Доклад/Баяндама: Реферт: Ермұхан Бекмаханов -Скачать


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
История Казахстана, История
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
15

Жоспар

 

Кіріспе. 3

1. Ермұхан Бекмахановтың өмірбаяны.. 5

2. Саяси қайраткерлердің шығармалық жұмыстары. 8

3. Ермұхан Бекмахановтың «Ұлтшыл» деп айыпталуы мен ақталуы. 11

Қорытынды.. 14

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі 16

 

 

2. Саяси қайраткерлердің шығармалық жұмыстары.

 

 

... Бірақ ОК шақырған кеңес мақсатқа жеткізбеді, тарихшылар екі үдайы пікірде қалды, ал партия хатшылары жен сөз айтудан бас тартты. Бұган көңіл толмаған Панкратова ОК атына жазған хатында Яковлевтің көзқарасы "Қазақтардың ұлттық сезіміне терең саяу салады" деп көрсетті (Письма Анны Михайловны Панкра-товой.— Вопросы истории, 1988, № 11. с. 54-79). Кеңестен кейін Яковлевтің өзі Панкратоваға келіп "Қазак ССР тарихында" әр жерден 10 беттен артпайтын көлемде өзгеріс жасау қажет. Жалпы кітап жақсы", деп көлгірсуі екі жүзділік пе, әлде шындықты мойыидау ма? Түсіну қиын. Дегенмен кенестегі азшылықтың пікірі баспасөз арқылы елге тарап кетті М. Морозов дегеннін рецензиясы "Большевик" журналында жарияланды (1945, №6). Морозовтың казақ тарихының маманы еместігі ғылыми жұртшылыққа айдан анық. Ол негізінен кеңестегі теріс пікірді жинақтаушы ғана. Ал теріс пікірдің ауыртпалығы алдымен Бекмахановқа түсті. "Қазақ ССР тарихынын" "жағымсыз 10 бетінің" авторы 1943 жылы 28 маусымда Мәскеуде "Қазақтардың Кенесары Қасымұлы басқарған азаттық күресі" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ал 1946 жылы Бекмаханов докторлык диссертациясын қорғап, оны "Қазақстан XIX ғасырдың 20—40-жылдарында" деген атпен 1947 жылы жарыққа шығарды.

 

Осыдан соң Кеңесары көтерілісін сынаушылар анықтан-анық  Бекмахановқа ауыз сала бастады. Бұрын "Қазак ССР тарихына" бағытталған сын пікір Бекмахановтың монографиясына ауысты. Бұл әсіресе жергілікті сыншыларға жеңілдік туғызды. Өйткені бір адамға жабылу   "Қазақ  ССР  тарихының"  авторларына, беделді  ғалымдарға, мәскеуліктерге тиісуден гөрі оңайырақ болды.

 

Оның үстіне 1947 жылы Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің "Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының өрескел саяси қателері туралы қаулысынан кейін "байшылдар" мен "ұлтшылдарды" әшкерелеу науқаны басталған болатын. Яғни 47-жылы "37-жылдың" исі шыға бастаған.

 

Ең әуелі ВАК-қа Бекмаханов негізінен Рязановтың жарыққа шықпаған қолжазбасын пайдаланған деген арыз түсті. Бұл істі тексерген академик Дружинин плагиат туралы пікірді толық теріске шығарып дәлелдеп берді.[1]

 

1948 жылы 28 ақпанда КСРО Ғылым академиясының тарих институтында Бекмахановтың монографиясы талқыланды. Бұған Алматыдан әдейі келген тарих ғылымының кандидаты Айдарова қатынасты. Тарих ғылымының кандидаттары Т. Шойынбаев пен М. Ақынжановтың жазбаша пікірлері оқылды. Қазақстандықтар Кенесары қозғалысы реакцияшыл, феодалдық-моиархиялық ұлтшылдық сипатта деген ортақ пікір айтты. Бұларға Дружинин, Бахрушин, Вяткин, Кучкиндер қарама-қарсы шықты. Пікірталас қорытындысында академик Греков автордың жеке басына тиісу, оны буржуазияшыл-ұлтшыл деп айыптау ғылыми пікірталасқа жат әрекет екендігіне көңіл аударды.

 

Өкінішке қарай, Мәскеудегі дискуссия да шындыққа, ортақ пікірге жеткізбеді. Жанжал күшейе түсті. Осының дәлелі 1948 жылы шілдеде Қазақ КСР Ғылым академиясында Бекмахановтың кітабына арналған бес күндік дискуссияның материалдары. Мұнда кітапты сынаушылар тарапынан өте қатал пікір мен ұсыныстар болғаны көңіл аударады. Мысалы: "Бекмахановтың кітабы мазмұны жағынан негізсіз, буржуазияшыл ұлтшылдық сарындағы идеясыз еңбек. Сондықтан оны пайдаланудан дереу шығарып тастау кажет". Немесе: "Еңбек ғылыми жағынан шатасқан, идеялық жағынан зиянды", "Кітапты Мәскеуде қолдаған жолдастар Бекмахановтың... ұлтшылдық ауытқуын заңдандырып отыр". Сонымен "ұлтшылдар" қатарына мәскеулік ғалымдар да өтіп кетті.

 

20—40-жылдардағы Қазакстан жөніндегі қарсы пікірлердің тепе-теңдігін бұзуға "Правда" газеті көмекке келді. 1950 жылы 26 желтоқсанда бұл газет Шойынбаев, Айдарова және Якуниннің "Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндайық" деген қатал сын мақаласын жариялады. ...

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі

 

 

1. Абдраймов Н.А. - Сібір ведомоствосының Керей қырғыздары «Географические известия» №11 1866ж.

2. Абазак Түркістанды  жаулап  алу СПБ 1902.

3. «Бекмаханов Е.» Рухнама  Павлодар 2003  жыл. ...