Доклад/Баяндама: Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының механизмі


Цена: 2 Скачать
Предмет:
Экономика
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
14

Мазмұны

 

Кіріспе. 3

1 Бағалы қагаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы.. 7

2 Банктер бағалы қагаздардың эмитенттері ретінде. 8

3 Бағалы қагаздар нарығының кәсіби мамандары.. 10

4 Бағалы қагаздар нарығына басқа қатысушылар. 11

Қорытынды.. 13

Қолданылған әдебиеттер. 14

 

 

2 Банктер бағалы қагаздардың эмитенттері ретінде

 

 

... Бағалы қағаздардың жеке түрлерін талдап шығайық. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша акция дегеніміз — иесіне акционерлік қоғамның табысының бір бөлігін дивиденд түрінде алуға, акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және акционерлік қоғам жойылған жағдайда оның мүліктерінің бір бөлігін алуға құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Осы бағалы қағазға тән белгісі — оны тек акционерлік қоғам ғана шығарады және Жарғылық қорға қатысады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 2-мамырда шыққан «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заң күші бар Жарлығы акциялардың екі түрін жәй және басымдылығы бар акцияларды шығару мүмкіндігін бекіткен.

 

Жәй акция бойынша оларды иеленушілерге қоғамның тапқан табысына қарай дивидендтер төленеді. Қарапайым акцияны иеленушінің акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар, ол басқару органдарын және ревизиялық комиссияны сайлауға, бақылауды іске асыруға және іскерлік саясатты бекітуге қатысады,

 

Басымдылығы бар акцияны иеленуші табыс мөлшеріне қарамастан, кредиторлардан кейін, бекітілген дивидендтер алуға, сондай-ақ, заңды тұлға таратылған жағдайда оның мүлкін бөлуге қатысуына басым құқығы бар. Бұл акцияларды иеленушілердің Жарғымен басқаша көзделмесе, акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығы болмайды. Қазақстан Республикасының заңдарына, сәйкес, облигация дегеніміз — оны иеленушінің облигацияны шығарған тұлғадан, онда көрсетілген мерзімде облигацияның номиналдық құнын немесе мүліктік эквивалентін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация сонымен қатар, оны иеленушіге облигацияда көрсетілғен облигацияның номиналдық құнының бекітілген процентін немесе басқа да мүліктік   құқықтарды   алуға   құқық   береді.    Облигациялардың   мынадай түрлерін шығаруға болады:

 

а)   Ішкі мемлекеттік және жергілікті заемдардың облигациялары.

 

б)   Заңды тұлғалардың облигациялары.

 

Заңды тұлғалардың облигацияларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектелген серіктестіктер үш жыл аралығында шығынсыз жұмыс істеу шартымен шығара алады. Алайда, облигациялардың мөлшері эмитенттің Жарғылық қорының мөлшерінен аспауы керек.

 

Облигициялар бір тұлғаның атына, ұсынушы тұлғаға, процентті және процентсіз, еркін айналымдағы және шектеулі айналымдағы деп шығарылуы мүмкін.

 

Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңының 4-бабына сәйкес, туынды бағалы қағаздар дегеніміз — заңға сәйкес және өкілді органмен осындай деп танылған бағалы қағаздар. Атаулы анықтама туынды бағалы қағаздардың құзыреті мен мазмұнын анықтаудағы мемлекеттің позициясының белгіленбегендігін көрсетеді. ...

 

 

 

4 Бағалы қагаздар нарығына басқа қатысушылар

 

 

... Үшінші топ, және инвесторлар, яғни жеке адамдар, оның ішінде шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары әрқашан қауыпты. Статистика деректері дәлелдегендей олардың бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек 1/4 бөлігі ғана кейбір табысқа жетеді екен. Кейбір шағын кәсіпорындары табысты және болашағы бар екенін дәлелдеді.

 

Төртінші топ, бағалы қағаздар нарығы кәсіби мамандары, яғни брокерлер мен дилерлер. Олардың қолындағы хабарлар, керекті байланыс құралдары оларға бағалы қағаздар операциясын жүргізуге жеңілдік береді.

 

Эмитент — заңды тұлға, ол мемлекеттік орган немесе жергілікті басқару органы болуы мүмкін. Ал инвестор жеке адам немесе занды тұлға болуына құқылы. Олар бағалы қағаздарды өз қаржысына сатып алады. Инвестициялық институттар — заңды тұлға. Олардың ұйымдық түрлері әтүрлі болады. Бағалы қағаздар нарығына қатысушы – занды тұлғалар мемлекеттік лицензия, ал жеке адамдар мамандығы туралы аттестат алулары шарт. ...

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

1. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2001ж

2. Мақыш С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2000 ж ...