Дипломная работа: Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы


Цена: 5 Скачать
Предмет:
Право, криминалистика
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
61

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ. 3

 

І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. 5

1.1 Құқық ұғымы, белгілері. 5

1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны. 12

 

ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА.. 22

2.1 Құқықтың қайнар көздері 22

2.2. Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы. 32

 

ІІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС. 47

3.1. Құқықтық қатынас ұғымы. 47

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 57

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60

 

 

І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.

 

1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны.

 

 

... ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында Конституциямыздың әлеуетін барынша пайдалану қажеттігі, оның әлемдегі демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келетіні танылып отырғандығын және Конституцияда берілген құқықтарды айқын пайдалану жайында ғана болуға тиістігін атап көрсетеді.

 

Бүгінгі елімізде жүргізіліп жатқан сот реформасындағы оң өзгерістер біртіндеп жүзеге аса бастағаны және соның арқасында сотқа деген халықтың сенімі күннен күнге артып келе жатқанын айта кетпесе болмас.Көптеген заңдар қабылданып, өзгерістер енгізілді, әрине алда, шешімін табуға тиіс басқа да келесі мәселелер бары белгілі. Дегенмен, басшылыққа алып,бағдар беретін негізгі заң өз әлеуетін әлі жоғалтқан жоқ. Мәселе оның орындалуына қатысты болуға тиіс.

 

Сондықтан, Қазақстанның әл-ауқаты мен тұрақтылығының, демократиялық жолмен дамуының іргетасы болған Конституцияны құрметтеу және оны сақтау-әрбір азаматтың борышы.Еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі - Конституция.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамдық тіршілік тынысын реттеуші және қазақ халқын басқа мемлекеттерден қалмай биік шыңға жетелеуші және ол шынайы демократиялық құжат екеніне көзіміз жеткен секілді. ...

 

ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА

 

 

2.1 Құқықтың қайнар көздері

 

 

... Еш нәрсеге бірден қол жетпейді. Табысты әрі тұрақты дамуға объективті түрде белгілі бір сатылар тән, оған құлашты бір сермегеннен жетуге болмайтыны да белгілі. Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз.

 

Экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу өз кезегінде саяси тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрі нысаналы реформаларды талап етеді. Ал бұл үшін Президенттің саясатын іске асыруға, ескінің қарсылығын еңсеруге, әрі күмәнданушыларды соңынан ерте білуге қабілетті кәсіпқой, зерделі, батыл және отан сүйгіш Үкімет қажет.

 

Біздің жас ұрпақтың кей өкілдері мемлекеттік қызметке тұрады. Олар жоғары ақы төленетін, жақсы оқытып-үйретілген, Қазақстан мен Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен жоғары қоятын мамандар бола отырып, жаңа дәуір жағдайында жұмыс істейтін болады.

 

2030 жылдың азаматтары мемлекеттің өздерінің құқықтарын қорғайтынына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді болады. Бұл ретте олар қолайсыз жағдаяттар себебімен өмірден өз орнын таба алмай, мемлекетке әлеуметтік көмек сұрап жүгінуге мәжбүр болған аз ғана адамдарға да мемлекеттің қамқорлық жасамайтынын білетін болады. ...

 

ІІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС.

 

3.1. Құқықтық қатынас ұғымы.

 

... Тұлғаны депутаттыққа кандидат ретінде тіркеутүшін заң белгіленген тәртіппен оны депутаттыққа кандидат етіп ұсыну, осыны дәлелдейтін және тиісті түрде жазылып толтырылған құжат, кандидаттыққа ұсынылуын білдіретін азаматтардың белгілі қолдары қойылған парақтардың болуы, сол тұлғаның жазбаша түрдегі келісімі, құқыққа өкілеттігі бар сайлау комиссиясының шешімі қажет болады. Жоғары оқу орнының студенті болу үшін орта мектепті тәмәмдағаны туралы аттестаты, денсаулығын куәландырған медицина мекемесінің анықтамасы, жеке басын куәландыратын төлқұжаты немесе куәлігі, арызы, оқу орнына түсудегі емтихандарды тапсыру парақшасы және сол оқу орнына қабылданғандығы туралы бұйрық болуы қажет.

 

Сонымен заңды айғақ дегеніміз – нақтылы өмірлік мән – жайлар. Сол айғақтармен құқық нормалары құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқталуын байланыстырады. Кейде бұл айғақтардың құқықтық нәтижесі болады, ал кейде бірнеше айғақтардың жиынтығы құқықтық қатынастар тудырады, өзгертеді немесе жояды. Бұған жоғарыда айтып өткеніміздей, зейнеттік қатынастар пайда болуы үшін үш айғақ қажет; жас, стаж және зейнетақы тағайындау туралы акт деп мысал келтіруге болады.

 

Заңды айғақтар бірнеше негіздермен жіктеледі. Нәтижесінің сипатына қарай олар мына топтарға бөлінеді. ...

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1. А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев Теория государства и права: учебное пособие.- Алматы, «Жеті жарғы», 2003, - 65-71стр.

 

2. А.С. Ибраева Заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша – қазақша қысаша түсіндірме сөздігі.- Алматы, «Жеті жарғы» 1996ж.

 

3. А. Жакупова «Конституция – основа развития государства» // Заң және заман.-2005ж. №9-17б. ...