Диссертация: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі (1990-2006 жж.)


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
История Казахстана, История
Тип работы:
Диссертации
Количество страниц:
152

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

КІРІСПЕ. 3

1 Н.Ә. НАЗАРБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ РЕТІНДЕ ПАЙДА БОЛУЫН СЫНАУ.. 15

1.1 Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері 15

1.2 Н. Назарбаев еңбектерінің пайда болу объективтілігі, тарихи жағдайы және оларды сыныптау проблемалары.. 30

2 Н. Ә. НАЗАРБАЕВ КСРО-НЫҢ ЫДЫРАУ СЕБЕПТЕРІ ТУРАЛЫ.. 44

2.1  КСРО-ның ыдырауының саяси себептері 44

3 Н.Ә. НАЗАРБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІГІ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕК КӨЗІ 73

3.1 Н.Ә. Назарбаев тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қалыптасырудың алғышарттары мен маңызы, теориялық негіздері мен жолдары, кезеңдері мен ерекшеліктері  туралы   73

3.2 Н. Назарбаев еңбектері Қазақстан Республикасында президенттік билік институтының пайда болу және қалыптасу тарихының дерек көзі 86

3.3 Н.Ә. Назарбаев еңбектері Қазақстанның  мемлекетік тәуелсіздігінің атрибуттары тарихының дерек көздері 103

3.4 Н. Назарбаев ұлттық қауіпсіздік және мемлекетіміздің сыртқы атрибуттары туралы   125

ҚОРЫТЫНДЫ.. 143

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ 147

 

1 Н.Ә. НАЗАРБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ РЕТІНДЕ ПАЙДА БОЛУЫН СЫНАУ

 

1.2 Н. Назарбаев еңбектерінің пайда болу объективтілігі, тарихи жағдайы және оларды сыныптау проблемалары 

 

 

... Хроналогиялық принципке сай сыныптау да Н. Назарбаев еңбектерінің әр қайсының ерекшеліктерін анықтай түсуге мүмкіндік береді. Мысылы, 1993 жылы ҚР бірінші Констиутциясының қабылдануы елде парламентік-президентік саяси билік жүйесінің қалыптасуын заң жүзінде бекітсе, 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата заңымыз елде Президенттік басқару формасының орнағандығын заң жүзінде бекітті. Осыған сай еңбектердің де 1995 жылдың тамызына дейінгі еңбектер және одан кейінгі еңбектер болып сыныпталуы мүмкін.

 

Сонмен қатар, Н.Ә. Назарбаев еңбектерін тақырыптарына және мазмұнына қарай да сыныптау тәсілін пайдалануға болады. Оларды мазмұны жағынан: саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелерге, халықаралық қатнастарға немесе сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздікке, ұлттар достығына, қазақстар қауымдастығына, ұлт тарихына, ел келешегіне т.т. арналған еңбектер деп сыныптауға болады. Әрине, оның бәрі шартты түрдегі сыныптаулар екендігі түсінікті. Өйткені Н. Назарбаев еңбектері ел өмірінің барлық саласын қамтиды, сондықтан олардан әр алуан мәселелер бойынша маңызды мәліметтер алуға болады. Дегенмен шартты сыныптаулардың өзі де зерттеушіге зертеу мақсатына сай өз керегін табуға көмектесері күмәнсіз.

 

Пайда болу формасы жағынан да Н. Назарбаев еңбектері әр алуан болып келеді. Олар: заманхаттық сипаттағы еңбектер, естеліктер, ой толғаулар, сұхбаттар, Жолдаулар, баяндамалар, мақалалар т.т. Кейде осылардың бірнешеуі кездесетін күрделі еңбектер де бар. Олардың әр қайысы да өздеріне сай деректанулық талдау тәсілдерін қолдануды қажет етеді. Сонымен қатар Елбасы туындыларының арасында өзінің пайда болу формасы жағынан ерекше туынды болып табылатын - өлеңдер де бар. Н. Назарбаевтың халық арасына кең тараған бірнеше ән мәтіндерінің авторы екендігі көпшілікке белгілі. Бодандық қойнауында дүниеге келіп, бүгінгі күні еліміздің ән-ұранына айналған “Менің Қазақстаным” да Назарбаев сөздерімен толықтырылып, тәуелсіз елдің ән-ұраны дәрежесіне ие болды.

 

Н.Ә. Назарбаев еңбектері тарихи дерек көзі ретінде сақталу формасы жағынан да әр алуан. Олар бұхаралық ақпарат құралдарының негізгі түрін құрайтын – газет не жорналдарда, жеке кітаптар мен кітапшаларда және ақпарат көздерінің ең жаңа түрі - интернетте қазақ, орыс және басқа да көптеген ұлттардың тілінде сақталуда. Жәнеде солардың көбі қазақ немесе орыс тілінде тілінде пайда болған түпнұсқалық еңбектер болып табылады. Бұл деректану ғылымы үшін маңызы аса үлкен фактор.

 

Қорыта айтқанда, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көздері ретінде пайда болуының объективтілігі, КОКП-ның 1985 жылғы сәуір Пленумынан кейін басталған КСРО-дағы қоғамдық құбылыстармен тікелей байланысты. “Қайта құру” деген атпен басталған қоғамдық процесс КСРО-ның ыдырап, тәуелсіз республикалардың пайда болуымен аяқталды. Ал, ол, өз кезегінде, басқа да бұрынғы одақтас республикалардғы сияқты, Қазақстанда да жаңа мемлекет құруға алып келді. Осының бәрі Н.Ә. Назарбаев еңбектерінде бейнеленді. Демек, Н. Назарбаев өзі куә болып, белсене араласқан қоғамдық құбылыстар туралы жазу арқылы, тәуелсіз Қазақстан тарихының өзіндік ерекшеліктері бар маңызды дерек көздерін жасады.

 

Шексіз билікке ие болған КОКП басшылығын сынаған “Әділеттің ақ жолы...” атты кітабының КСРО өмір сүріп тұрған кезде пайда болуы, ондағы тәуелсіздік қарсаңында қалыптасқан елдегі жағдай туралы мәліметтердің шынайылық деңгейінің жоғары екендігін дәлелдесе, тәуелсіздік жылдары дүниеге келген еңбектерінде өз мемлекетімізді қайта қалыптастыру тарихының бейнеленуі Н. Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының маңызды жазба дерек көздеріне айналдырып отыр. Сонымен қатар, Н. Назарбаев еңбектерін пайда болған уақытына, мазмұны мен мақсатына, жаныры мен формасына қарай сыныптау, әр еңбектің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, сол ерекшеліктерге сай деректанулық талдау тәсілдерін қолдану қажеттігін көрсетеді. ...

 

3 Н.Ә. НАЗАРБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІГІ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕК КӨЗІ

 

 

 

3.1 Н.Ә. Назарбаев тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қалыптасырудың алғышарттары мен маңызы, теориялық негіздері мен жолдары, кезеңдері мен ерекшеліктері  туралы 

 

 

... Сонымен қатар, Н. Назарбаев “Тарих толқынында” қазақ халқы үшін өзінің ұлттық мемлекетін құру ісінің КСРО-ның күйреу салдарында аяқ астынан пайда бола қалған іс еместігін, КСРО-ның күйреуі қазақтардың ғасырлар бойы армандаған мақсатына қол жеткізуге тек мүмкіндік қана бергендігін айтқан. Ол аталарымыздың осы мақсатқа жету жолында қандай қиыншылықтарға болса да төзе білгендігі туралы: “Жатжұрттық басқыншылармен болған соғыстарда ауыр қырғынға ұшыраған, 30-жылдардағы этноциттің қаһарына қасқайып қарсы тұрған, тоталитарлы ғасырды бастан кешсе де мойымаған ата-бабаларымыз іс жүзінде қазақ ұлтының мүддесін қорғауға тиісті мемелекет құру мүмкіндігін ғасырлар бойы дайындады”-дей келе [131, 51 б.], ендігі жерде сол мүмкіндікті пайдалана білудің қаншалықты маңызды екендігі туралы: “Енді, бүгінгі таңда қазақ халқы келісті ғұмыр кеше алатын мемлекет құру жолында өз ішіндегі ара-дара келіспеушіліктің салдарынан қарқынын тоқыратып алса, мұны еш нәрсемен ақтауға болмайды”-дейді [131, 51 б.].

 

 Одан әрі Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекет құру ісінің аса жауапты да күрделі іс екендігі туралы: “Мемлекеттік құрылыс та немкетті қарауды мүлде көтермейді.Бұл – ұлттың өзін-өзі тануы жолындағы өте ауқымды әрі ұзақ мерзімді қамтитын аса күрделі жұмыс”-дейді [131, 54 б.]. Әсіресе, Н. Назарбаевтың бұл істегі сол мемлекеттің іргесін қалаушы негізгі ұлттың жауапкершілігіне ерекше назар аударғандығын айтуымыз керек. Ол: “Мемлекеттікке негіз салып берген халық ел ішіндегі ахуалдың бүгіні мен болашағы жолындағы жауапкершілікті арқалауға да дайын болуы керек.

 

Егер біздің халқымыз бүгінгі таңда басымыздан кешіп отырғандай жаңа мемлекеттің орнығар дәуірінде ұдайы болып тұратын қиындықтар мен мұқтаждықтарға және сонымен үндес тарихтағы терең өзгерістерге төтеп бере алмаса, онда берік мемлекеттік туралы үмітіміздің күйреу қаупі алдымыздан шығады. Сонымен бірге ұлтымыздың да өзін-өзі ара-дара етіп, қожырап тынуы мүмкін”-дейді [131, 54-55 бб.].

 

Демек, атап айтсақ, екі ғасыр тоғысында құра бастаған ұлттық мемлекетіміздің тағдыры “мемлекетке негіз салып берген халықтың”, яғни қазақ халқының қолында, өз кезегінде қазақ халқының тағдыры сол мемлекеттің беріктігімен тікелей байланысты. Сондықтан, қазақ халқы, мүмкін соңғы рет, тарихтың берген өз мемлекеттілігін қайта қалыптастырып, басқалармен терезесі тең ұлт ретінде өмір сүру мүмкіндігінен айырлып қалмауы тиіс. Олай болса, Н. Назарбаевтың сөзімен айтсақ қазақ үшін: “Бүгінгі таңда, ұлттық тұтастығымызға тұғыр болатын азат мемлекеттігіміздің құрлысын беріктей түсуден мәнді мақсат та, міндет те жоқ” [131, 56 б.].

 

Сонымен, қорыта айтсақ, ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында мүмкін болған тәуелсіз мемлекеттігімізді қайта қалпына келтіру сияқты аса күрделі де қиын, маңызды да жауапты, тарихи да тағдырлы істің басында тұрған Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбектеріне деректанулық талдау жасау, оның мемлекет құру барысында, осы істің теориялық негіздерін қалап, оның жолдары мен ерекшеліктерін, негізгі кезеңдері мен алғышарттарын ғылыми дәйектілікпен көрсете білгендігін дәлелдейді.

 

 Біріншіден, жаңа мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы көксеген ұлттық мемлекет құру туралы армандарының орындалуы болса, екіншіден, бұл тарихи тамыры тереңде жатқан бұрынғы мемлекеттеріміздің жаңадан жаңғыру еді. Үшіншіден, Қазақстан бір жүйеден екінші жүйеге өтуде революциялық емес, эволюциялық жолды таңдаған. Төртіншіден, жаңа жағдайға сәйкес жаңа мемлекет қалыптастыра білуде ескі мемлекеттік машинаны дұрыс пайдалана білу тактикасы өзін толық ақтаған. Бесіншіден, ең бастысы, жаңа қалыптаса бастаған ұлттық мемлекеттің тағдыры, сол мемлекеттің негізін қалаушы қазақ халқының қолында екендігін, өз кезегінде қазақ халқының тағдыры, сол мемлекеттің беріктігімен тікелей байланысты екендігін дәлелдеген.

 

Н.Ә. Назарбаевтың жасаған тұжырымдарының айқын дәлелі өмірдің өзі. Қазақстан халқының, қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін құру ісіндегі бүгінгі күні қол жеткізген табыстары. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихының келешек зерттеушілері ескеруге тиіс маңызды фактор. ...

 

3.4 Н. Назарбаев ұлттық қауіпсіздік және мемлекетіміздің сыртқы атрибуттары туралы

 

 

... Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті әлемдегі өз орнын анықтау үшін көп векторлы сыртқы саясат жүргізуге тиіс болды. Н. Назарбаев өз еңбегінде соның бәрін дерлік айтты. Сауд Аравиясына, Иран Ислам Республикасына, Жапонияға, Оңтүстік Кореяға, АҚШ-қа барған сапарлары туралы, Сингафур Президенті Ли Куан Ю-мен болған бір апталық кездесуі туралы жазбалары Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің сыртқы атрибуттарының қалыптасу тарихының маңызды дерек көзін құрайтындығы күмәнсіз. Ондағы мәліметтерді пайдалана білу еліміздің көпвекторлы сыртқы саясатының тарихын жан-жақты ашып көрсетуге көмектесері анық.

 

Сонымен, қорыта айтсақ, Н.Ә. Назарбаев еңбектері тәуелсіздік тарихының басқа да қырларымен қатар, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің ішкі және және сыртқы атрибуттары тарихының да маңызды дерек көзі болып табылады. ХХ ғасырдың соңына қарай әлем картасынан өз орнын алған дербес мемлекеттің өзіне ғана тән басты атрибуттары – ұлттық валюта – “теңге” мен Ел Ордасы – Астана қаласының пайда болуына бастамшылық жасап, бар жұмысын өзінің тікелей басқаруымен атқартқан адам ретінде, ұлттың қауіпсіздігі мен мемлекеттілігін сақтау мақсатында орасан зор жұмыстар атқарып, ел іргесінің беріктігін, ұлттың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында әлем алпуыттарынан кепілдік ала білген адам ретінде Н. Назарбаев еңбектерінің деректік орыны да, ғылыми құндылығы да ерекше екендігі талассыз.

 

Егер, ұлттық ақшамыз “теңге” тәуелсіздігіміздің экономикалық негізін қаласа, “Астана” Елбасының алысты болжай білер көреген саясатшы екендігін дәлелдеумен қатар, тәуелсіздігіміздің саяси символына айналды. Ал ядролық қарудан өз еркімен бас тарту қазақ халқын ажал құшағынан құтқарып, бейбітсүйгіш ел ретінде басқалармен терезесі тең дәрежеде қарым-қатнастар жасауға жол ашты. ...

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

                             

1 Назарбаев Н. Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда //Егемен Қазақстан. -2004. -13 қазан.

2 Ақбиев М. Президент шыққан шаңырақ // Өмір.-1992.-№1.-16-22 б.

3 Әбділдаұлы Б. Тұңғыш Президенттің туған жерінде // Ақ жол.-2003.-10 шілде.

4 Әзиев Ә. Алатаудан ұшқан ақиық // Орталық Қазақстан.-2001.-8-15 желтоқсан. ...