Реферат: Каспий мәселелері туралы мәліметтер мен қазіргі жағдайы.


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Экология
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
15

Мазмұны

 

 Кіріспе. 3

1.Каспий мәселелері бойынша жалпы сипаттамасы және экологиялық жүйедегі орны, пайдалану ерекшеліктері. 4

2.Каспий мәселелері туралы мәліметтер мен қазіргі жағдайы. 6

3.Каспий теңізінің табиғи ресурстарын тиімді пайдалануды жақсарту жолдары және болашағы. 10

Қорытынды  мен  ұсыныстар. 14

Қолданылған  әдебиеттер. 15

 

 

1.Каспий мәселелері бойынша жалпы сипаттамасы және экологиялық жүйедегі орны, пайдалану ерекшеліктері.

 

 ... Сонда Каспий теңізін бөліске салудағы түпкілікті шешім қандай негізде қабылдануы мүмкін?Мемлекетаралық келіссөздердің соңғы жетістігі – бөлістегі басты мәселе теңіздегі су қабатын немесе табанын бөлуде емес,оның қайнауындағы табиғи қазба байлықтарды бөлу керектігіне ортақ түсініктің пайда болуы.

 

Оны су айдындарында шекара жүргізудің халықаралық құқық ,қағидасына сәйкес мына негізде жүзеге асыруға болатын сияқты.Қысқаша мәні мынада: Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан келісімдерін нұсқа ретінде қабылдап,Иран,Әзірбайжан,Түркіменстан Каспий теңізінің ғылыми дәлелденген соңғы 1000 жыл аралығындағы ең жоғарғы және ең төмендегі деңгейіне сәйкес жүргізілген орнықты жағалау геометриясынан бастап есептелетін орта сызықпен су айдынындағы шекараларын белгілейді.Бұл ұсыныс бойынша келісімдерде теңіз деңгейіне байланысты екі жағалау сызығы және екі орта сызық  есепке алынады.Нәтижесінде,екі орта сызықтың арасы мемлекетаралық  аймақ  деп танылып,ондағы кен орындары тұтас немесе бөлшектері ортақ меншік ретінде саналады.Содан кейін әрбір мемлекеттің тұсындағы екі жағалау сызығының орташа мәні анықталып,мемлекетаралық аймақтағы кен орындарының қоры оған тікелей қатынаста білінеді.

 

Бұл ұсынысты сонымен бірге өткен жылдары бекітілген Ресей,Қазақстан,Әзірбайжан келісімдеріндегі орта сызықты жүргізу жұмыстарында әбден қолдануға болады.Қазіргі таңда ресми тіркелген жағалау сызығының ұзындығы төмендегідей: Қазақстан-2320,Ресей-695,Әзірбайжан-850,Түркіменстан-1200,Иран-900 шақырым.

 

Каспийді бөліске салу келіссөздерінде бұған дейін талай рет талқыға түскен ұсыныстарынан мына ұсыныстың айырмашылығы-оның тұрақты,талас тудырмайтын екі негізден туындайтыны: теңіз деңгейімен байланысты жағалау сызықтарының геометриясы және олардың дәлелді ұзындықтары. ...

 

 

 

3.Каспий теңізінің табиғи ресурстарын тиімді пайдалануды жақсарту жолдары және болашағы.

 

 ... КТК іске қосылды, Баку – Жейхан жобасының құрылысы бойынша (анкаралық, стамбулық) бірнеше декларациялар қабылданды. Қазір мұнайсыз бұл жоба экономикалық жағынан өзін өзі ақтамайды, деген пікірлер бар. Бүгіндері Каспий – ҚХР жобаларының құрылысы туралы келіссөздер жүргізуде, ол Оңтүстік – Шығыс Азия мемлекеттеріне шығуға мүмкіндік туғызады. Бірақ біз мынаны ескеруіміз керек,- дейді Н.Назарбаев «Каспий төңірегіндегі елдердің басым көпшілігі, демек Каспий теңізімен тікелей шектесетін елдер энергиялық қуаты зор шикізатты әлем рыногына шығаратын ірі-ірі мұнай, газ өнімдерін сатушылар болып табылады.        Мәселен, Ресей мен Иран мұнай, газ өнімдерін сыртқа шығарып сатудан дүниежүзілік алғашқы бестіктің қатарына енеді. Ал кейбір мамандардың бағалауы бойынша, бүгінгі таңда Ресей – сыртқа мұнай шығаратын ең ірі ел. Бұл жерде Ресейдің алатын орны барған сайын маңызды болатын түрі бар. Сондай-ақ Каспий жағалауындағы елдер өздерінің экономикалық проблемаларын дүниежүзілік рынокқа шикізат шығару арқылы шешуге ұмтылыс жасауда »

 

«Каспий бойындағы мемлекеттердің стратегиясы бұл аймақтағы отын – энергетика кешенін дамытуға ауқымды көлемде шетелдік инвестицияларды тартуға негізделіп жасалуда. Мәселен, Каспий мұнайы мен газын өндіріп, іске жаратуға бұл күндері 40-қа тарта компания қатысуда, олардың ішінде  АҚШ-тан – 11, Жапониядан – 2, Италия, Германия, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Финландия, Аргентина, Сингапур, Малайзия, Австарлиядан және де басқа елдерден кәсіпкелер бар».

 

Экологиялық таза технологияның дамуына қарамастан, мұнай мен газ өндірісі «лас» өндіріс күйінде қалып отыр. Осыған байланысты оның қауіпсіздігі мен биологиялық қуаттылығына назар аударылуда. Сондықтан Н.Назарбаев «Каспий маңындағы барлық мемлекеттердің стратегиялық мүддесіне, егер көмірсутегі қорының шексіз еместігін ескерсек, оларды игеруге кіріскенде бүкіл экологиялық талаптарды сақтай отырып және Каспий теңізінің экожүйесі мен биожүйесін сөзсіз сақтау тұрғысынан әрекет ету сай келетіні өзінен өзі анық емес пе?» деп жазады. ...