Курсовая работа: Инвестициялардың есебі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Қаржы, Финансы, Қаржы
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
31

Жоспар

 

Кіріспе. 3

Инвестициялардың есебі 5

1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі 5

2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі 10

3. Қаржылық  инвестициялардың есебі 18

Қорытынды.. 31

Қолданылған әдебиеттер тізімі 32

 

 

2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі

 

 

...  Құн әдісі- инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.

 

Инвестиция сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын себептерінің қатарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар кәссіпорындаағы дивидендтерді  бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивиденттерді(табыстарды) аударуға шек  қойылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ақ , саяси хал – ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру туралы келісімдерде қарастырылған дивидендтерді  төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің  болуы мүмкін.

 

Егер де дивиденд инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды қайтарған болып саналады және инвестордың балансы сол сомаға азаяды.

 

Еншілес шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі. Еншілес шаруашылық серіктестік- негізгі серіктестіктің бақылауында болатын серіктестік. Бұндай бақылау қаржыландыратын объектнің 50% астам акциясын тікелей немесе емденсе жүзеге асуы мүмкін. Еншілес серіктестіктің көрсеткіштері  негізгі серіктестің қаржылық есеп беруінде, біріктірілген(консолидалынған) есеп беруінде көрсетіледі, бірақ онда қабылданған есептік саясаты ескеріледі, сондықтан олар мына екі әдістің бірін пайдалануы мүмкін:

 

-         үлестік қатысу әдісі;

 

-         ұзақ мерзімді инвестицияны есптеу әдісі.

 

Негізгі серіктестік өзінің еншілес серіктестігіне инвестициясын бөліп, біріктірілген (консолидалынған) қаржылық есеп беруін  жасайды, ол кезде барлық жергілікті және шетелдік еншілес серіктестіктерді өзіне енгізеді, тек ондағы мына жағдайларды қоспағанда:

 

-         егер еншілес серіктестік жақын  келешекте сату мақсатында алынған болса, онда олар оның уақытша бақылауында;

 

-         егер де еншілес серіктестік ұзақ  мерзімді қатаң шектелген жағдайында әрекет ететін болса, бірақ бұл соңғы жағдай негізгі серіктестіктің қаражатын қайтару қабілетін төмендетеді.

 

Негізгі серіктестіктің біркітірілген есебіне енбей қалған жағдайда қаржылық инвестициясының есебі бойынша ескеріледі.

 

Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі.

 

Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестицияны жүзеге асыруы – бірлесіп жасайтын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестікте өзінің қатысу үлесі бойынша топшылаған келісім- шартын жасайды.                                Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар активтерді бірігіп алады, жасалған шығындарды таниды және алынған табысты анықтайды. Олардың әрқайсысы өз атынан мәміле  жасай алады, өз қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды тарта алады. Бұл кезде бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлға басқа да бірлескен қызметтерді келесі нысанында жүзеге асыруына болады: ...

 

 

 

3. Қаржылық  инвестициялардың есебі 

 

 

 

... Инвестицияларды мүліктік түгендеу. Түгелдеу басқа кәсіпорындарға берілген заемдарды, басқа кәсіпорындардың жарлық капиталына салынған салымдардың үлесін, мемлекеттік және жергілікті заемдардың пайыздық облигациясын, басқа кәсіпорындардың бағалы қағазына салынған қысқа және ұзақ мерзімді инвестицияның нақты барын анықтауғак мүмкіндік береді.

 

  Құнды қағаздардың(акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес бағалы қағаздар ретінде шығарылатын басқа құжаттар)  нақты барын тексергенде: құнды қағаздардың баланста есептелген құнының дұрыстығы; құнды қағаздың сақталуы (бухгалтерлік есептің мәліметтерімен оларды нақты барын салыстыру жолымен); құнды қағаздар бойынша табыстардың уақытында және олардың есепке толық алынуын анықтайды.

 

  Құнды қағаздарды кәсіпорында сақтаған кезде кәсіпорынның басшысы белгілеген мерзімінде тиісті түгендеуден өткізіп отырады және оны кәсіпорынның кассасындағы ақша қаражаттарын түгелдеу процесімен бірге жүргізеді.

 

  Құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу жекелеген эмитенттер бойынша актіде атауын, сериясын, нөмірін, номиналдық бағасын, өтелу мерзімдерін және жалпы сомасын көрсету және басқа да көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Әрбір құнды қағаздың реквизиттері кәсіпорынның бухгалтерясында сақталатын тізімдердің (реестрлердің, кітаптардың) мәліметтерімен салыстырылады.

 

  Банкке немесе депозитарийге (құнды қағаздарды сақтайтын арнайы орын ) өткізілген құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің тиісті шоттарындағы сомасының қалдықтарын банктің немесе депозитарийдің мәліметтерімен салыстырылады. Бұл мәліметтер мүліктік түгелдеу  кезінде банктен немесе депозитарийден арнайы сұраным арқылы алынған мәліметтермен салыстырылады.

 

  Кәсіпорынға тиісті құнды қағаздарды мүліктік түгелдеу кезінде олардың құнын бағалау, акциясына кәсіпорын ие болып отырған акционерлік қоғамдардың, қор нарығының жағдайы және қор биржаларындағы акциялардың бағамы туралы мәліметтер ескеріледі.

 

  Ел ішіндегі құрылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына кәсіпорынның аударған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясының қаражаттары , сондай – ақ басқа кәсіпорындарға берілген заемдары мүліктік түгелдеу кезінде  тиісті құжаттармен куәландырылады.

 

  Қаржылық инвестицияларды мүліктік түгелдеу нәтижелері «Құндылықтар мен қатаң есеп беру құжаттарының» бланкілерінің тізбесінде көрсетіледі.

 

  Егер мүліктік түгелдеу кезінде әр түрлі дебиторлармен және басқалармен есеп айыррысу шоотарына құны жазылған инвестициялар анықталса, онда мұндай сомалар алынып, инвестициялардың тиісті шоттарына аударылады.

 

  Мүліктік түгелдеу кезінде банкрот болып жариялаған немесе жойылған (инвесторларға тиісті талап қоймаған) кәсіпорындарға салынған инвестициялар анықталуы мүмкін.

 

  Мүліктік түгелдеу комиссиясы инвестиция салынған кәсіпорындағы өзгерістерді, меншік түрінің ауысуын, инвестиция салынған кәсіпорындарды шетелдік инвестордың сатып алуын және басқа да жағдайлары анықталуы мүмкін. Осы да және басқа да жағдайларда мүліктік түгелдеуді жүргізетін комиссия тиісті шешімдер қабылдауңы қажет, ал бухгалтерия оны есепте көрсетуі керек.

 

  Төменде инвестицияларды мүліктік түгелдеу нәтижелері бойынша жасалған шоттар корреспноденциясы көрсетілген. ...

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

1. В.К.Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин, В.В. Радостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы, 2003 жыл.

2. В.Л.Назарова «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» оқулық жалпы ред. Мамыров Н.К. , Алматы, Экономика 2005 жыл.

3. Қазақстан Ұттық энцеклопедиясы, Алматы 2006 жыл. ...