайлы әсер, екінші бір түрге керісінше зиянды болуы мүмкін. Сондықтан да қазіргі кездегі жер бетіндегі және су айдындарындағы барлық ағзалар белгілі бір заңдылықтар бойынша экологиялық факторларға байланысты таралған.

 

Факторлардың ағзаға ықпалы. Шектеуші фактор. Кез келген ағзаларға ықпал ететін факторлар бір-біріне байланысты болады және оған ағза түрліше бейімделе алады. Ағзаға әсер ететін орта жағдайларының қолайлы әсері мен оның шегі басқа әсерлердің ықпал ету деңгейіне де тікелей байланысты болады. Мысалы, егер қолайлы температуралық жағдай болса, айналадағы ортаның ылғалдылығының қолайсыздығына және қорегінің жеткіліксіздігіне қарамастан, ағзаның орта жағдайына төзімділігі арта түседі. Екінші жағынан алып қарағанда, қоректің көп болуы сол ағзаның ауа райының түрліше өзгерістеріне төзімділігін арттыра түседі. Бірақ та мұндай бірін-бірі толықтыра түсудің де шегі болады, соның арасында ағзаның  тіршілігі үшін қажетті бір фактордың орнын басқа фактор баса алмайды. Кейбір әсерлерді қолайлы деп айтуға мүлде болмайды. Мысалы, ағзаға әсер ететін радиация сәулелерінің қандай мөлшері болса да зиянды ықпал жасайды. Егер оның мөлшері артатын болса, ол соғұрлым қауіпті болып саналады.

 

Бір түрдің санының көбеюі және оның басқа түрлермен бәсекеге түсу қабілеті сол түрге тән қолайлы факторларды шамадан тыс ауытқытатын факторлар арқылы шектелетін болады. Егер де ағзаға ықпал ететін факторлардың біреуінің сандық мөлшері төзімділік шегінен артып кетсе, онда басқа жағдайлар қанша қолайлы болғанымен де түр тіршілік ете алмайды. Ағ­заның  тіршілігіне колайлы әсерлердің ең төменгі, әрі ең жоғары шегінен шығып кететін факторларды шектеуші факторлар деп атайды.  ...

 

 

 

3 Күн сәулесі спектрінің әр түрлі үлескілерінің    биологиялык әсері

 

 

 

... Табиғатта болып жатқан сан алуан өзгерістерді толық және жан-жақты   танып   білу    үшін    соңғы   кезде   үлгілеу    әдісі    де (жасанды   экологиялық  жүйе)   кеңінен  пайдаланылуда.   Мұндай жағдайда   зерттеу   кезінде   алынған   деректерді   математикалық  әдіспен  шешеді   (математикалық үлгілеу).   Елімізде  биосфераны мұндай математикалық үлгілеу жұмыстары 1972 жылдан басталды. Математикалық   үлгілеу   әдісі   арқылы   биосфераға   адамның   іс-әрекетінің  қаншалықты  ықпал   ететінін,   оның  келешектегі   әсері қалай   болатынын   және   биосферадағы  тіршілік   жағдайларының қалай    өзгеретінін    алдын    ала    болжауға    мүмкіндік        береді. Алынған деректерді математикалық ЭВМ арқылы есептейді. ...