Дипломная работа: Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Маркетинг
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
45

Мазмұны

 

КІРІСПЕ. 3

I-БӨЛІМ.МАРКЕТИНГТІ ЖОСПАРЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ.. 5

1.1.Жоспарлаудың мәні,методологиялық негіздері және көрсеткіштері 5

1.2  Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау. 9

II-БӨЛІМ.КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ.. 12

2.1.«Қант»ААҚ жалпы сипаттама. 12

2.2.«Қант»ААҚ маркетинг мүмкіндіктерді талдау. 19

III-КӘСІПОРЫННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ.. 26

3.1 Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері 26

3.2.Фирма өсу жолының стратегиялары.. 28

ҚОРЫТЫНДЫ.. 43

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 45

 

 

I-БӨЛІМ.МАРКЕТИНГТІ ЖОСПАРЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

 

1.2  Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау

 

... Көптеген ірі компаниялардың ұйымдық құрылымы төрт деңгейден тұрады.Олар-корпоративтік,бөлімше,бизнез-бірлік және өндірістік желі деңгейлері.Компанияның бас кеңесі іс-әрекетін келешекте пайда берсе,штаб-пәтер оның бөлімшелерін дамыту,бизнестің жаңа бағыттарын ашу немесе келешегі жоқтарын жабу туралы шешім қабылдайды.Компанияның әрбір бөлімшесі іс-әрект бағыттары бойынша ресурстар бөлінген жоспарын әзірлейді.Бизнес-бірліктің стратегиялық жоспары оны ұзақ мерзімді рентабельділікке,ал өндірістік желінің жоспары мақсаттарына жетуге бағыттайды.

Көптеген компанияларда маркетингтік жоспар стратегиялық және тактикалық екі деңгейде әзірленеді.Стратегиялық жоспар компанияның даму келешегін анықтайды, тактикалық-ағымдық міндеттерді шешуге бейімделген.Стратегиялық жоспар тек бір ғана өнім желісіне немесе нарық секторына байланысты жасалып қоймайды,ол кәсіпорынның барлық іс-әрекетін қамтитын бірыңғай жоспардан тұрады.

Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорындар негізінен стратегиялық жоспарлауда қарағанда, жедел жоспарлауды көбірек пайдаланады. Стратегиялық жоспарлау нарықтағы бәсекелестік күрестегі басты фактор болып табылады.

Стратегиялық жоспарлаумен айналысатын фирмалардың жетістіктері жоғары болатындығы зерттеулер нәтижесінде анықталған. Стратегиялық жоспарлаудың мәні болашақта технологиялық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістерге байланысты өсіп отырады. ...

 

 

III-КӘСІПОРЫННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ

 

3.2.Фирма өсу жолының стратегиялары

 

... Маркетинг кызметінің басқарушысы өткізу реакция функциясын алғашқы бағалауды өз фирмасы жұмысы туралы калай құрастыруы керек? Мұны үш тәсілмен орындауға болады. Біріншіден, статистикалық әдіс деп аталатын, демек, басқарушы өткенде сатылған көлем, маркетинг кешенінің айналмалы деңгейі туралы деректер жинайды және өткізу реакциясы функциясын статистикалық әдістер көмегімен бағалайды. Екіншіден, маркетингілік шығындар деңгейін және оларды бөлуді аналогиялы географиялық не басқа бірліктер бойынша түрлендіріп, кейіннен өткізу көлемінің нәтижелерін өлшеуге болатын тәжірибелі әдіс бар. Үшіншіден, қажетті шығындар деңгейін белгілерде эксперттердің негізделген болжамдарын басшылыққа алатын экспертті бағалау әдісі бар. Өткізу реакция функциясын бағалауға алынған деректерді коммерциялық мекемелер қалай пайдалануына болады?

4 суретте олардың көмектерімен маркетингілік шығындардың оптимальды деңгейі көрсеткішіне шығуға болатын бірнеше ирек сызықтар көрсетілген. Кілтті ирек өткізу реакция функциясы ирегінен басталық. Ол екі айырма-шылығына қарамастан 3 суретте келтірілген 5 - түрлі иректі еске салады. Біріншіден, бұл жағдайда өткізу реакциясы сатылған тауар бірліктер санымен көрсетілмей ол максимальды табыс деңгейіне сәйкес маркетингілік шығын деңгейін анықтауға мүмкіншілік беретін сатудан алынған ақша сомасын көрсетеді. Және, екіншіден, өткізу реакциясының нөл белгісінен жоғарыдан басталатыны көрсетілген, өйткені өткізудің біршама көлемі маркетингке шығынданбаған жағдайда байқалады.

Маркетингілік шығындардың оптимальды деңгейін анықтау үшін маркетинг басқарушысы өткізу реакциясы функциясынан барлық маркетингке жатпайтын шығындарды шығарып тастап, соның нәтижесінде вал табысы функциясын алады. Содан кейін маркетингілік шығындар функциясы нөл белгісінен басталып, маркетингілік шығынның бір доллары горизонталь бойынша вертикальдың әр он долларына қатынаста көлбей жоғары көтерілетін түзу сызық жүргізіледі. Содан кейін вал табыс функциясынан маркетингілік шығындар функциясын азайту арқылы табыс нетто функциясын шығарады Табыс-нетто функциясы маркетингілік шығын деңгейлерінің Мтөмен және Мжоғары пайдалы таза табысты көрсетеді, Міне осы маркетингілік шығынның рациональды диапозоны. Таза табыс функциясы өзінің максимумына М нүктесінде жетеді. ...

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1.Котлер Ф. Маркетинг негіздері:проф.М.Ізбасардың жалпы редакциялауы-мен ағылшын тілінен тәржімеленген-Алматы:Жазушы,2000.

2.Есімжанова С.Р. Маркетинг оқу құралы.-Алматы:«Эко»Баспа үйі,2005.

3. Есимжанова С.Р. Маркетинг в Казахстане:теория,методология,практика.-Алматы:Аян Әдет, 2001. ...