Реферат: Қазақстан республикасының жер қоры, оның жіктелуі және өндірісте пайдаланылуы


Цена: 1 Скачать
Предмет:
Экология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
23

Жоспар

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫ, ОНЫҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТЕ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ.. 3

2.1. Қазақстан республикасының жер қорының жалпы сипаттамасы және жіктелуі 3

2.2. Тың және тыңайма жерлерді игеру кезіндегі жер қорының динамикасы және оның халық шаруашылық маңызы.. 3

2.3. Тың жерлерді игерудің экономикалық және әлеуметтік нәтижелілігі 4

2.4. Тың жерлерді игерудің теріс салдары.. 5

2.5. Қазақстан республикасының жер қорының қазіргі кездегі құрамы және жіктелуі. 7

2.6. Жер қорының алаптық құрамы.. 13

2.7.Ауылшаруашылық алаптарының сапалық сипаттамасы.. 15

2.8. Табиғи мал азығы алаптарының культуртехникалық күйі. 19

2.9. Жерлердің мелиоративтік күйі 20

2.9.1. Ластанған және бүлінген жерлер, экологиялық жағдайлары қауіпті және қолайсыз аймақтар. 21

 

 

2.2. Тың және тыңайма жерлерді игеру кезіндегі жер қорының динамикасы және оның халық шаруашылық маңызы

 

... Алғашқы рет бұл мәселе 1930 жылы көтерілген еді. Көрнекті ғалым академик Н.М.Тулайковтың сол кездегі болжауы бойынша Қазақстанда егістікке жарамды жерлердің көлемі 50-55 млн.га шамасында болған. Осы орасан зор ауданның 36 млн.га Сібір мен Оралға таяу Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Ақмола, Павлодар және Семей округтарында орналасқан екен. Барлық жыртуға жарамды жерлердегі бидай егістіктерінің үлес салмағы қарастырып отырған жылдары не бары 5% қана құраған.

 

Тек қана 1954 жылы кең байтақ өлкенің өміріне түбегейлі өзгерістер енгізген, жаппай қозғалыс орын ала бастады. Екі жылдың ішінде Солтүстік Қазақстан өңіріне 650 мыңға жуық адам көшіп келді, солардың ішінде 130 мың механизатор. Қазақ КСР–ның сол кездегі ауыл шаруашылығы Министрлігінің мәліметтері бойынша 1954-1960ж.ж. республиканың территориясында 25,5 млн.га жер жыртылған екен, соның ішінде 17 млн.га бес Солтүстік облыстарында (3 кесте) 1963 жылға қарай Қазақстанда 2695 совхоз бен басқа мемлекеттік шаруашылықтары және 542 колхоз жұмыс істеді. Олардың қарамағында 190 млн.га жер болып, соның 34 млн.га жыртылған жерді құрады.

 

Онжылдың ішінде Солтүстік Қазақстанда негізінен астық өндіру бағытындағы 600 жаңа совхоз ұйымдастырылды.

 

Сол жылдары осы бес облыстағы совхоздар мен колхоздардағы тракторлар саны -6,8 есе, комбайн -6,4 есе, жүк таситын автомобильдер -11 есе, электростанциялардың қуаттылығы -27 есе арта түсті. Тың совхоздарының энергиямен қаруландырылғандығы сол кезде-ақ бір жұмысшыға 60 а.к. құрады, ал КСРО көлемінде бұл көрсеткіш тек 7,2 а.к. шеңберінде ғана болды. ...

 

2.8. Табиғи мал азығы алаптарының культуртехникалық күйі.

 

 ... Бұталанған жайылымдардың ауданы 19,8 млн.га (11%), шабындықтардікі-130,1 мың га (3%). Бұндай жайылымдардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда, ал шабындықтардың негізгі аудандары Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында орналасқан.

 

 1995 жылдан 2000 жылға дейін әр түрлі себптерге байланысты жыртылған жер көлемінен мал азығы алаптарына 2,9 млн.га ауыстырылған. Бұл жерлердің жаратылыс шөп жамылғысы құрамының табиғи қалпына келу үшін едәуір ұзақ мерзім қажет. Сондықтан, қазіргі кезде республиканың солтүстік облыстарында олардың жайылым ретінде пайдаланылуы шектелген.

 

Жалпы республика бойынша 1995-2000ж.ж. аралығында азып кеткен жайылымдардың ауданы 2,5 млн. гектарға ұлғая түсті. Бұл негізінен, жылдан жылға күшейіп бара жатқан жайылымдардың шөлге айналу процесіне байланысты. ...

 

 

2.9.1. Ластанған және бүлінген жерлер, экологиялық жағдайлары қауіпті және қолайсыз аймақтар

 

 

... Қазір Арал өңірінде судан босаған жерлерде орасан зор территорияға жойқын теріс әсер ететін құмды-сортаң тақыршық қалыптасуда. Осындай жағымсыз құбылыстардың алдын алу топырақ және қсімдік жамылғысындағы өзгерістерді, сонымен бірге аймақтағы жалпы экологиялық жағдайларды анықтауды, осының негізінде оларды тұрақтандыру жөніндегі ұсыныстар мен шараларды белгілеуді талап етеді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен кешенді топырақ, геоботаникалық, гидрогеологиялық және т.б. зерттеу және іздестіру жұмыстарын жүргізу қажет.

 

Каспий өңірінде табиғи ресурстарын, мұнай мен газ кеніштерін белсенді игерудің нәтижесінде мал азығы алаптарының едәуір бөліктерінің шаруашылық айналымнан тыс қалу проблемасы пайда болуда. Бұл, өзі кезегінде, мал шаруашылығын азықпен қамсыздандыруға кедергі жасап отыр.

 

Балқаш өңірінің экологиялық жағдайы, алдымен Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендерінің гидрологиялық режимдерімен, жайылмаларының гидрогеологиялық жағдайларымен себептеледі. Сондықтан да Қапшағай ГЭС мен су қоймасын салудың салдарынан Іле өзенінің атырабында айтарлықтай өзгерістер пайда болып, табиғи ресурстарды, сонымен бірге жерді пайдалануда, бір қатар қиыншылықтар орын алды. Өңірдің суармалы алқаптарында топырақ қыртысының азуы, қайтадан тұздануы және улы химиялық заттармен ластануы, сонымен бірге ауылшаруашылық дақылдары түсімділігінің тұрақсыздығы байқалады. Бұл аймақтың территориясында экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты өсімдік жамылғысында, жерлердің шөлге айналуында қайтымсыз процестер орын алып отыр. ...