Дипломная работа: Сот билігінің конституциялық-құқықтық негіздері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Құқық
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
53

Жоспар                                                                                                                                                                                                                                                     

 

 

 

Реферат. 3

КІРІСПЕ. 4

1-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ БИЛІГІ: ТАРИХЫ, ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ. 5

1.1Қазақстандағы сот билігі: түсінігі, белгілері және функциялары. 5

1.3 Шет мемлекеттерде сот билігін ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы. 23

1.4 Қазақстан Республикасындағы судьяның құқықтық мәртебесі. 27

2-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ БИЛІГІНІҢ ЖҮЙЕСІ. 30

2.1 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты. 33

2.3 Жалпы юрисдикциялық соттар. 35

2.2 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері. 38

3-ТАРАУ. СОТ БИЛІГІ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. 42

3.1 Қазақстанның сот жүйесін демократияландырудың өзекті мәселелері. 42

3.2 Қазақстан Республикасының сот жүйесіне алқа заседательдері институтын енгізу мәселесі. 44

ҚОРЫТЫНДЫ.. 48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 49

 

 

2-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ БИЛІГІНІҢ ЖҮЙЕСІ.

 

 

2.3 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері.

 

 

... Әділет біліктілік алқасының төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

 

Алқаның құрамына сонымен қатар: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі жіберетін екі депутат; Жоғарғы Соттың жалпы отырысы сайлаған жеті судья ( облыстық және оларға теңестірілген соттардың жалпы отырыстары ұсынған кандидаттар арасынан аудандық және оған теңестірілген соттың екі судьясы, облыстық және оған теңестірілген соттың үш судьясы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының екі судьясы); Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тағайындайтын прокурор; ғылым және білім беру саласындағы уәкілетті органмен  келісе отырып ғалым; Қазақстан Республикасының Әділет министрі тағайындайтын әділет органының қызметкері кіреді;

 

        Парламент Мәжілісі – Мәжіліс депутаттарын Алқаның құрамына екі жыл мерзімге жібереді. Алқаның қалған мүшелері де екі жыл мерзімге тағайындалады.

 

        Алқа өз жұмыстарын қажетіне қарай өткізеді, бірақ ол жылына төрт реттен кем болмауға тиіс. Алқаның шешімі отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.

 

        Судьялыққа кандидаттарын біліктілік емтиханын қабылдау – алқаның жауапты өкілеттіктерінің бірі болып саналады.

 

        Алқаның судья қызметіне тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижесі бойынша беріледі.

 

        Біліктілік алқасы Қазақстан Республикасы Президентіне аудандық және оған теңестірілген сот судьяларының, төрағаларының бос қызмет орындарына тағайындауға ұсыну үшін Әділет министріне кандидат ұсынады. Ал, Әділет министрі аталған ұсынымдарды бір ай мерзімде қарап, Республика Президентіне кандидатты судья қызметіне сайлау туралы ұсыныс енгізуі тиіс.

 

         Айта кететін мәселе, аудандық немесе оған теңестірілген соттың судьялары мен төрағаларының бос тұрған қызмет орнына кандидатураларды ұсыну өкілеттігі Республика Әділет министріне еліміздің Негізгі Заңының 82-бабының 3-тармағының талаптарына негізделіп беріліп отыр.

 

        Тегінде, осы аталған жағдай соттардың тәуелсіздігін нығайту принципіне сәйкес келмейтйн сияқты. Болашақта, еліміздің Конституциясы мен Біліктілік алқасы туралы заңдарына тиісті өзгерістер енгізу арқылы, Республика Президентіне аудандық немесе оған теңестірілген соттың судьялары мен төрағаларының бос қызмет орнына сайланатын кандидаттарды Әділет біліктілік алқасының төрағасы ұсынатын болып белгіленгені дұрыс еді. ...

 

 

 

3-ТАРАУ. СОТ БИЛІГІ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ.

 

3.2 Қазақстан Республикасының сот жүйесіне алқа заседательдері институтын енгізу мәселесі. 

 

 

... Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты континентальды немесе аралас жүйені енгізуді ұсынды. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының мүшелері негіз ретінде классикалық моделін енгізуді ұсынды. Олардың пікірінше, ұсынылып отырған жүйеде шешуші сөзді кәсіпқой судья айтады, ал бұл жағдай алқа заседательдер қызметі идеясын теріске шығарады. Ал классикалық модельде шешуші сөзді алқа заседательдері білдіреді. Сонымен бірге, олардың пікіренше, судьяны алқа заседательдерімен бірге кеңесу бөлмесінде қалдыруға болмайды. Себебі ол қарапайым азаматтарға қарағанда тәжірибесі мол, өз саласының маманы және білдірілген пікірлер ішінде басымдыққа ие бола алады.

 

Бұған қоса, алқа заседательдері қызметі жағдайында тараптардың жарыспалылығы ұлғаяды. Бұл тараптардың, соның ішінде мемлекеттік айыпталушының жұмысқа деген жауаптылығын артады. Сонымен қоса,  практикада судьяны негізінен “қатаң үкім” шығарады деп санайды. Егер де ол “жеңіл үкім” шығарса, сотталушы жағында деп есептейді ,яғни  оның қатаңырақ үкімі – бұл онша әділетті емес. Алқа заседательдері сотында судья шешім қабылдауда бейтарап болуға мүмкіндігі көбірек.

 

 Сонымен бірге, сотталушының ісі бойынша пікірі құқық қорғау органдары дайындаған материалдары негізінде процесске дейін қалыптасады. Бұл жердегі кемшілік  - судья қорғау жағының материалдарымен тек сот процесі кезінде таныса алады. Ал классикалық модельде, судьяның процесске дейін іс материалдарымен танысуға мүмкіндік болмайды. Судья алқа заседательдерімен бірге айыптау мен қорғау жақтарының дәлелдері мен позицияларын қарастырады.

 

Алқа заседательдеріне кандидатуралардытаңдау жүйесі соқыр сайлау негізінде жүзеге асырылады.Мысалы, 100 кандидатуралар тізімінен 12 алқа заседательдері таңдалады. Бұл таңдауда гендерлік, этникалық,  конфессиональдық баланс міндетті түрде сақталуы керек. Мысалы, АҚШ-тағыдай ақ адамның ісін  12 афроамерикандар қарамауы қажет. Алқа заседательдерінің тізімін сот секретары анықтайды деген пікір айтылып жатыр.

 

Негізінен мұндай жауапты істі қызметі жауаптырақ тұлғаға тапсыру қажет, бұл процедура толығымен  болуы қажет.

 

        Алқа заседательдеріне процесс үшін судьяның жарты жалақысына теңелетін ақы төленуі көзделіп отыр. Сонымен бірге, алқа заседательдері қолданылатын  жаза мерзімі 15-20 жыл болатын, ауыр немесе өте ауыр қылмыстарды қарастырады.

 

       Сотталушы ерікті түрде ісі алқа заседательдер сотымен қаралуын шешеді. Мысалы, Ресейде мұндай тәжірибені қолдануда. Алқа заседательдері соты тәжірибесінде маңызды  мәселе: олар тараптарға тікелей сұрақ қоя алмайды, тек қана судья арқылы.

 

       Алқа заседательдерінің қатысуымен нақты қандай істер қаралуы мүмкін, оның құрамы қандай болу керек деген мәселелер болашақта ғылым және тәжірибе жүзінде өз шешімдерін таба жатыр.  ...

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

 

 

 1.  Нормативтік актілер:

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Конституция Республики Казахстан. Алматы: “Қазақстан”, 1998, 96-б.

 

2. “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132-II Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы // Құқық қорғау органдары. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, 2002. – 154б. ...