Курсовая работа: Мектепке дейінгі шақтағы баланың зейінің дамуын зерттеу


Цена: 3 Скачать
Предмет:
Психология
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
26

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе...................................................................3-5

 

 

Ι тарау. Зейіннің теориялық мәні,ФЗИОЛОГИЯЛЫҚ  ТҮСІНІГІ, НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ

 1.1.Зейіннің негізгі түрлері................................................................................6-10

1.2.Зейіннің физиологиялық негізі.................................................................10-12

1.3.Зейіннің негізгі қасиеттері........................................................................12-16

 

ΙΙ тарау. Зейіннің қасиеттерін баланың жас шақтарына   байланысты зерттеу

 

 

2.1.Мектепке дейінгі шақтағы баланың зейінің дамуын зерттеу................17-19

2.2.Бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін дамытудағы ерекшеліктерін зерттеу....................................................................................19-21

2.3. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін дамытуға арналған әдістемелер......................................................................21-22

 

 

Қорытынды...................................23-24

 Пайдаланылған әдебиеттер.................................25-26

 

 

 

Ι тарау  Зейіннің теориялық мәні.

 

1.2.         Зейінің физиологиялық негізі.

 

... Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындауда доминанта принципі (А.А.Ухтомский) де жетекші мәнге ие. «Доминантаның түсінігі нақты бір мезетте жүйке орталықтарының қызметіне ықпал жасап, уақытша үстемдік етумен психикалық болмысқа бағыт-бағдар беретін қозу ошағын білдіреді. Доминантаның ерекшеліктеріне байланысты жүйке жүйесіне беріліп тұрған импульстер бірігеді жинақталады, сонымен бірге басқа орталықтардың белсенділігі шектеліп, қозу ошағының әрекеті күшейе түседі. Үстем қозу көзінің пайда болуына тек тітіркендіргіштің күші ғана емес, бұрын болған әсерлердің және жүйке байланыстарының өткен тәжрибеден қалыптасқан іздерді де негіз бола алады.

 

Бірақ жүйке қозғалысының индукция заңы да, доминанта жөніндегі тағылимат та динамикадағы зейін құбылысын, әсіресе оның ырықты  сипатын толық ашып бере алмайды. Оның себебі оның ырықты сипатын толық ашып бере алмайды. Оның себебі адамдарда жануарларға тән болмаған өз зейінін мақсат бағдарлы басқара алу қабілетінің болуында. Мақсат қою мен оны нақылап отырудан зейін туындайды, тұрақталады және ауысып тұрады. Қозудың басымдау ошағының пайда болуын бірінші және екінші сигналдық жүйкелердің өзара ықпалды байланысымен түсіндірген жөн, себебі қозу тілдік(екінші) сигналдың таңдамалы иррадиациясымен бірінші сигнал жүйесіне өтеді. Өз кезегінде, алғашқы тітіркендіргіштер сөздік баламаға келіп, мақсатты нақтылауға себін тигізеді де қажетті қозу көзінің одан әрі күш алуына көмектеседі. ...

 

 

 

ІΙтарау. Зейіннің қасиеттерін баланың жас шақтарына байланысты зерттеу.

 

 

 

2.1.Мектепке дейінгі шақтағы баланың зейінінің дамуын зерттеу.

 

 

 

... Бұдан кейін мектепке дейінгі ересектерден бастап балалар дұрыс шешімге келе бастайды,тіпті кейінгі тапсырмаларда жануарлардың жаңа түрлері салынған карточкаларды енгізгеннің өзінде де жауаптары дұрыс болып шығып отырды. Карточкаларды таңдап алу процесінде балалар жұмыла пайдаланды.

 

Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқау бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейігі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.

 

         Мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымды шамалы іс-әрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен бірге ойын процесінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейінгі оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. ...

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

1.  Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Қазақ университеті. 1992 жыл.

 

2. Алдамұратов Ә. Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы. Алматы. Мектеп, 1983 жыл.

 

3. Алдамұратов Ә.М. Мұқанов. Психолгия пәнінен лабараториялық практикалық сабақтар. Бірінші бөлім. Алматы, 1997 жыл, Екінші бөлім. 1979 жыл.

 

4. ймауытов Ж. Психология (оқу құралы). Қызылорда-Ташкент, 1926 жыл. ...