Реферат: Кәсіпорын инновациясы мен инвестициясы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право, Предпринимательство
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
22

ЖОСПАР

 

Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.. 2

1 Кәсіпорын инновациясы мен инвестициясы.. 2

2 Инновациялық қызметті ұйымдастыру мен қаржыландыру. 5

3  Кәсіпорында жаңа өндірісті дайындау. 12

4  Инновациялық коммуникация жүйесі 14

Бақылау сұрақтары.. 21

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22

 

 

1 Кәсіпорын инновациясы мен инвестициясы

 

 

... Қазіргі заманға сай жағдайларда кәсіпорынның қызметі инновация мен инвестициясыз мүмкін емес.

 

Инновация – бұл өндірістің жаңа немесе жетілдірілген өнімді, технологияны, процесті өндеу мен меңгеру.

 

Экономика дамуының нарықтық жағдайы тек сандық қана емес, сапалық өзгерістерді де талап етеді. Бұл өзгерістерді ғылыми-зерттеу базасын үздіксіз дамытудың арқасында алдыңғы қатарлы техника мен технологияны қолдана отырып жүзеге асыруға болады. Бұл жоғары сапалы жаңалықты енгізу үшін  инвестиция қажет.

 

Инвестиция – пайданы алу және оң әлеуметтік нәтижеге қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік және басқада қызмет түрлерінің объектілеріне салынатын ақша қоры, мақсатты банк салымдары, пайлар, акциялар мен басқа да құнды қағаздар, технологиялар, қондырғылар, лицензиялар, несиелер, кез-келген мүлік немесе мүліктік құқықтар, сонымен қатар интеллектуалды құндылықтар.

 

Инновациялар технологиялық, өнім-инновация, процесс-инновация деп жіктеледі.

 

Технологиялық инновация дегеніміз жаңа технологиялық процесті өңдеу мен игерумен байланысты кәсіпорын қызметі.

 

Өнім-инновация жаңа немесе жетілдірілген өнімді жасақтау мен ензізуден тұрады. Бұл жағдайда кәсіпорын өнімді қолдану саласы (немесе пайдалану саласы), функционалдық сипаттамалары, белгілері, конструкциялық орындалуы, қосымша қызметтері, сонымен қатар қолданылатын материалдар құрамы мен құраушылары жаңа немесе ертеде шығарылған өнімнен маңызды түрде ерекшеленетін жаңа өнімді өндіруге ұмтылады.

 

Мұндай инновациялар ереже бойынша жаңа технологияларға немесе қолданылып отырған технологияларға жаңа түрлерін қосып, жұмыс атқаруға негізделген.

 

Процесс-инновация өндірістік процесті немесе олардың жиынын жаңа немесе жұмыс істеп отырған құрылымын маңызды түрде өзгерте отырып қолдануды білдіреді.  ...

 

 

 

2 Инновациялық қызметті ұйымдастыру мен қаржыландыру

 

... Технопарк - бұл ғылыми-өндірістік аумақтық кешендер, олардың негізгі міндеті - орта және шағын ғылыми инновациялық фирма-клиенттерді дамыту үшін максималды қолайлы орта жасау. Технопарк құрылымына ақпараттық-технологиялық, оқу, кеңестік, ақпараттық, маркетингтік орталықтар, сонымен қатар өндірістік зона ене алады. Әрбір осы орталықтар әртүрлі кеңес беру, мамандарды қайтадан даярлау жөніндегі қызметтер ұсыну, ақпаратты белгілі бір технология бойынша беру және іздеу жөніндегі жұмыстардан тұратын арнайы қызмет жиынын білдіреді. 

 

Бизнес-инкубатор – бастаушы кәсіпкерге жаңа бастайын деп отырған жеке істерін жүргізу жөнінде мәліметтер беретін, оларға құқықтық, экономикалық және кеңес беру көмектерін жүргізетін ұйым.

Технополистер университет немесе басқа жоғары оқу орындарынан, ғылыми-зерттеу институтарынан, сонымен қатар тұрғылықты аудандардан тұратын ірі, заманға сай ғылыми-өндірістік кешендерді білдіреді. Бұл жерде жаңа ғылыми бағыттар мен ғылыми өндірістерді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

Технологиялық жаңалықтардың бір формасы – тәуекелдік бизнес ретінде анықталатын венчурлік бизнес. Венчурлік бизнес ғылыми зерттеудің нәтижесін ғылыми және нәтиже алу кепілдендірілмеген, сонымен қатар тәуекелдіктің үлкен үлесі бар бірінші кезекте жоғары технологиялық облыстарды коммерциялау үшін тән. Венчурлық фирма дегеніміз алдын-ала табысы анықталмаған, яғни тәуекелге барып капитал салу арқылы жаңа технология мен өнімді енгізу және жасақтаумен айналысатын ғылыми-техникалық фирма.

Шағын кәсіпорындар инновациялық кәсіпкерліктің дамуында маңызды рөл атқарады. Өз кезегінде венчурлық бизнес, шағын бизнестегі инновациялық кәсіпкерді ұйымдастыру формаларына қарағанда біршама артықшылықтарға ие – жоғарғы икемділік, серпінділік және басқалары. Венчурлық кәсіпкерлік тәуекелді бөлу және тарату шарттарына негізделеді. Ол өз қаражаты жеткіліксіз идеяның авторларына осы идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Венчурлық бизнес АҚШ-та пайда болып, сол жерде кең тараған. Кез-келген шағын инновациялық бизнес шектелген материалдық және қаржы ресурстарына ие, әлсіз ғылыми-техникалық базасы мемлекет тарапынан тиімді қолдауға мұқтаж. АҚШ-та шағын инновациялық бизнеске мемлекеттік көмек берудің кешендік бағдарламасы жасалған және қазіргі таңда қызмет атқарып отыр. Ол федералды бюджет арқылы шағын кәсіпорынды тікелей қаржыландырудан, осы кәсіпорынды келісім шарт түрінде министрлікпен және ведомоствалармен қаржыландырудан, қолайлы салық заңдылығы мен амортизациялық климаттан құралады. АҚШ-тағы венчурлық бизнестің мәні – инновациялық фирмалар инвесторлармен ұсынылатын қаражаттар арқылы, яғни құрылатын компанияның жеңілдетілген бағасы бойынша акцияларды сатып алумен алмасу арқылы өз идеяларын жүзеге асырады.

Қазақстанда венчурлық кәсіпкерлікті дамыту үшін қажет заттардың бәрі бар. Бірақ та келешекте алдымен құнды қағаздар нарығын және интеллектуалды қазақ нарығына шетелдік фирмалардың енуін қарынды түрде арттыру қажет. Мұндай ену тікелей экспансия сипатына ғана ие емес, сонымен қатар отандық инновациялық жобаларға инвестиция құю формаларына да ие болады. Оның біреуі – мемлекеттік интеллектуалды меншікті жасырын түрде жекешелендіру, яғни мемлекеттік кәсіпорындар мен ғылыми зерттеу ұйымдарының қызметкерлері шағын инновациялық бизнеске өтуі. Қазақстандық кәсіпкерлердің маңызды инвестицияны талап етпейтін жаңалықты енгізумен айналысатынын айта кету керек. ...