Курсовая работа: Заңды тұлғаны таратудың құқықтық шарттары


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
26

Мазмұны

 

 

Кіріспе. 2

1 Заңды тұлғаның құрылу табиғаты.. 4

1.1 Заңды тұлғаланың ұғымы.. 4

1.2 Заңды тұлға ұғымының жіктелуі. 7

2. Заңды тұлғаның құру ерекшелігі мен қоғам үшін маңызы. 11

2.1 Заңды тұлғаның құру негізі 11

2.2  Заңды тұлғаның ерекшелігі. 13

2.3 Заңды тұлғаның құқықтық әрекет қабілетінің пайда болуы және тоқтатылуы   17

2.4  Шетел мемлекетіндегі заңды тұлғалар. 19

3. Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаның құру мәселесі. 21

Қорытынды.. 24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26

 

 

1 Заңды тұлғаның құрылу табиғаты

 

1.2 Заңды тұлға ұғымының жіктелуі.

 

 

... Бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға ол атауды меншіктейтін тұлғаның талабымен оны қолдануды дереу тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті. Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатыны және ұйымдылық-құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкін. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Азаматтық кодекстің 38-бабы заңды тұлғаның атауына байланысты қойылатын талаптармен қоса оған белгілі бір дәрежеде шектеу жасайды. Айталық, заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы келетін аттар болса, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімімен сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерінен) рұқсат алмаса, ондай есімдерді пайдалануға жол бермейді.

 

3. Заңды тұлғалардың тұрған жері. Заңды тұлғалардың тұрған жері іс жүзінде (міндеттемені орындауда азаматтық істерді сотқа беру және т.б.анықтауда да) өте маңызды. Азаматық кодестің 39-бабында заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылатынын және заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен – жайы жазылып көрсетілетіндігі қарастырылады.

 

4. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері. Азаматтық кодестің 43-бабына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады. Ал заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын оның атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерін құрған заңды тұлғаның мүлкі беріледі және оның бекіткен ережелері негізінде жұмыс істейді. Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларының заңды тұлға уәкілдік берген орган тағайындайды және оның сенімхаты негізінде жұмыс істейді. Сөйтіп филиалдармен өкілдіктер басшылары (филиал мен өкілдіктің өзі емес) заңды тұлғаның өкілі ретінде әрекет етеді. Филиал немесе өкілдік басшысының өкілеттілігі филиалды немесе өкілдік ережесімен емес, оған берілген сенімхат ретінде айқындалады. Филиалдар мен өкілдіктер басшыларының мәмілелері заңды тұлға атынан жасалады және ондай мәмілелерден туындаған міндеттемелік жауапкершілікті мүліктің бәрі өзіне еншілейтін заңды тұлға көтереді. Азаматтық кодекстің 42-бабының 4-тармағына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер заң құжаттарында белгіленген тәртіппен тіркеледі және оларды құрған заңды тұлғаның жарғысында көрсетілуге тиіс. ...

 

 

 

2. Заңды тұлғаның құру ерекшелігі мен қоғам үшін маңызы.

 

2.3 Заңды тұлғаның құқықтық әрекет қабілетінің пайда болуы және тоқтатылуы

 

 

... Заңды тұлғаларды қайта қуру және тарату. Қайта құру дегеніміз заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлыққа өтуіне байланысты тоқтатылу тәсілі болып табылады. Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Ерікті қайта құру заңды тұлғаның мүлік меншік иесінің немесе құрылтай құжаттары бойынша қайта құруға өкілеттігі бар заңк мкін.ды тұлғаның органының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

 

Ықтиярсыз қайта құру заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін (АК-тің 45-бабының 3-тармағы). Сөйтіп, Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды ықтиярсыз таратуды сот тәртібімен ғана реттейді.

 

Ықтиярсыз тарату тәртібі Азаматтық кодекстің 45-бабының 3-тармағында айқындалған, енді оны сөзбе-сөз келтіре кетелік: «Егер заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар: немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, болу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Аталған құжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болады".

 

Заңды тұлға, біріктіру нысанасында қайта құрылатын реттерді қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледі.

 

Заңды тұлғаны оған екінші бір занды тұлғаны біріктіру жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрінде біріктірілген заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың біріншісі қайта құрылған деп есептеледі. ...

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Астана, 2007ж

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – Алматы, 2006 ж.17бет

3. Өзбекұлы С. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы: «Жеті  жарғы » 2006 ж. 155-159 бет

4. Ашитов З.О. «Қазақстан Республикасының  құқық негіздері» - Алматы: «Жеті жарғы» 2003 ж. 35 бет

5. Жоламан Қ.Д «Мемлекет және құқық теориясы» - Алматы: «Каз МЗУ»,2000ж,110 бет