Курсовая работа: Қазіргі экономикалық циклдің ерекшеліктері


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Экономика, Экономическая теория
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
26

 Мазмұны:

 

Кіріспе. 2

І Тарау. Экономикалық дамудың циклдық теориялары. 4

1.1.   Циклдік ауытқу – экономиканың жалпыға ортақ дамуының формасы. 4

1.2.   Экономикалық цикл теориялары. 9

1.3.   Циклге қарсы мемлекеттік реттеу. 12

ІІ Тарау. Экономикалық цикл факторлары. 15

2.1. Экономикалық циклдің ішкі және сыртқы факторлар жүйесі. 15

2.2. Мультипликатор – акселератор өзара әрекет ету тұжырымдамасы. 17

ІІІ Тарау. Қазіргі циклдік дамудың ерекшеліктері. 21

Қорытынды. 23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 26

 

 

 

І Тарау. Экономикалық дамудың циклдық теориялары.

 

1.3.    Циклге қарсы мемлекеттік реттеу.

 

 

... Несие - ақша саясаты несие бойынша пайыздық ставка, банктердің несие ресурстарының және инвестициялардың қысқару элементтеріне ие болады.

 

Тұтастай алғанда, циклдік ауытқуларды ретке келтіру, мемлекеттік саясат, экономикалык құлдырау кезіндегі бүкіл шаруашылық процестерінің белсенділігін арттыруға бағытгалған қайшы әрекет ету саясаты ретінде көрінеді. Бұны XX ғасырдың 80-ші жылдарының соңындағы КСРО - нің экономикалық дамуынан байқауға болады.

 

Бұрынғы КСРО - ды экономикалық дағдарыс ерекшеліктері, басқарудың әміршілдік - әкімшілдік формасынан және өндірісті ұйымдастырудың жоспарлы әдістерінің қателіктерінен көрінді.

 

КСРО- дағы өсу қарқынының баяулауы 70-ші жылдардың екінші жартысының өзінде байқалған болатын, өйткені, индустриялы алдыңғы қатарлы елдер 1973 жылдың өзінде ресурс көздерін сақтай білетін, жоғарғы тасқынды технологияларды қалыптастыру бағытына бет алғанда, біздің елдің басшылығы көп материалдар мен көп қуат көздері жұмсалатын және жерасты байлықтарын өндіруші өнеркәсіпті жедел дамыту саясатын ұстануын жалғастыра берді. КСРО-дағы экономикалық дамудың баяулауына, сол кезеңдегі нарықтық қатынастардың басып тасталуы мен мемлекеттік меншіктің үстемдік етуі шешуші рөл атқарды. Дегенмен, ұлттық экономиканың "опырылып құлауы", "әлсіретіп барып емдеу терапия" стратегиясын тандау нәтижесінде, 1991 жылдан кейін басталды.

 

КСРО экономикасы 80-ші жылдардың басында тоқырауға ұшырағаннан кейінелдің экономикалық жүйесін терең реформалау қажеттілігі, айқын мәлім болады. Тіпті шаруашылық тетігіне терең реформалық өзгерістердің болмаған кезінде де, 90-шы жылдың бірінші жартысында салыстырмалы түрдегі өндірістің аса терең құлдырауын күтуге болатын еді. ...

 

 

 

ІІ Тарау. Экономикалық цикл факторлары.

 

2.1. Экономикалық циклдің ішкі және сыртқы факторлар жүйесі.

 

 

 

... Ішкі факторлар - экономикалық өзгерістердің неғұрлым түбегейлі сәттері болып саналады. Қазіргі экономика үш негізгі факторларға: тұтынуға; инвестицияларға; үкімет қызметіне көңіл аударады.

 

Кейнс бойынша циклге қарсы реттеу, қор жинау мен инвестициялар қызметімен анықталатын жиынтық сұраныс экономикасына негізделеді. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе - теңдік жағдайына ұмтылған сұраныс пен "жұмыс" істеу қажеттілігіне келіп тіреледі. Мәселен, басқыншылық саясатын жүргізу арқылы жиынтық сұраныстың кеңеюі құлдырау кезеңіндегі тепе - теңдіктің үш тәсілімен: мемлекет шығындарының көбеюімен; салық ставкасының азаюымен; пайыз ставка төмендеуімен жүзеге асырылады.

 

Жиынтық сұраныс өркендеу кезеңінде, мемлекет " ұстамдылық саясатын" жүргізіп, қарсы шараларды қолданады. Ол мемлекет шығындарының азаюы (трансфертті төлемдер мен әлеуметтік бағдарламаларды үнемдеу), салықтар мен пайыздық ставканың көбеюінен көрінеді.

 

Қазіргі заманғы мемлекеттік реттеу саясаты монетаризм, яғни ақша ұсыныстарын реттеуі тәсілдерін қолдануды болжайды. Циклдік экономиканың жұмыссыздық пен инфляцияның қыспағынан жеңіліс тауып, страгфляциялық дамуы жағдайларында монетаризм экономиканы құлдыраудан алып шығуға көмектеседі. Сондықтан қиын жағдайдан шығу - бұл халықтың ақшалай табыстарын мақсатты шектеу болып саналады. ...

 

 

 

ІІІ Тарау. Қазіргі циклдік дамудың ерекшеліктері.

 

... Циклдік теорияны жасауда айрықша орынды Николай Дмитриевич Кондратьев (1892 – 1938жж.) алады. Ол Петербург университетінің түлегі, кейіннен сонда профессор болған. Экономика институты ғылыми кеңесінің мәжілісінде 1926-шы жылы 6-шы ақпанда жасаған «Конъюктураның үлкен циклдары» баяндамасы оған әлемдік атақ әкелді. Зерттеудің толық нәтижесі осы атпен 1928-ші жылы шыққан кітаптабаяндалды. Экономикалық циклдардың 7 -11 жылға созылатындығы белгілі болса, бұдан басқа да 48 – 55 жылға созылатын ұзақ циклдардың бар екендігі белгілі бола бастады. Мәселен, Н.Д. Кондратьев мынадай үлкен циклдарды қарастырды. Ол қоғамдық өндірістің технологиялық базасының радикалды өзгеруімен және оның құрылымдық қайта құрылуымен түсіндіріледі.  ...

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

1. Курс экономической теории/ Под ред. Чепурина М. Н. проф. Киселевой Е. А.  Киров, АСА,1994.

2.  Курс экономической теории. Общие основы экономической теории, микроэкономика, макроэкономика, переходная экономика: Учебное пособие /под. Общ. Ред. А. В. Сидоровича - М.: МГУ им. Ломоносова, "ДИС", 1997.

3.  Шүмеков З.Ш. Сүйіндіков Ж.С. Жаңағұлов А.Ш. « Экономикалық теория» Қарағанды, 2005. ...