Курсовая работа: Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Право, Құқық
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
38

ЖОСПАР

 

 

Кіріспе. 3

І тарау. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі 5

1.1    Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі 5

1.2 Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері 8

ІІ тарау Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы.. 16

2.1 Әлеуметтік нормалардың түсінігі және мазмұны.. 16

2.2 Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері 24

2.3 Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі 30

Қортынды.. 35

Пайдаланылған әдебиеттер: 38

 

 

І тарау. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі

 

 

1.2 Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері 

 

 

... Республика парламентінің актілері: Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Республиканың заңдары, оның ішінде Парламенттің Конститутциялық және заңдарды қолдануды енгізу мәселелері жөніндегі Парламенттің нормативтік қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды, Парламент, өз құзіретіндегі мәселелер бойынша, сондай-ақ дара сипатты қаулылар қабылдайды.

 

Парламент пен Палаталар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша үндеулер, декларациялар, мәлімдемелер және заңдық сипаты болмайтын өзге де актілер қабылдауға хақылы. Парламент заң актілерін және басқадай актілерді палаталар бірлескен отырыстарында қабылдаған кезде дауыс беру Палаталар бойынша бөлек жүргізіледі.

 

Үкімет актілері – заңдардың және Республика Президенті актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметінің нормативтік актілері және жеке қаулылары. Үкімет актілері алқалық отырыстарында дауыс беру арқылы қабылданады, оған Премьер-министр қол қояды. Премьер-министр өз құзіреті бойынша жеке өкімдер шығарады. Үкімет қаулыларының және Премьер-министрдің өкімдерінің Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Үкімет қаулыларының күшін Республика Президенті мен Үкіметтің өзі, ал Премьер-министр жоя алады. [7]

 

Жоғары сот актілері – Республика сот билігінің жоғарғы органының заңды нысанда еркін білдіруі. Бұл жоғарғы соттың Президимуы, Пленумдары мен Төралқасының қаулылары мен өзге де актілері. Сот практикасының мәселелері бойынша соттарға түсінік беретін нормативтік актілерді Республикасының жоғарғы сот Пленумының қабылдауға хақысы бар.

 

Министрлік – ведомстволар өз құзіреті бойынша бұйрық, нұсқау береді. өздерінің жүйесінде бұл актілердің заң күші болады. Олардың орындалуын өздері бақылап отырады.

 

Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері – Кеңестер, Мәслихаттар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал губернатор, әкімдер – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды. Конститутцияға сәйкес мәслихаттардың жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе шығысын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қортындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін. ...

 

ІІ тарау. Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасуы

 

2.3 Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі 

 

 

... Құқық пен мораль мазмұны бойынша және олардың адамдардың санасына әсер ету тәсілдері бойынша ажыратылады. Егер құқық субьектілердің арасындағы қарым-қатынастарды заң және міндеттілік тұрғысынан реттесе; заңды-заңсыз, жазаланатын-жазаланбайтын. Мораль адамдардың іс-әрекетіне жақсылық-жамандық, мадақтау, адал-арам, қайырымды-қайырымсыз, ар, ұят, парыз тұрғысынан қарайды. Құқық рұқсат етілген және тиым салынған әрекеттерді кеңінен көрсетуімен, формальды анықтылығымен, алдын-ала санкцияны белгілеуімен ерекшеленеді. Ал, мораль болса, жазалаудың түрлерін көрсетпейді.

 

Құқық пен мораль оны бұзған жағдайда жауапкершілік нысаны бойынша ажыратылады. Қарама-қайшы әрекеттер жай жауапкершілікті емес, ерекше заңи жауапкершілікті белгілейді. Оны орындау бәріне міндетті. Адамгершілік нормасын бұзған жағдайда нақты процедура жоқ. Мұнда жазалау әрететері бұзған адамға ескерту жасау, сөгіс беру, ұйымнан шығару сияқты шаралармен шектеледі. Бұл мемлекет алдындағы жауапкершілік емес, қоғам, ұжым, отбасы алдындағы жауапкершілік құқық пен мораль адамдардың әрекетіне деген талаптардың деңгейі бойынша ажыратылады. Бұл деңгей құқыққа  қарағанда моральда биік. Ол көп жағдайда тұлғадан заңдарды көбірек талап етеді. Мысалы мораль сөзсіз кез-келген өтірік айту, жала жабу, алдау сияқты формаларды жазалайды. Мораль ешқандай антиқоғамдық әректтерді жақтырмайды. Құқық өте қауіпті деген жағдайларды жазаласа, адамгершілік нормалары индивидтің әрекетіне  көбіне талапшыл келеді. Құқық адамдарға үнемі адал, тәртіпті, әділ, болуға мәжбүрлей алмайды. Бұлар заңмен жазылмаған. Мораль болса осыған шақырады. «Адамгершілік заңдарының абыройы шексіз биік» Гегель. Құқық пен мораль әрекет ету сферасы бойынша ажыратылады. Құқыққа қарағанда моральдың кеңістігі үлкен және олардың шекаралары бір-біріне сәйкес емес. Құқық қоғамдық өмірдің маңызды деген облыстарды реттейді мысалы меншік, билік, еңбек, басқару. Ол өзінің реттеу шекарасынан мыналарды тысқары тастайды мысалы, достық, сүйіспеншілік, сән, талғам. Құқы өзінің шекарасынан шығып, «ерікті» және «еркін» руханиқозғалыс сферасына араласпауы керек. (И.Ильин) Бұл жерде моральдық, этикалық және басқада әлеуметтік нормалар әрекет етеді. Құқыққа қарағанда адамгершілік қоғамды жан-жақты қамтиды. Ол «әмбебап».(Е.А.Лукашева) Құқық пен моральдың тарихи жағдайы әртүрлі. Құқық белгілі бір әлеуметтік эволюцияның баспалдағында пайда болса, мораль қоғамда үнемі бар және бола бермек. ...

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

 

1. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы 2004 ж.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз (2011.02.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

3. Баянов Е. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері». Алматы  2003 жыл.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқықтану негіздері».  Алматы «Жеті Жарғы» 2003жыл. ...