Курсовая работа: Ақшаның дамуы және нарықтағы маңыздылығы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Қаржы, Финансы, Қаржы
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
29

ЖОСПАР

 

 

КIРIСПЕ. 3

1 АҚШАНЫҢ  ДАМУ  ЭВОЛЮЦИЯСЫ,  ҚЫЗМЕТТЕРI  ЖӘНЕ НАРЫҚТАҒЫ  РӨЛI 6

1.1 Ақшаның даму кезеңдерi, қызметтерi және экономикалық мағынасы.. 6

1.2 Ақша - өтiмдi актив ретiнде және оның нарықтық экономикадағы рөлi 10

1.3 Ақша -  тауардың жалпы эквиваленті 12

ІІ ТАРАУ.  АҚША НАРЫҒЫНДАҒЫ ҰСЫНЫС ЖӘНЕ СҰРАНЫС.. 16

2.1 Ақшаға сұраныс және негiзгi мотивтерi 16

2.2  Ақша қаржы жаңалығы.. 21

2.3  өтімділікті талдау теориясы және ақша нарығындағы тепе-теңдік. 23

ҚОРЫТЫНДЫ.. 26

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 29

 

 

1 АҚШАНЫҢ  ДАМУ  ЭВОЛЮЦИЯСЫ,  ҚЫЗМЕТТЕРI  ЖӘНЕ НАРЫҚТАҒЫ  РӨЛI

 

1.3 Ақша -  тауардың жалпы эквиваленті

 

 

 

... Тауар өндiрiсiнiң тарихи даму барысында ақшаның ролiн  әр түрлi тауарлар атқарды. Әрбiр тауарлы өндiрiс тауардың жалпы эквивалентiн пайдаланды. Қоғамдық еңбектiң   бiрiншi iрi белiнуi нәтижесiнде малшы тайпалары пайда болып, олар айырбас  кұралы ретiнде малды қолданды.  Оның нақты түрi жергілiктi  жердiң  жаратылысына  байланысты  әр  түрлi  болды. Мысалы, далалық жерлерде тауардың жалпы эквивалентi

ролiн   жылкы,   өгiз   немесе   кой   атқарса,   шел   және   шөлейт жерлерде  -        түйе   қысы   ұзақ   тундрада бұғы атқарды. Ақшаның   айырбас   кұралы   қызметiн   мал   атқаруы   әр   халықтардың   ауыз   әдебиетiнде   сақталғаны   соншалық,   кейiн металдан соғылған ақшаны да мал атауларымен атаған. Мысалы,   латын   сөзi   "пекус"   "мал",   ал  "пекуня" -  "ақша"; үндiлердiң   ақша   өлшемi   "рупия" "рупа" - "мал"   деген сөзден шыққан.

 

Қазiргi кезде көп қолданылып жүрген "капитал" деген сөздiң шығу тарихы да мал атауымен байланысты көрiнедi, өйткенi ескi герман тiлiнде меншiгiнде көптеген мал басы болса, оның байлығын "капитал" деп атаған.

 

Кейiнiрек қолөнер кәсiбi дами бастаған кезде әр түрлi

халықтардың айырбасқа қолданған алғашқы тауары сирек кездесетiн аңдардың терiсi болған. Ертедегi скандинавтар мөлшерi әр түрлi тауарларды сатып алғанда оларды түлкi, сусар, бұлғын терiлерiне айырбастаған. Сiбiр халықтары айырбаста бұлғынның терiсiн қолданса, ал құндыздың терiсi

Солтүстiк Америкада жүрген. Сондай-ақ терi ақшаларын Моңғолияда және Тибет пен Памир тауларының етегiн мекендеген  халықтар кең пайдаланған. Ертедегi Русьте сусар терiсi айырбастың басты құралы болған. Оған дәлел мынандай мысал - 1610 жылы қарсыласының жаулап алған орыстың әскери кассасында күмiс 5450 рубль және терiден жасалған 7000 рубль болған екен [31;2.].

 

Ал теңiздердiң жылы жағалауын мекендеген тайпалар айырбас құралы ретiнде теңiзден шығатын қабыршақты (раковина) қолданған. Тарихта қабыршақтан жасалған әшекей  бұйымдарының бiраз атаулары сақталған. Солардың iшiнде  ең көп тарағаны ақшыл сары түстi, үлкендiгi түймедей - каури деп аталатыны. Әшекей ретiнде жiпке тiзғен каури Үндiстанда, Қытайда, сол сияқты Африканың Шығыс жағалауында және Цейлон мен Филиппин аралдарында ең алғашқы ақша ретiнде жүрген. Ал Америка үндiстерi кабыршақ ақшаны терiден тiгiлген белбеуге өрнек немесе аңдар мен құстардың бейнесiн салып қолданған.

 

Қабыршақ ақша материалының ең бiр орнықты формасы болып келдi. Себебi XX ғасырдың 70-жылдарының бас кезiне дейiн Соломоновтар аралдарындағы ақша айналымында қабыршақ ақшаның үш түрi: ең арзаны - курила (қара), галиа (ақ) және ең қымбаты - ронго (қызыл) жүрген.

 

Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретiнде кұлдарды пайдаланған. Мысалы, бiр құл үш сыйырға, алты бұзауға, он екi қойға теңгерiлген. ...

 

ІІ ТАРАУ.  АҚША НАРЫҒЫНДАҒЫ ¦СЫНЫС ЖӘНЕ С¦РАНЫС

 

 

 

2.1 Ақшаға сұраныс және негiзгi мотивтерi

 

 

... Бұдан байқап отырғанымыздай, жеке адам неғұрлым табысын көп бөлiп алған сайын, оның соғұрлым банкке  баратын шығындары көбейе түседi.

 

 Сақтық аргументi. Жеке адамда  ақшасы неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым ол адам шығынға аз ұшырайды. Сақтық мақсатпен қолда ақша ұстағанымен, кейбiр сауда-саттықтан өзiңдi-өзiң тежеуге тура келедi.

 

Көп ақша ұстағанымен, керек кезде адам ақша таба алмайтын кездер де болады. Мол ақшаны қолда ұстаған адам пайыз мөлшерлемесiн жоғалтады. Мұнда да сұраным келiсiмдерi қатынасындай келiсушiлiк бар. Кейде сақтық мақсаттармен аз ақша ұстау немесе   асығыс қарыз алу және көп ақша ұстау арасында сақтық баланстың оптималды саны болуы қажет. Бұл оптималды сан - өтiмдiлiкке қарсы пайыз шығындарын теңестiредi /5, 115 б/.

 

Жоғарыда айтып өткендей, керек кезде адамда ақша болмай қалуы мүмкiн. Ол жағдайда адам қарыз алады немесе иелiгiндегi белгiлi бiр мүлiктi сатуға тура келедi. Бұл екеуi де шығындармен байланысты, сол үшiн ондай жағдайды тудырмас үшiн қандай да бiр ақша қоры болуы қажет.  Осылайша, қауiпсiздiк мотивi ретiнде ақшаға сұраныс туындайды. Оның көлемi субъект алатын табысына тура пропорицонал болып табылатын кездейсоқ төлемдерге байланысты. Сол себептi қауiпсiздiк мотивi ретiндегi ақшаға сұраныс функциясы төмендегiдей болады:

 

**********

 

         Ақшаға сұраныстың алып-сатарлық мотивi.   Қазiргi   жағдайдағы экономикада экономикалық субъектiлердiң мүлiгi – бағалы қағаздар портфелi формасында болады, Яғни ақшалар, облигациялар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар түрiнде. Қорлану нәтижесінде – мүліктер құрылады. Қорлану шешіміне келу үшін, индевидке 2 мәселені шешуге тура келеді: табытың қай бөлігін жинау және өзінің қорларын қандай мүлік түріне айналдыру. ...

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

 

 

1. Сейiтқасымов ө.С. Ақша, несие, банктер.– А., Экономика, 2001.– 466 б.

2. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары.– А., Экономика, 2000. – 328 бет.

3. Линвид Т.Г. Макроэкономическая  теория и переходная экономика.– М., ИНФРА-М, 1996.– С.560 ...