Курсовая работа: Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендетуді ынталандыру. Каменка асыл тұқымды мал зауыты


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Менеджмент, Экономика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
50

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ. 3

 

1 ТАРАУ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНIМIНIҢ ӨЗIНДIК ҚҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. 5

1.1 Өзiндiк құнның ұғымы,  мәнi мен түсінігі 5

1.2   Ауыл шаруашылық  өнімінің өзiндiк құнның ерекшеліктері. 16

 

2 - ТАРАУ  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ЫНТАЛАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ. 23

2.1 Ауыл шаруашылық өнімінің өзіндік құнын төмендетудің негізгі  факторы   23

2.2 Интенсивті технологияларды енгізу. 30

2.3 Ауыл шаруашылық өнімдерінің өзіндік құнын төмендету үрдісін ынталандыру жолдары.. 36

 

ҚОРЫТЫНДЫ.. 47

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 49

 

 

1 ТАРАУ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНIМIНIҢ ӨЗIНДIК ҚҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

 

       1.2   Ауыл шаруашылық  өнімінің өзiндiк құнның ерекшеліктері.

 

... Комбинациялы әдiс, өнiмнiң өзiндiк құнын есептеу әдiсi жоғары келтiрiлген бiрнеше әдiстi көздейдi. Сонымен, ауыл шаруашылығы ұйымдарында сүттi және төл басын есептеу кезiнде қосымша өнiмге жұмсалған шығындарды шығыру әдiсiн, кейiн пропорционалды әдiстi қолданады.

 

Өндiруге және өзiндiк құнды калькуляциялауға жұмсалған шығындардың есебiн ұйымдастыру аса маңызды жағдай ретiнде операциялық шоттардың мiндеттi есепшоттарын: жинақтау бөлу (25,26) калькуляциялық шоттарын (20,23,29) салыстыру (49) қаржы-нәтижелiк (99) шоттарды жабуды көздейдi. Бұлар есепшотты жабу операциялары деп аталады. Осылардың нәтижесiнде баланс есеп шотында ешқандай сальдо қалмайды.

 

Калькуляциялық есеп шоттарды жабу өнiмiнiң жұмысы қызмет көрсетудiң нақты өзiндiк құнымен есептелiнедi. Осыдан кейiн өнiмдi, жұмысты, қызмет көрсету жоспарлы бағалау болады, осы бойынша, олар есептi кезең бойынша бағаланады, аяқталған өнiм бөлiгi, шын мәнiндегi деңгейге дейiн жеткiзiледi.

 

Осымен калькуляциялық есепшоттар кредитi бойынша шартты айналымдар есепшоттардың дебетi бойынша ескерiлген нақты шығындарға дейiн жеткiзiледi. Ауыл шаруашылық ұйымдарында “малдардың өлiмiнiң ысыраптары” саласы бойынша мал шаруашылығы өнiмiн өндiру шығындары құрамында бордақылауда тұрған iрiлi-уақты малдың ысырабы, құстың, аңның, қоянның омартта аралықты ысырабы ескерiледi. Ауру-сырқауға немесе стихиялық апаттарға байланысты өлген малдар құны өнiмнiң өзiндiк құнына кiргiзiлмейдi, 99 “пайда және шығын"  есепшотының дебетi бойынша шығындар ретiнде ескерiледi. ...

 

 

 

2 - ТАРАУ  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ЫНТАЛАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ.

 

2.1 Ауыл шаруашылық өнімінің өзіндік құнын төмендетудің негізгі  факторы 

 

 

... Өнім өндіру барысында  қызмет көрсету шығындарын қысқарту өнімнің өзіндік құнын кемітеді. Осы шығындардың мөлшерін тек шығарылған өнім көлеміне ғана емес, олардың жалпы көлеміне де байланысты. Тұтас алғанда, цехтық және жалпы зауыттық шығындарды қысқартудың резервтері ең алдымен басқару аппаратын оңтайлау және арзандатудан, басқару шығынын үнемдеуден тұрады.

 

 Цехтық және жалпы зауыттық шығындар құрамына елеулі дәрежеде көмекші және қосалқы жұмысшылардың жалақысы кіреді. Қосалқы және көмекші жұмыстарды механизациялау жөніндегі шаралар жүргізу осы жұмыстарды атқаратын жұмысшылардың санын қысқартуға, демек, цехтағы және жалпы зауыттағы шығындарды қысқартуға алып келеді. Бұл жағдайда өндіріс процестерін автоматтандыру және механизациялау, өндірістегі қол еңбегі шығынының үлес салмағын қысқарту аса үлкен маңызға ие. Өндіріс процестерін автоматизациялау және механизациялау өнеркәсіп өндірісінде қосалқы және көмекші жұмысшылардың санын қысқартуға мүмкіндік береді.

 

Цехтағы және жалпы зауыттағы шығындарды қысқарту құрал-жабдықты пайдалану және басқа шаруашылық қажеттіліктер кезінде қосалқы материалдарды үнемдеп жұмсауға жәрдемдеседі.1 Өзіндік құнды кемітудің елеулі резервтері ақаудан болатын ысырапшылдықты азайту болып табылады. Ақаудың себептерін зерттеу, оның себептерін анықтау, ақаудан болатын ысырапшылдықты жою жөнінде шаралар жүргізуге, өндіріс қалдықтарын тиімді пайдалануға және  қысқартуға мүмкіндік береді. Өнімнің өзіндік құнын кемітудің резервтерін табу және пайдалану ауқымы басқа кәсіпорындарда бар озық тәжірибені зерттеу мен енгізудің маңызы зор.2

 

Өзіндік құнды кеміту екі көрсеткіш бойынша: салыстырмалы ауыл шаруашылығы өнімі бойынша; ауыл шаруашылығының 1 теңгесіне шаққандағы  өніміне жұмсалған шығындар бойынша жоспарланады. Салыстырмалы ауыл шаруашылығы өнімінің көрсеткіші бойынша, ең алдымен абсолюттік үнемдеу мөлшері мына формула бойынша анықталады:

 

 

 

                           Эабс.ср.т.п = Nni Cbi - Nni Cni

 

 

 

Жоспарланған кезеңдегі абсолюттік үнем жасаудың мөлшерін анықтау үшін, жоспарланған кезеңдегі өзіндік құнды кемітудің іздеп отырған пайызды табамыз (Sср.т.п): ...

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1. “2003-2005ж.  Азық-түлік  бағдарламасы”  Қазақстан  Республикасының  Президентімен  бекітілген.  5 маусым 2002 жыл №889.

2. Қазақстан  Республикасының  “Астық  туралы  заң”     19.01.2001ж. №143 -2  ҚР  заңы

3. Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  Кодексі.  Жалпы  бөлім.  Алматы:  “жеті  жарғы” 1998

4. Президенттің қазақстан  халқына  жолдауы.  Астана,  2004 жыл  19  наурыз ...