Дополнительный материал: ҒАЖАП ҒҰМЫР биография


Цена: 1 Скачать
Предмет:
История, Искусствоведение
Тип работы:
Дополнительный материал
Количество страниц:
11

ҒАЖАП ҒҰМЫР

 

 

 

... Шығармашылық жөні бөлек. Бородин жалғыз «Князь Игорь» операсымен тарихта қалғаны сияқты, Мұқан Төлебаев, басқа туындыларын былай қойғанда, жалғыз «Біржан-Сара» операсымен өнер тарихымызда өшпейтін ескерткіш тұрғызады. Осыдан басқа ештеңе жазбаса да жұлдызы жоғары болар еді. Оның халқына берген негізгі туындысы осы. Басқаларын санамалап жатпай-ақ қояйын.

 

         Өз басып көп уақыт Мұқаңның тәрбиесінде болдым. Өнегесін алдым. Бәлкім, бүгінгі шыққан биігім үшін сүйемелдеушілерімнің алдында қарыздар болсам, сол қарызымды өтеп жүрген болсам, ең алдымен Мұқаңды ауызға аламын.

 

         Байғали ДОСЫМЖАНОВ, халық артисі: - Туған халқына көп шығарма жазып, аз еңбек сіңіретіндер бар, аз шығарма жазым, көп еңбек сіңіретіндер бар. Мұқан Төлебаев - аз жазса да саз жазған ұлы композитор.

 

         Мен Мұқанмен Мәскеу консерваториясында бірге оқыдым. 1941 жылы соғыс басталғанда мен майданға аттандым да, ол денсаулығына байланысты Алматыға қайты. Соғыстан жарақат алып, мен де Алматыға оралған соң екеуіміз тығыз қарым-қатынаста болдық. Қиналған кездерімде қолымнан келгенше жәрдемімді беріп тұрдым. Ол «Біржан – Сара» операсын сол бір ауыр күндерде жаза бастаған еді. Осы үлкен шығармамен қатар ол өзінің «Кестелі орамал», «Майданан хат», «Соқ, барабан», «Жорық», «Тос, мені тос», т.б. ән-романстарын жазу арқылы замандастарының көңіл күйін білдірді, жігерлендірді және өзі де өнердегі жанрлық түрлі ізденістерге барып жүрді.

 

         «Біржан - Сара» операсын жазу кезінде Мұқан менімен көп ақылдасатын. Өйткені Біржан партиясын иірім-қайырымдарын игеруге менің дауысымның мүмкіндігін мұқият қадағалады. Көптеген композиторлар әншінің қарым – қабілетімен есептейді. Ал әншіге өлшеусіз салмақ түсірген кезде, мүмкіндігін ескермегенде, опера ойдағыдай шықпайды.

 

         Мұқан бұл операны әуелде «Біржан» деп атаған еді. 1945 жылы театрға тапсырды. Комиссия қабылдаған кезде Сара рөлінде ойнайтын Күләштің өтініші бойынша және басқа да жолдастардың ұсынысымен «Біржан – Сара» аталды. Бұл біздің өнеріміздің тарихында қазақ композиторының жеке жазған тұңғыш операсы еді. Ал оның музыка мамандары тарапынан, халық санынан өтіп, әділ бағасын алуы тек тұңғыш болғандығынан ғана емес. Бұл өзі итальяндық опералардың үлгісіндегі дүние. Алғашқы қойылымнан бастап-ақ «Біржан – Сара» операсының айы оңынан туды. 1949 жылы операның авторы М.Төлебаевқа, қоюшы-режиссеры Қ.Жандарбековке, Біржан рөліндегі - Ә.Үмбетбаев пен маған, Сара бейнесін сомдаған – К.Байсейітова мен Ш.Бейсековаға, суретшісі А.Ненашевқа Мемлекеттік сыйлық берілді. Опера қазақ өнерінің зор табысы ретінде бағаланды. Содан бері сахнадан түспей келеді. Кезінде «Біржан – Сара» операсын Мәскеуден Үлкен театрында қоймақ болып, либреттосын аударып жатқандар жазықсыз жазаға ұшырап, қойылмай қалған еді. Кейінен бұл операны Башқұрт театры сахнаға шығарды. 1974 жылы мен бұл операны театрда қайта қойып шықтым. Бұрын 4 актілі еді, кейін 2 бөлімді операға айналды. Дүние жүзіндегі кез келген ел итальян операларын қойюға тырысады. Ал әуенділігі, әсерлілігі жағынан «Біржан – Сара» да кез-келген елдің сахнасына лайық дер едім.

 

         М.Төлебаев республикамыздың қазіргі Әнұранының авторы. Қасына екі адамды қосып жазғанмен, шын мәніндегі авторы жалғыз, ол – Мұқан. Бұл да уақыт сынынан өтіп, лайықты бағасын  алды деуімізге болады. Сондай-ақ оның «Коммунизм оттары» дейтін кантатасы (қазір басқаша аталуда) өте үлкен шығарма. Бұл шығармасы биылғы мерейтойы кезінде орындалатын болатын.

 

         1958 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігін «Біржан-Сара» операсымен ашқанбыз. Біржан рөлінде-мен, Сара рөлінде – Роза Жаманова ойнаған еді.

 

         М.Төлебаев өте еңбекқор композитор болатын. Әр жазғанына қатал сын көзімен қарайтын. Жүрекке жеткізіп жазатын. Шығармашылыққа жүрдім-бардым, қалай болса солай қарамаймын.

 

         Мен өзімнің Мұқанға деген жолдастық парызымды өтеп жүрмін. «Біржан-Сараны» Германияға апарып қойғанымызды да жақсы бағаланды. Консерваториядағы ұстаздық қызметімде де шәкірттеріме көп айтамын, көп үйретемін.

 

         Бір арман – ол «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» операсын қолға алып, жазу үстінде, аяқтай алмай  кетті. Қағазға түскені – Қодардың бір ариясы, әйелдер хорының бір үзіндісі содан соң Жантық пен Қарабайдың бір кішкене диалогы – бары сол. Тірі болғанда, халқына берері көп еді. Бір тәубе етеріміз, оның мұрасы халқының жадында, жүрегінде.

 

         Базарбай ЖҰМАНИЯЗОВ, Қазақстан Композиторлар одағының бірінші хатшысы: - 1939 жылы біздің шығармашылық Одақтың іргетасы қаланыпты. Бұрынғы ауызша, әуесқой, суырып-салма, жыршы-жыраулық дәстүрлер енді жаңа арнаға көшіп, кәсіптік шеберліктің  қыр-сыры игеріле бастайды. Соған барлық күш-жігерін жұмсаған, өзінің қомақты үлесін, баға жеткісіз туындысын қосқан Мұқан ағамыздың еңбегі ешуақытта ұмтылмайды. М.Төлебаев, А.Жұбанов, Л.Хамиди, Е.Брусиловскийлер бастаған біздің профессионалдық музыка өнерінің көкжиегін кеңейте түсуіміз керек.Тек қана домбыра мен қобызды үйретумен шектелмей, музыка мектептерінде скрипканы, фортепианоны, т.б. меңгертуге тырысуымыздың бір сыры осында. М.Төлебаев тағылымы дала әуендерін еуропалық әуездермен әдемі үйлестіре білудің, үйлесімін таба білудің үлгісі. Әншілікке де, актерлікке де, режиссерлікке де жоғары кәсіби білім алу қажет. Сол арқылы мамандықтың құпия қалтарыстарына бойлап, жарқыратып жаңа қырларын ашуға болады.

 

         Мұқан ағамыздың мерейтойын биыл ең алдымен жаз шыға туған жері – Талдықорған облысында атап өту, одан соң күзге қарай Алматыда өткізу көзделуде. Нарық экономикасының қиыншылықтарына қарамастан, халқымыздың өнеріне өлшеусіз еңбегі сіңген адамдарды еске алу, соңында қалдырған мұраларын жас ұрпаққа, жаңа ұрпаққа насихаттап, таныстырып отыруымыз басты парызымыз. Біздің Одақ та Мәдениет министрлігімен, Консерваториямен, Опера және балет театрымен, т.б. шығармашылық атқаруды көздейді. Демеушілер тауып, М.Төлебаевтың шығармашылығын зерттеген өнертанушы мамандардың кітабын шығарсақ дейміз. Жаңа концерттік бағдарламалар әзірленбек. Композитордың  тойына өнер сүйер қауым, туған халқы түгелдей атсалысуы керек. Талант – тәңірден болғанмен, перзент - халықтікі.

 

         Жақында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен Талдықорған облыстық филармониясына аса көрнекті композитор Мұқан Төлебаевтың есімі берілгенін біліп, қуандық. Алматыдағы Мұқаңның – Мұқтар Әуезовтің, Сәбеңнің – Сәбит Мұқановтың музей-үйлері орналасқан ең бір тыныш көше бұрыннан М. Төлебаев атында. «Өнер» баспасы бұдан бірнеше жыл бұрын «Нұрлы жүрек» атты естеліктер кітабын шығарған-тұғын. Композитордың  өз шығармаларының толық жинағы мерейтойы қарсаңында қайта басылып жатса  құба-құп.

 

         Оның әуендері ұлттық шеңберге сыймайды, ұлтаралық кеңістікке арналған деген өнертанушы маманның сөзі мені қатты ойландырған. Рас, ұлы әуен, сырлы саз аудармашыны қажет етпейді. Бірақ бұл әуеннің ұлттық тамыры жоқ деген сөз емес қой. Егер М. Төлебаев қазақ перзенті  болмаса «Біржан-Сараның» дәл қазіргідей құдіретті опера болып дүниеге келуі екіталай. Бұл әр әуеннің де өз топырағы  болады дегенге саяды. Ал жалпыға бірдей түсінікті болуы – ұлы өнердің табиғатына тән қасиет. Ұлы шығарманы жұрттың бәрі де бірдей түсінбеуі де мүмкін ғой... Бұл ішкі  қарама-қайшылық емес. Ұлттық тамыры жоқ өнердің өрісі тар. Ал М.Төлебаев шығармалары – туған елінің тағдырымен тамырлас туындылар. ...