Курсовая работа: Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Психология
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
32

                                                      Жоспар

 

 

Кіріспе. 2

I тарау.Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері 3

1.1Жүйке жүйесі ұғымы мен мәні 3

1.2 Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты.. 4

1.3 Негізгі жүйке процестері.Тежелу мен қозу және оның түрлері. 6

II ТАРАУ.ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ. 12

2.1 Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері 12

2.2 Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі 25

2.3 Жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері 27

Қорытынды.. 31

Әдебиеттер тізімі 32

 

 

I тарау.Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері

 

1.3 Негізгі жүйке процестері.Тежелу мен қозу және оның түрлері.

 

 

... Орталық жүйке жүйесінің жоғарырақ бөлімдері бас миының үлкен жарты шарлары түрінде болады. Үлкен жарты шарлар құрамына жүйке жасушаларының жиынтығының түбінде жатқан -  қабықасты түйіндері енеді. Жарты шарлардың бетінде жүйке жасушаларының қабаты – бас миының қабығы орналасқан. Оның беті қатпарлар қатары және иірімдер түрінде болады. Қабықасты түйіндері мен оларға жақын орналасқан көру дөңбешіктерін қосып, қабық астары деп атайды. Қабық қабықтың астарымен бірге рефлекторлық әрекеттің ең күрделі түрлерін жүзеге асырады.

 

         Жүйке жүйесінің барлық бөлімдері өзара тығыз байланыста жұмыс істейді, бірақ әрбіреуінің ағзаның әр түрлі реакцияларындағы рөлі бірдей емес. Арқа миы – бас миының өзекті бөлігі, созыңқы және ортаңғы ми – туа біткен шартсыз рефлекстердің рефлекторлық орталықтарының жиынтығы болып табылады. Арқа миында аса қарапайым рефлекстер орталықтары бар.Дене мен аяқтарының қанқа бұлшық еттерінің жұмысын реттеуші рефлекторлық орталықтармен бірге арқа миында ішкі мүшелер жұмысын реттеуші орталықтар да орналасқан.

 

         Бас миының өзекті бөлігі бірқатар күрделі және өмірге маңызды шартсыз-рефлекторлық актілерді жүзеге асыратын орталық аппарат болып саналады. Олардың қатарына ему рефлексі, шайнау және жұту жатады. Бұл рефлекстердің барлығын реттеуші рефлекторлық орталықтар созыңқы мида орналасқан. Кейбір қорғаныс рефлекстерін түшкіруді, жөтелуді, жас бөлінуді реттеуші жүйке орталықтары да сонда орналасқан.

 

Ортаңғы мида көз бен құлақтан қозғаушы салаға беретін орталықтармен бірге, қарашықты кішірейтетін орталық та орналасқан. Созыңқы мида орналасқан дем алу мүшелерінің, жүрек тамыр жүйесінің, сондай-ақ ағзаның ішкі ортасының қалыптылығын сақтайтын басқа жүйелердің жұмысын реттеуші жүйке орталықтары орналасқан. Мишық қызметі: жүргенде, жүгіргенде, секіргенде және тағы басқа ағзаның тұрақты тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін дененің барлық бұлшық еттерінің күйлерін реттеп отырады.

 

Қабық астары күрделі шартсыз рефлекторлық әрекетті қамтамасыз етеді. Көру дөңбешіктері – қабық астарының түйсік орталығы, ал қабықасты түйіндері – қабық астарының қозғаушы аппараты болып табылады. ...

 

 

 

II ТАРАУ.ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ.

 

2.1 Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері

 

 

...       Бұдан бір ғасырдай бүрын ми жарты шарларының бірдей еместігі, әсіресе олардың қызметінің арасындағы айырма-шылығы анықталған болатын. Мидың сол жағындағы сөйлеу орталығы зақымдалса, адам сөйлей алмай қалатынын Брок дәлелдеген. Осы аймақтың басқа бір нүктесіндегі нейрондар істен шыққаннан кейін, адамда сөздің мағынасын түсіну қабілетінің бүзылғанын Вернике анықтады. Сол мәліметтерге байланысты мидың сол жақ жарты шарының ойлауға қаты-сы барлығы байқалды.  Мидың оң жақ жарты шары кеңістікті қабылдау қызметін, алсол жақ жарты шары сөйлеу, ойлау қызметтерін атқаратыны туралы мәліметті Р.Сперри ұсынды. Бұл қағида бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, көптеген ғылыми деректер жиналды. Сөйтіп адамның миының жарты шарларына тән негізгі қызметтер анықталды. Р. Сперри өзінің пациенттерін бақылау арқылы мидың екі жарты шары екі ми іспетті қызмет атқаратынын байқады.

 

             Жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу. Орталық тежелу. Жалпы алғанда, жүйке жүйесінің қызметі екі нерв қызметіне - нейрондағы қозу мен тежелуге негізделген. Қозу мен тежелу екеуі де нейрондардың белсенді қызмет қабілеті. Тек қозу кезінде ғана нейрондардың қызметі пайда болады, ал бұрын жасап жатқан қызметі күшейеді. Тежелу кезінде, керісінше, нейронның қозуы төмендеп, сосын мүлде тоқтап қалады да, оның қызметі өшеді. Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жататын зат алмасуының өзгеруіне байланысты. Екеуінде де энергия жұмсалып, нейронның биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Қазіргі кезде қозу мен тежелудің барлық жағы жақсы зерттелген. Дегенмен балалардың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін түсіну үшін қозу мен тежелудің пайда болуына байланысты организмнің қызметі басталып немесе күшейіп және нашарлап, не тоқталатынын білсек жеткілікті.

 

Ал жүйке жүйесінің шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер:  жүйке түбіршіктеріжүйкелержүйке тораптарыжүйке түйіндері және жүйке талшықтарының ұштары жатады.

 

Жүйкелер (лат. nervi) — адам мен жануарлар  организмдерінде жұлын мен ми және вегетативтік жүйке ганглиондарымен (түйіндерімен) байланысып, белгілі бір мүшелердің қызметтерін реттеуге маманданған жүйке талшықтарынан құралған мүшелер. Организмде жүйкелер: жұлын жүйкелері, ми жүйкелері және вегетативтік (симпатикалық және парасимпатикалық) жүйкелер болып үш топқа бөлінеді. ...

 

1 

 

Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

  1. 1. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Оқулық,5-ші басылым. Алматы,2004.
  2. 2. Жарықбаев Қ. Психология. Пед. училищелерге арналған,2-ші басылым. Алматы,1982.
  3. 3. Психология адамзат ақыл ойының қазынасы. Алматы,2005.
  4. 4. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы,1992.
  5. 5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы,1993. ...