Дипломная работа: Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Финансы, Қаржы
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
63

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ. 3

1 ТАРАУ. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ 5

1.1. Ақша-несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі 5

1.2 Ақша-несие саясатының теориялық негізі 11

1.3 Ақша-несие саясатын жүзеге асырудың құралдары.. 19

2 ТАРАУ. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ 24

2.1. Қазақстан Республикасының ақша реформасы.. 24

2.2. Қазақстан Ұлттық Банкінің 2000-2005 жылдарға ақша-несие саясатын талдау  27

3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.. 49

3.1. Қазақстанның ақша-несие саясатын жасаудың негізгі проблемалары және оларды шешу жолдары.. 49

3.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының  2006 – 2008 жылдарға арналған негізгі бағыттары. 51

ҚОРЫТЫНДЫ.. 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62

 

 

1 ТАРАУ. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ

 

1.3 Ақша-несие саясатын жүзеге асырудың құралдары 

 

 

... Ұлттық банк қайта есептеуге қатысты вексельдер сапасына қоятын талаптары заңменен бекітіледі. Есептеуге өтемділік мерзімі 6 айдан көп емес вексельдер, алдыңғы қатарлы эмитенттердің вексельдері, іс жүзіндегі вексельдер, төлеу орны Қазақстан Республикасының территориясындағы банкілер болып көрсетілген вексельдер қабылданады.

 

в) Ашық нарықтағы операциялар

 

Бұл әдіс орталық банкінің банкілік жүйеде бағалы қағаздарды сатып алу- сату операцияларын жүргізуді білдіреді. Коммерциялық банкілерден бағалы қағаздарды сатып алу коммерциялық банкілердің қаражаттарын ұлғайтып, олардың несие беру қаілеттілігін жоғарылатады, және керісінше. Орталық банкілер бұл операцияларды өте жиі пайдаланады.

 

Орталық банк коммерциялық банкілерге бағалы қағаздарды нарықтық бағаларменен сатуға, сонан соң 4-8 аптадан кейін қайта сатып алуға ұсыныс жасайды. Коммерциялық банкілер бұл операциядан пайыздық төлемдер алады.

 

Орталық банкінің бағалы қағаздармен нарықтық операцияларды жүргізу формаларына байланысты тіке және керісінше болып бөлінеді. Тіке операция дегеніміз қарапайым сатып алу-сату операциясы, ал кері операция бағалы қағаздарды сатып алып-сатып алдын ала белгіленген бағам бойынша міндетті түрде кері сатып алып-сату болып табылады. Кері операциялардың икемділігі, оның жұмсақ әсері бұл құралға атақ береді.

 

Ақша-несие реттеудің әдісі ретінде ашық нарықтағы операциялар алдыңғы екеуінен қатты айырмашылығы бар. Ең басты айырмашылығы - өте жұмсақ реттеді қолдану, өйткені бағалы қағаздарды сатып алу көлемі, сонымен қатар қолданатын пайыздық мөлшері орталық банкі саясатының бағытына қарай күнде өзгеруі мүмкін.

 

Ашық нарықта бағалы қағаздарменен операциялар Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының аз дамыған құралы ретінде танылады. Өйткені елімізде бағалы қағаздар нарығы дамымаған болып отыр. Ұлттық банкінің қазіргі кездегі мақсаты инвесторларды мемлекеттік бағалы қағаздарға деген сенімін жоғарылату болып табылады.

 

г) Ақша-несие саласын реттеудің басқа да әдістері

 

Экономикалық әдістермен қатар орталық банк коммерциялық банкілердің іс-әрекетін реттей отырып әкімшілік әдістерді де қолданады. Мысалға несие көлемін шектеу.

 

Бұл әдіс ақша-несиелік реттеу берілген несие сомасын көлемдік шектеу болып табылады. Бұл банкілердің ісіне тікелей әсер ету болып табылады. Мұндай несиелік шектеулер қарыз алушы мекемелерді теңсіз жағдайға әкеп соқтырады. Банкілер алдымен өзінің ірі фирмаларына несие беріп алып, кіші және орта мекемелері несиесіз қалып осы саясаттың құрбанына айналады. Сөйтіп елдегі бизнес іскерлігінің азайюына әкеледі.

 

Сонымен қатар орталық банк әртүрлі нормативтер орната алады, оларды коммерциялық банк қажетті деңгейде ұстап тұруы қажет болады. Оларға коммерциялық банкінің капиталдың жеткілікті норативі, баланс ликвидтілігінің нормативі, бір қарыз алушыға санағандағы қауіп-қатердің максималды мөлшерінің нормативі және тағы басқа толықтырылатын нормативтер жатады.

 

Мемлекет орталық банкі кейпінде саяси мәлімдемелер жасайды, ол банкирлердің азаматтық парызына өтініш жасайды. Кейде бұл мәлімдемелер белгілі бір әсер береді. Бірақ ең күшті құрал болып табылатын қауесеттер. Елдің хал-ахуалы тұрақсыз жағдайда бұл қауесеттер халықтың санасына қатты әсер етеді.

 

 

 

 

 

2 ТАРАУ. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

 

2.2. Қазақстан Ұлттық Банкінің 2000-2005 жылдарға ақша-несие саясатын талдау

 

 

... Банкілік займдарды қайтару осы кезеңде 402 млн.теңге болды. 01.01.04 жылы ұлттық валютадағы банкілік займдар бойынша шығынды несиелер жалпы сомамен 1810.9 млн.теңгені құрады, оның ішінде “Крамдсбанкке” – 1696.6 млн.теңге, “Ерминбанкіге” – 102.4 млн.теңге, “Цветметбанкіге” – 10 млн.теңге берілді.

 

Осы кезеңде жою процесі аяқталған банкілердің жалпы сомасы 1.02 млрд.теңге болатын қарыздардың күші жойылды.

 

5) Валюта нарығының хал-ахуалы

 

2000 жылы валюта бағамын қалыптастыру және ішкі валюта нарығының қызмет етуін қамтамасыз ету үшін Қазақстандық банкаралық қор биржасы құрылды.

 

Теңге бағамының долларға және рубльге қатынасы Қазақстандық банкаралық қор биржасында валюталық интервенцияларды ескере отырып белгіленді. Ұлттық Банк “экспорттық түсімнің 50%-ын міндетті түрде сату туралы” тәртіпті жасады.

 

Осы жылы теңгенің құнсыздануын тоқтатуға мүмкіндік болмады.

 

2001 жылы валютаны сатып алу-сату операцияларын бірте-бірте қысқартып отырды. Экономикадағы жағдайды ескере отырып валюталық бағам туралы, оның механизмдері мен құралдары туралы мәселелер қарастырылып бірегей (унификацияланған) қалқымалы бағамы қабылданды.

 

2001 жылы теңгенің жәй төмендеуімен байқалды, бұл теңгенің тұрақталуын білдіреді. Ұлттық Банкінің айырбас бағамын қалыптастырғанда тек интервенциямен ғана шектелді.

 

2002 жылы биржада Ұлттық Банк тек доллар бойынша интервецияларжасап отырды. Шілде айынан бастап Қазақстандық банкаралық қор биржасы Қазақстандық қор биржасына айналды. Теңгенің ресми бағамы биржалық және биржадан тыс нарықтың бағамының нәтижесімен аптасына бір рет белгіленіп отырды.

 

2002 жылы валюталық қауіп-қатерді хеджирлеу механизмі енгізілді.

 

2003 жылы құралдардың операциялық тәжірибесіне СВОП-операциялары енгізілді.

 

2003 жылы қыркүйек айында Қазақстандық қор биржасы Алматы қаржы құралдары биржасына айналды.

 

2004 жылы Ұлттық Банк реттелмелі қалқымалы айырбас бағамы саясатын әрі қарай жалғастырды. Теңгенің айырбас бағамын белгілігенде инфляция деңгейі, жалпы макроэкономикалық жағдай да ескерілді.

 

Ресейдегі қаржылық дағдарыс теңгенің тұрақтылығын бұзбады, бірақ бірте-бірте девальвациясына әкеле берді.

 

2004 жылы қазақстанның сауда әріптесі елдеріндегі, әсіресе Ресейдегі, ұлттық валюталарының құнсыздануы теңгенің қымбаттауына әсерін тигізді. Бағам жоғарлауының ел экономикасына теріс салдарын болдырмау үшін 2004 жылы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы теңгенің еркін айырбас бағамының режиміне көшу туралы мәлімдеме қабылдады.

 

Ұлттық Банк ішкі нарыққа қатысуын азайтып, бағаның күтілген тиімді шектен ауытқып кетпеуін бақылап отырумен шектелді.

 

2005 жылы валюталық реттеу және бақылау тетігі сыртқы және ішкі валюта нарығындағы жағдайды, жаңа қаржы құралдарының дамуын, инвестициялаудың шарттары мен жағдайларын ескере отырып жетілдірілді.

 

Экспорттық – импорттық валюта бақылауын жетілдіру жұмысы жалғасын тапты. 2005 жылы Ұллтық Банк еркін қалқымалы айырбас бағамын сақтап отырды. 2005 жылы айырбас бағам тұрақтылығымен байқалды. ...

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

1. “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” заңы, 30.03.95ж.

2. “Банк және банк қызметі туралы” заңы, 31.08.95ж.

3. Указ Президента РК об утверждений отчета НацБанка РК за 2005 год.

4. Постановление Правления Национального Банка РК № 518 от 8 декабря 2003 г. ...