Доклад/Баяндама: Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
История, Культурология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
7

... Санкт-Петерборға 20 жасында келген Әлиханның  студенттік күндерін қалай өткізгендігі  жайында Англияның әйгілі білім ордасы – Оксфорд  университетінің «Орта Азияны зерттеу қоғамы» өзінің «Қазақтар 1917жылға дейінгі орыстар туралы» ата кітабында «Ә. Бөкейхан... Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді араласып әрқашан да әсіресе солшылдарға  ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастаға ол экономикалық материализм қағидаларын дес бермей  қорғайтын» - деген мәлімет берілген . Ал Санкт – Петерборлық « Новая жизнь» газета 1906ж «Ә. Бөкейхан 1894 ж , Орман институтының 4-ші курс студенті күндері студентік толқуларға қатынасты...» - деп жазды. Жоғарыда берілген құжат үзінділерінде айтылғандай, Әлихан күнделікті сабақтарына қоса, студенттердің саяси, әдеби, экономикалық  және т.б. студентік үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Осы жылдары Әлиханның саяси көзқарасы  өалыптаса бастайды, екі ғасырға жуық Ресей

 

Империясының қол астында отырған ескі феодалдық қарым –қатынастарда әлі арыла  қоймаған, рулық, феодалдық күрес – тартыстан көзін аша алмаған туған халқының тағдыры  оны қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандық шырмауынан құтыла алмай отырған халқына, ең алдымен, білім мен мәдениет керек екндігін анық ұғады. Халқын Еуропаның мәдениеті жоғары елдері санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын, мідениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етеді.

 

Құжатханалардан табылған материалдарға қарағанда, Әлихан жандармерия баспанасының назарына алғашқы рет осы жылдары – ақ ілігіп, «саяси сенімсіздердің қара  тізіміне» алынады. Айта кету керек: Әлихан бұл тізімінен патша өкіметі күйреп,Кеңес өкіметі орнаған жылдары да – 1937 ж қыркүегінде «Халық жауы» болып атылып кеткенге  дейін де шыққан жоқ.Орман институтын ойдағындай бітіріп, Әлихан Бөкейхан 1894 жылы Омбы қаласына қайта оралады. Әлиханның Омбыдағы жылдары оның көрнекті қоғам,саяси қайраткер ретінде де, педагоктық,ғалымдық, әдибиеттанушылық талантын жан-жақты ашып берді. Сонымен қатар, ол Омбыда патшалық тәртіптің қуғын-сүргінінде көрді, екі рет заңсыз-сотсыз абақтыда да отырды.

 

 Әлихан Бөкейхан –ормантанушы ғалым, экономист.Ол қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін,мәдениетін, шаруашылығын, төрт төлік малын, жер-суын, қысқасы, әлеуметтік-экономикалықжағдайын жан-жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі. Санк-Петерболдың Орман институтын орман экономисі мамандығымен бітіреді де,1894жылы Омбы қаласына қайта оралады. Оралған бойда алдымен төменгі дәрежедегі орман мектебіне қабылданып, екі жылдай өз мамандығы бойынша дәріс оқиды. 1896 жылдан  бастап Әлекең ғылыми жұмыстарға көңіл бөледі.

 

Әлихан Бөкейхан- қазақтын мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қойған бірегей ғалым. «Шербина экспедициясынан » кейін 1903 жылы С.П.Швецов бастаған Сібір темір жолы бойында орналасқан Челябі мен Том қалалары аралығын мекендеген қазақтардың мал шаруашылығың зертеуге бағытталған экономикалық экспедицясының басы –қасында болды. Экспедиця Сібір темір жол басқармасының тапсырмасы мен қаржысына жүргізілгенді. Әлекен өзіне экспедиця жүктеген мақсатқа сай, қазақтың қой және қой шаруашылығының егжей-тегжейін терен зерттейді. Сол өнірдегі қой шаруашылығымен қоса ол бүкіл қазақ даласының түпкір-түпкіріндегі, атап айтсақ, Жетісу, Сырдария бойындағы қазақтардың қой тұқымдарын, шаруашылықтарын түгел қамтып, бір-бірімен салыстыра отырып қарастырады соның нәтежесінде Әлихан қазақтын қой тұқымдары және қазақтың қой шаруашылығы жайында бұрын соды болмаған үздік монография жазды. Монографияда қазақы қойдын түрлі тұқымдары туралы, жем азығы, жайлымы, малдын түрлі ауруларымен емдеудін әдістері жайында, қысқасы , қазақтын қой шаруашылығына қажетті алуан түрлі мәліметтер берілген. Бұл еңгбек экспедициясының басқа материалдармен бірге «Материалы по экономическому обследованию раионов Сибирскои железнои дароги » деген үш бөлімнен тұратын кітап болып 1904ж Том қаласынан басылып шығады.

 

Әлихан Бөкейханның тұңғыш зерттеуі – «Женщина по Киргизкой былине» «Қобланды» атты көлемді мақаласы Ташкентте Түркістан генерал –губернатор- лығы   жанынан шығып тұрған « Түркістан уалаяты» газетінің 1899ж 9, 20 мамыр  және 3 маусым  күнгі сандарында жарияланды.  Зерттеуіне ол қазақтың жалпы ауыз әдебиеті шығармаларына шолу жасап, оларға академиялық сипаттама берді.

 

Әлекең «Қазақтың 1915ж 120 санды жарық көрген «Роман бәйгесі» атты мақаласында «Міржақып романы « Бақытсыз Жамал» кішкентай ғана кітап. Мен мұны «Қазаққа» сын жазбақ болып алып едім. ..»- деп жазды.

 

Әлихан Бөкейхан – тұңғыш Абайтанушы.     Абай Құнанбайұлының шығармашылығын жаңа заманның тынысы, лебі деп түсінді, қалыптасып келе жатқан  қазақтың жаңа ұлттық әдебиетінің  бастамасы деп бағалады ол. Сондықтан да Абайдың қалдырған мұрасын жинап халықына тезірек танытуға, таратуға асықты.Абайдың есімі мен шығармашылығын  орыс қауымына алғаш ретпаш еткен де Әлихан болатын.1906ж 9 қаңтарында жазықсыздан – жазықсыз тұтқындап Павлодар түрмесіне жапқан кезде, Әлиханның портфелінен Абай Құнанбайұлының  өлеңдері мен қара сөздерінің қол жазбалары табылған.                             

 

 Ә. Бөкейхан- көркем аудармашы. Әлиханның кейінгі ұрпаққа қалдырған  әдеби мұрасының ең көлемдісі – көркем аударма. Аудармаларының ішінде орыстың классик жазушылары Л.Н. Толстой, П. Чехов,В.Г. Короленко,  Д.М. Мамин- Сибиряк сияқты жазушылармен қатар, Еуропаның  өркениетті елдерінің қаламгерлері, мысалға Ги де Мопассан әңгімелері, сондай-ақ, үнді, түрік тктес Қырым халықтарының әдеби шығармалары және Антика дәуірінің әдеби  туындылары ұшырасады.Көлемі жағынан Ілекеңнің аудармалары әрқилы- қысқа- қысқа мысал ( Толстой мен Эзоп шығармалары) , әңгімелері, көлемді повестер, романдарға дейін кездеседі. Оқу ағарту мен ғылымның сан салаларын қамтитын мектеп оқулықтарының аудармалары тағы бар.

 

Әлихан    Бөкейхан көркем аудармаларының басым көпшілігі 20-30жж

 

аралығында , яғни 1922-1927жж  дейін КСРО Халықтарының  Ордалық  баспасындағы Қазақ секциясын әдеби қызметкері болып қызмет етіп жүрген кезінде аударғаны байқалады.

 

Әлихан Бөкейхан қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист. Оның қаламынан шыққан мақалалар Ресей астанасының «Сибирские вопросы », «Биржевые ведомости », «Новая жизнь» секілді газет-журналдарынан баастап, патша үкіметінің қаскөзі Жандармерияның қуғын-сүргіні салдарынан көшіп-қонып жүріп Омбы,Самара, Орынбор, Семей, Мәскеу сияқты қалалардың мерзімді басылымдарынан жиі көрініп тұрған. Қазақ тіліндегі тұңғыш мақаласы 1900 жылы « Дала уалаяты газетінен » көрінеді. Кейін келе татардың «Фікір », «Уақыт»; қазақтың «Серке », « Қазақстан » газетері мен « Айқап » журналы беттерінен оның мақаларының ұшырастыруға болатын-ды.Халықтың сана-сезімі мен ұлттық мәдиниетін көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын бағалай білген Әлихан Бөкейхан, қазақтың тұңғыш басылымы « Дала уалаятының газеті » жабылып қалған соң, қазақ тілінде газет басуды ұйымдатыруға жан салады. 1905 жылы Мәскеуде өткен орыстың «жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері » съезіне 5 миллионға жуық қазақ халқының атынан өкіл болып барып,съезідің Романов үйінде өткен мәжілісінде жасаған баядамасында ол былай дейінді: « Унас также преследуется школа с казахским языком, нас тоже давит цензура. Вот уже 13 месяцев, например, не могу добиться от цензуры разрешения на издание киргизского перевода 46-ти басен И.Крылова.Крестьянские начальники (большей частью бывшие ротмистры) не допускают при рассмотрении дел казахского ».  ...