Реферат: Қазақстанда ішкі инвестицияның дамуы және шағын кәсіпкерлік. Қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Экономика
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
23

Жоспар

 

 

1. Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік, саяси дамудың құқықтық базасы 1995 жылы жаңа Конституция қабылданды. 3

2. Қазақстан экономикасына шетелдер инвестициясының тартылуы және оның пайдасы мен зияны. 8

3. Қазақстанда ішкі инвестицияның дамуы және шағын кәсіпкерлік. Қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы.. 15

 

 

1. Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік, саяси дамудың құқықтық базасы 1995 жылы жаңа Конституция қабылданды

 

 

... Заңды қастерлемейінше, құқық пен сот жүйесін ұлықтамайынша, Қазақстанда тиімді экономиканың болуы мүмкін емес. Мемлекет құру ісі — үздіксіз процесс, ол мемлекет қанша өмір сүрсе, сонша уақыт жүргізіле бермек. Әлбетте өмірдің өзі оған өзгерістер енгізуді, соның ішінде конституциялық өзгерістер енгізуді талап етуі ықтимал. Бірақ бір мәселенің басы ашық, Қазақстан Республикасының Конституциясы өзі өмір сүрген жылдардың ішінде өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеді, оның басты қағидалары бүгін де көкейкесті қалпында қалып отыр. "Қазақстан 2030" стратегиясында атап көрсетілген: "Аса ауыр жағдайларда жинақталған мемлекеттік құру, саяси және экономикалық реформалар жүргізу тәжірибесі, әлем және оның дамуы туралы білім-білігіміз", қазақстандықтардың төзімділігі мен түсінушілігі бізге қосымша күш-қуат пен сенімділік үстейді.

 

Еліміздің негізгі Заңы біз үшін алдағы уақытта да өзіміздің билік мақсатымыз — мемлекеттердің әлемдік қоғамдастығына енген, азаматтарының дәулетті лайықты өмір сүруіне барлық жағдай жасалған тәуелсіз экономикалық еркенді мемелекет құру жолындағы ілгері басуымызды реттейтін негізін қалаушы басты құжат болып қала береді.

 

Тәуелсіз Мемлекетгер Достастығы тарихыңдағы аса жарқын қүжаттардьщ бірі "Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам" бағдарламасы мен Еуразия одағының моделі болып табылады, оларда Президент Н.Ә.Назарбаевтың жан азабы мен ақиқаты — өз елінің қарапайым адамдары және тарих пен тағдыр тәлкегіне орай бір сәтте шекараның екі жағында қала берген бұрынғы КСРО азаматтары жөніндегі қамқорлығы шоғырланып, көрініс тапқан. Және де ақиқат пен әділеттікке жүгіне отырып, Н.Ә.Назарбаевтың адамдарға көмек беру және олардың өмірін жеңілдету тұрғысындағы жарқын идеясы мен шынайы ұмтылысын осынау оң іс-ниет арналған жандардың жылыүшырай қабыл алғанын есте сақтаған жөн. Бағдарламаның ТМД-да қабылдануы, Қазақстан Президентіне жолданған жүздеген, тіпті мындаған алғыс хаттар осының куәсі болып табылады. ...

 

 

 

 

2. Қазақстан экономикасына шетелдер инвестициясының тартылуы және оның пайдасы мен зияны

 

 

... Каспийдегі көздің құртына айналған байлық геосаясатпен қосыла өрілетініне ешкім шек келтіре қоймас. Қалай болғанда да басты нәтиже Астананың әуелі Ресеймен, одан соң Қытай, АҚШ және басқа да Батыстың алып мемлекет-терімен арадағы қарым-қатынасына келіп тірелді. Ресей мен Қытайдың, АҚШ-тың, қажетті жерінде Иранның өз ережесіне құрылған саясат ойыны күрделі қимылға ұласады. Мұнай төңірегінде мыңсан катпардан тұратьш сан құбылмалы саясатгың ара-жігін ашып, "диагаозына сәйкес" амал істегенде ғана Астана алпауыт әлемнің қырғи қабақ көзқарасына ілікпейді. Ал бұл дегеніміз қазіргідей кезеңде дипломатиялық дәстүрі енді қалыптасып келе жатқан Қазақстан үшін үлкен сынақ. Өйткені геосаяси мүдделердің бастауы әр еддің ішкі "менінен" бастау алып жатқандығы зандылық. Сондықтан, байлығы шалқыған Каспий көзін тапсаң экономикалық өркендеуге бастайды. Ал шалыс бассаң қасіретке бастау болатыны да ғажап емес. Келер ғасырда мұнай төңірегіндегі ықпалдастық қимылдың Каспий жағалауынан орын теуіп қалуы да ғажап емес деп айтып отырғанымыз да сол.

 

Каспий жағалауындағы тағы бір ел әзербайжандардың да таңдаған өз жолы бар. Мемлекет басшысы Гейдар Әлиев ұлы Ильхамды мұнай өндірісіне "жегіп жіберді". Ол — мемлекеттік мұнай компаниясының вицепрезиденті, содан соң премьер министр болды. 2003-жылы 16 қазанда Әзірбайжан президентінің сайлауы өтті деп танылды. Президент сайлауы барысында "Жаңа Әзербайжан" партиясының атынан ұсынылған президенттіктен үміткер, еддің премьер-министрі Ильхам Әлиев жеңіске жетті. Оған сайлауға қатысушылардың 80 пайызына жуығы дауыс берген. Қалай болғанда да Ильхам мұнай арқылы билікке бір табан жақындап келеді. Сөйтіп, Кавказ бойындағы тағы бір елдің мұнай мен биліктің ажырамас ұғым екендігін дәлелдеді.

 

Қазақстанда да мұнай төңірегіндегілердің үлкен биліктен үміті бар.

 

Мұнай құлағын ұстап отырғандардың бәрі де — елге белгілі есімдер, арасында осалы жоқ. ...