Реферат: Жылжымайтын мүлікке салық салудың жалпы теориялық негіздері


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Налогообложение
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
22

Жоспар

 

 1 ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЖАЛПЫ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 3

1.1 Салық жүйесі,салық түрлері,экономикалық мәні және атқаратын қызметтері 3

1.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесі 10

 

2 Жылжымайтын мүліктің құнын анықтауда қолданылатын әдістерге салыстырмалы талдау. 13

 

 

1 ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЖАЛПЫ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

 

 

1.1 Салық жүйесі,салық түрлері,экономикалық мәні және атқаратын қызметтері

 

 

... Қарапайымдалық принципі. Бюджеттің кіріс көзін құраудағы, салықтар мен төлемдердің тиімді түсуінің ең басты кепілі болып саналады.

 

  Салық жүйесі қарапайым да айқын болуы қажет. Салық төлеушінің түсінуіне жеңіл болуы қажет. Бұл үшін мынадай шаралар қолданылуы тиіс:

 

-              салықтардың түрлері аса көп болмай, нақты да дәлелді болуы керек;

 

-              белгілі бір салықтың түріне бірыңғай салық ставкасын белгілеу қажет;

 

-              салық салу объектісін, салық салынатын табысты немесе айналымды анықтау әдісі мейлінше жеңіл, қарапайым, қолдануға ыңғайлы және түсінікті болғаны дұрыс;

 

-              салық жеңілдіктері не үшін беріледі, оған қандай негіздері бар екендігі дәлелді болуы керек. Салық жеңілдіктерінің мейлінше азайғаны қажет;

 

-              салық төлеуде, салықты табыс көзінен, яғни төлем жүргізілген көзден төлеген ықтимал.

 

Әділеттілік принципі. Салық жүйесінде әділеттілік принципі тікелей және көлденең екі бағытта сақталуы тиіс.

 

  Тікелей әділеттілік принципі дегеніміз, салық ставкасы, салық мөлшері, төлеушінің табысына тікелей байланысты болып, соның негізінде белгіленуі қажеттігін қарастырады. Салық ставкасының шегі аса жоғары болмағаны жөн, себебі мұндай жағдайда салық төлеушінің табыс табуға ынтасы төмендеп, табыс азаюы мүмкін, ал бұдан салық та сөзсіз азаяды.

 

  Көлденең әділеттілік принципі дегеніміз, тисті жағдайда бірыңғай салық төлеушіге бірдей талап, бірдей шарт қойылу керектін қарастырады.

Салық төлеушілер белгілі бір табыс немес қызмет түрінен, мүлкінен бірдей ставкамен салық төлеуі тиіс.

 

  Салыстыру принципі. Бұл принцип бойынша салық ставкаларын бекіткен кезде ол ставкалар мөлшері басқа елдерде қолданылап жүрген ставкалармке салыстырылып, солардың деңгейінде белгіленуі тиімді. Себебі, шектен тыс жоғары ставкалар өндірісті дамытуға емес, керісінше оны тоқтатуға әсер етеді, шетелдік инвесторлардың ынтасын төмендетіп, олардың республика экономикасына қаржыларын салуына кедергі болуы мүмкін. Ал салық ставкаларынының басқа елдерде қолданылып жүрген ставкаларынан едәуір төмен болуы, алдымен мемлекет бюджетінің кіріс көзінің құралуына теріс ықпал жасауы ықтимал. Қорыта айтқанда: салық төлеуші салықты міндетті түрде табыс мөлшеріне қарай төлеуге тиіс.  ...